Рудный қаласы әкімдігінің
«Балдәурен» мектепке дейінгі
дамыту және тәрбиелеу орталығы» КМҚК
Тақырыбы: « Алтын күз»
Тобы: Екінші сәбилер
Құрастырған: Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова.
2015жыл
"Алтын күз" мерекесі.
Мақсаты: алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Зал іші күз мерекесіне сәйкес безендірілген.
Көңілді музыка әуенімен балалар қолдарына жапырақ ұстап кіреді.
Жүргізуші: Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген
Жылауық бұлттары бар қанат керген
Күз келді мезгілінде арқаланып
Күн бар ма байлығын ол тегін берген?!
Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ
Кеттік те қызу істі дереу бастап
Астық, жеміс, мақтасын- бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
- Армысыңдар, құрметті қауым, бүгінгі біздің балабақшада өткелі отырған "Алтын күз" мейрамына хош келдіңіздер.
Құттықтау сөз кезегі....
Қайың, терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ
Жерге түсіп шашылған
Жапырақтар қобырап
Аулаларға тарайды.
Жүргізуші: - Балалар! Сендерге күз ұнай ма?(Балалар жауап береді.) Бірақ, балалар, күз әртүрлі болады. Бүгінгідей - тыныш, алтын күз болады. Суық, жаңбырлы болады. Мен мұндай күзді білемін, мұндай күзде жылы үйде паналап отырғың келеді. Сендер мұндай ауа райында не істегілерің келеді?(Балалар жауап береді.) Ал менің кішкентай кезімде, ертегі тыңдап, көңілді де ашық күнді күз суретін салған ұнайтын.
Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)
Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың.
Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім .
Өрік: Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін.
Алма: Мен алмамын, алмамын
Тандайда қалар бәр дәмім.
Жүргізуші (Іннің бейнесіне келтірілген ширмаға келіп):
- Мына інде кім тұрады екен?
Міне баспалдағы
Баспалдақта мұңлы кірпі
Қолшатыры қолында
Сыбырлайды жәй ғана
Кірпі: - Мен ертегіден кеткенмін
Мен әннен де жоғалғанмын
Мен орманнан қуылғанмын
Мені мүлдем ұмытқан
Үйшігімді таптап кеткен
Езіп- жаншып, шашып кеткен
Кім мұнда бұзық болған
Ал, үйім менің - осы орман!
Жүргізуші: - Кірпі, сені біреудің ренжіткені, өте өкінішті- ақ. Қаласаң біз сенің көңіліңді көтерейік? Біздің балалар саған арнап ән айтып береді.
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып.
Хор: «Күз келгенде»
Жүргізуші: - Қалай көңілің көтеріле бастады ма?
Кірпі: Рахмет, сендерге, мен жаңадан достар таптым және қазір менің көңілім көтеріңкі. Барып, өзіме жаңа үй салайын!(Кірпі жүгіріп кетеді)
Жүргізуші: - Міне, қандай жақсы біреуге жақсы ісіңмен, біреуге жылы сөзіңмен көмектескен.
- Ой, кірпі қолшатырын тастап кетіпті! Қазір жауын жоқ болса да, күтпеген мезетте жаңбыр жаууы мүмкін. Ал, қолшатырсыз мұздай жаңбыр астында қалу өте жаман!
Би: «Қолшатыр»
Жүргізуші: -Қазір, біз "Кім жылдам " қызық ойынын ойнайық. Бұл ойында кімнің жылдам көкөніс жинайтынын байқаймыз. Ал, жинаған көкөнісімізді қолшатырымызбен бірге кірпіге апарып берейік.
"Кім жылдам " ойыны ойналады.
Аю пайда болады.
Жүргізуші: - Ой, аюжан! Неге сен көңілсізсің?
Аю: У-у-у(жылайды)
Жүргізуші: - Тұра тұршы жыламай! Мен сені түсінбедім. Мүмкін болса, сен бізге не болғанын түсіндірерсің?
Аю: - Бал жегім келіп еді, жаман аралар мені шағып-шағып тастады. У-у-у!
