Разработка по дошкольному образованию на тему Ормандағы жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: Таным, шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Қоршаған орта таныстыру, жапсыру
Тақырыбы: Ормандағы жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктері мен ормандағы қысқы жабай жануарлардың тіршілігі туралы түсінігін қалыптастыру. Балалардың танымдық қабілетін оята отырып, жапсыру арқылы дербес ойларын шығармашылықтарын дамыту. Табиғатқа қызығушылығын аттырып, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : «Қысқы орман» картинасы , жабайы аңдардың суреттерінің слайды. Шиыршықталған жіңішке түрлі- түсті қағаз және желім.
Әдісі: Суретпен әңгіме , сұрақтар қою .

Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті. Қане, балалар қонақтармен амандасайық.

Балалар: Салематсыздар ма.

Тәрбиеші: Балалар оқу іс әркетімізді шаттық шеңбермен бастайық

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді біз білмейміз

Қуанасың сен де

Қуанамын мен де

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршамызға құрметпен

Бас иеміз біз!

Тәрбиеші: Қане, балалар, орнымызға отырайық. Балалар, мен сендерге «Бұл қай кезде болады?» деген тақпақ оқимын. Сендер жылдың қай мезгіліне арналған екенін табуларың керек.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып

Сырғып жастар ойнайды.

Кейде ұшып, кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

Балалар жауабы: Бұл тақпақ қыс мезгілі туралы айтылған

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Ал енді айтыңдаршы қыс мезгілінің өзіне тән қандай ерекшелігі бар?

Балалар жауабы:

Қыс мезгілінде күн суытады.

Қыс мезгілінде қар жауады.

Қыста мұз қатып, жер тайғақ болады.

Қыста боран соғып аяз болады.

Қыс мезгілінде күн күн қысқарып түн ұзарады.

Адамдар қалың, жылы киінеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің көптеген ерекшеліктерін біледі екенсіңдер.

Тәрбиеші: Ал енді қыс айларын кім маған атап береді?

Балалар жауабы: Қыс мезгілінің үш айы бар. Олар желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Жарайсың дұрыс айтасыңдар. Ал енді осы үш айдың әр қайсысының өзіне тән ерекшелігін жеке – жеке атап беріңдерші.

1. Бала: қыс мезгілінің алғашқы айы – Желтоқсан. Бұл ай желді, ызғарлы суық болады.

2. Бала: Қаңтар айында алғашқы қар жауып, үскірік аязы бет қариды, терезелерге қырау қатады.

3. Бала: Ақпан қыстың соңғы қысқы айы, қарлы боран соғып, мұз қатады.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, қыс айларына толықтай түсініктеме бердіңдер.

Тәрбиеші: қыс мезгіліне арнап жаттаған тақпақтарымызды еске түсірейік.

Бала:

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең

Құлағыңды тістеген

Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген

Бақша бауды, тауды да

Бояған ақ түспенен.

Бала:

Ертеңгісін байқадым.

Жердің беті ақ қырау

Дәл маржан деп атаймын

Төгілуге шақ тұр –ау

Өзеніме, көліме

Әсем ою ойыпты

Ағаштардың бәріне

Алқа тағып қойыпты.

Тосын сый – хат.

Тәрбиеші: балалар қараңдаршы менің қолымда әдемі конверт. Балабақшаға келсем, үстелімнің үстінде тұр. (ішінде таспа да бар екен.)

Жабайы аңдар (слайдпен таныстыру.)

1. Қоян қыста үйілген бұталардың, ағаштың қуыстарында қыстайды. Қыста ағаш қабығын жеп қоректенеді. Қоян жауларынан қорғану үшін терінің түсін ақ түске өзгертеді.
2.
Мынау түлкі. Балалар, қараңдаршы қандай әдемі. Түлкінің мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді. Түлкі інде тұрады.

3. Тиін- інін ағаштың қуысына салады. Тиін өзінің күзде жинаған азығын, ағаш қуысына жинайды. Оның үлпілдеген жылы тоны қысқы суықтан қорғайды.

4. Аю үлкен аң, ақылды жыртқыш. Қыста апанда ұйықтайды. Күзде аю бал жеміс - жидек жеп денесіне май жинайды. Аю қыста табанының майын жалап, аш болмауына көмектеседі .
5.
Қасқыр - жыртқыш аң.Қыста қасқыр дала жанауарларды аулап жейді. Ол апанда тұрады. Балалары бөлтірік деп аталады

Бұлан-Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі,тұяқты жануар. Түсі қыста қара қоңыр болады. Қыста ағаштың бұтақтарымен қоректенеді.



Аққала:

  • Сәлеметсіңдерме балалар! Мен өздеріңмен қайта қауышқаныма қатты қуанып тұрмын. Жаңа жылда ертеңгіліктеріңе келіп, сендермен көңіл көтеріп, ойнап, би билеп, ән салған болатынмын. Міне тағы да алдарыңа келіп тұрмын.

  • Сәлеметсіңбе аққала! Сенің келгеніңе бізде қатты қуанып отырмыз. Қайдан келесің, не жаңалығың бар?

  • Не себепті келгенімді артынан айтамын. Алдымен сендермен тағы да ойын ойнағым келіп тұр.

  • Жарайды. Біздің балалар да ойын ойнағанды қатты жақсы көреді. Ал ендеше, ойынға шығайық.

Ойын.

  • Ал аққала ендеше келген мақсатыңды айт.

  • Мені сендерге қар ханшайымы жұмсап жіберді. Сендердің білімдеріңді тексеріп кел деген.

  • Аққала тоқтай тұр. Қар ханшайымынан біз де бүгін хат алдық. Оның жіберген тапсырмасын орындадық.

  • О, қандай жақсы болды. Менің де тапсырмамды орындайтын болдыңдар. (тапсырманы көрсетеді)

  • О, бәрекелді. Өздерің бір тапқыр балалар екенсіңдер. Мүдірмей орындап шықтыңдар. Енді, рұқсат болса жүрейін.

  • Тоқта, тоқта аққала. Біздің балалар қазір осы жерде әртүрлі қолдарынан шыққан бұйымдар жасайды. Балалармен бірге болып сенде жасап үйрен. Біз де сен арқылы қар ханшайымына сәлемдеме ретінде балалардың жасаған бұйымдарын беріп жіберейік.

Қорытынды:

1. Бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде не туралы әңгімеледік?

2. Бүгін қонаққа кім келді?

3. Аққаланың қандай тапсырмаларын орындадық?