Жүргізуші: - Міне , енді түсінікті. Аралар кінәлі екен ғой! Аралар шақпасын десең, біреудің омартасына тиіспеуің керек шығар? Аюжан, қалай ойлайсың?(Аю жерге қарап, қызарып кетеді) Болар іс болған екен, сені емдеу керек. Бізбен бірге қалып, "Алтын күз "мерекесін тамашаласаң аралардың шаққанынан ізде қалмай сауығып кетесің. Ал, балабақшамыздағы бал салынған бөшкені сыйға берер едік.
Аю: - Жақсы болды, маған мұндай ем өте қажет.
Жүргізуші: - Ендеше, аюжан ормандағы достарыңның биін тамашалайық.
Би: «Жапырақтармен би»
Хор: «Күз ырғағы»
Жүргізуші: - Балалар, бәрің бір минутқа көңіл бөліңіздер.
Алтын тапсаң егерде
Айтар едім ертегі
Құлақ салып тыңдасаң
Шешерсіңдер тезірек
Шал кемпірге айтыпты
Пісірші маған ....
(Балалар жауабы: Бауырсақ)
Кемпір мен шал залға кіреді.
Шал: - Ұн мен майың бар екен
Илесеңші қамыр сен
Бауырсақты пісіріп
Тойдырсаңшы бәрін тез.
Кемпір: - Ұн мен майың аз болар
Оған тұз бен қант керек
Бар ынтам мен көңілді
Салайын мен барынша
Үлпілдеген ақ нанды
Пісіремін бәріңе.
(Ыдысын әкеліп қамыр илеп, бетін сүлгімен жауып қояды.)
Кемпір: - Май салынған қамырды
Илеймін деп шаршадым!
(Орындыққа отырып ұйықтайды. Шал да ұйықтайды.)
Ыдыс ішінен қатты дауыс шығады: - Ой, ой!
(Шал шошимын деп орындықтан құлайды да, орындықтың артына қорқып тығылады.)
Шал: -Бұл қайсың, менімен ойнап тұрған?
Қамыр:(ыдыс ішінен) - Ой! Мен қысылып барам! Маған ыстық!
(Тұрады, сүлгіні ысырып жібереді)
Қашып кетем ыдыстан
Жиегімен жүгіріп,
Болғым келмейді бауырсақ
Бұл жер жаман қапырық
Көтерілген қамырмын
Отырмаймын орнымда
Ыдысың да тар екен
Тар! Тар! Қашамын! (қашып кетеді)
Шал(кемпірді оятып): - Кемпір! Қамыр қашты!
Кемпір:- Ой, қалай ұйықтап қалғанмын!
(Есіктен жүгіріп шығып кетеді. Артынша кемпір мен шал бауырсақпен бірге кіреді.)
Екеуі бірге:
Ұсталдың ба, қап бәлем
Отырасың пеште сен
Піспейінше шықпайсың
Қызарған соң алармын.
Кемпір: - Бауырсақ піскенше біраз уақыт бар.
Жүргізуші: - Ата, әже, сіздер ұйықтап қалмас үшін билеп, сергіп алыңыздар.
Би: « Танец утят»
(Шал мен кемпір билейді)
Хор: «Күз – жомарт»
Кемпір: - Балаларды бауырсақтан ауыз тигізер уақыт келді. (Папье- машеден жасалған бауырсақ алмамен толтырылған)
Шал:- Бауырсағымыз жәй бауырсақ емес, алмасы бар бауырсақ екен. Жей қойыңдар, балалар! (Барлық балаға алма таратылады)
Жүргізуші: - Ата, әже, сіздерге балалардың атынан көп-көп рахмет! Бауырсақ тентек болғанымен, өзі тәтті екен. Балалар, бауырсақтың піскен кездегі түсі қандай? (Балалар жауабы). Дұрыс айтасыңдар. "Алтын күздей" сары болады екен. Балалар, күзді неге "Алтын күз" деп атайтынын білесіңдер ме? Себебі, мына бауырсағымыз ұннан пісіріледі. Ал, ұнымыз күзде алтындай сап-сары болып піскен бидайдан алынады екен. Бидайдан басқа жеміс-жидектер, көкөністер де күзде пісіп, еліміз астық-дақылдарға баитын болғандықтан "Алтын күз" деп аталады екен.
"Алтын күз" ертеңгілігі аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар.