Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту және тәрбиелеу үдерісін ақпараттандыруды жетілдіру жолдары.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсеткен. Сол себептен қазіргі танда даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту мен тәрбиелеу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Балабақшада ерте жастан бастап, баланың даму қабілеттерін, ой-өрісін дамыту үшін М.Монтессоридің технологиялары қолданылады. Бұл әдіс балалардың ұсақ моторикасын жетілдіруге жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, заманға сай тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру үшін Т.Бьюзен (ақылды карталар), Р.Луллий (Луллия сақинасы), В.Воскобовичтің (Коврограф «Ларчик», «Игровизор», «Квадрат Воскобовича», «Змейка», «Геоконт», «Чудо крестики», «Читайки», «Прозрачный квадрат», «Конструктор букв», «Кораблик плюх-плюх» және т.б.) технологиялырын білім беру саласында және күннің екінші жартысында пайдаланып, жас ұрпақтың білімін үздіксіз жетілдіреміз.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымластыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Назарбаев Н.Ә.: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтің шеберлік – дарынды талант емес, үйрену ізденудің нәтижесі».
Яғни, бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияның негізделуін және де ақпараттық құралдардың кеңіннен қолданылуын қажет етеді. Балабақшада оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану заманауи талабынан туындап отырған мәселе.
Балабақша ұжымы мемлекеттің қойған міндеттерінің қиындығын түсіне отырып, өз қызметтерінде мектепке дейінгі мекеменің күн тәртібін негізгі бағыттарды инновациялық дамытуға ауыстыруды анықтады. Бұл балаға қажеттілігіне, қабілетіне және мүмкіндіктеріне сәйкес құқығын жүзеге асыруды, ал педагогке өзінің кәсібилігінің сапасын дамытуды ұсынады.
Біз балабақшаның пәндік-дамытушы ортасын «алаң» ретінде қарастырамыз. Баланың ізденіс «алаңы» көркемдік-шығармашылық кешен түрінде үнемі өзгертіледі және өміршеңдік кеңістігі болып саналады, онда ол өзінің жеке мақсаттарын қояды, жетіктіктерінің құралдары мен амалдарын таңдайды, өзінің жеке жаңалықтарын ашады. Осындай орта балаларды тартады, оларға шығармашылық энергия береді, қызығушылығын оятады, бір нәрсені өзгертуге, өз қолымен жасауға ынтасы ауады, бұл баланың өздігімен жұмыс жасау түрі, оның жеке білімінің және тәжірибесінің қайнар көзі.
Педагогтардың ерекше көңіл аударуы балаларды тілдерге оқыту болып саналады. Білім беру үрдісінің басымдылығы бүлдіршіндердің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін игеруі. Педагогтер практика жүзінде қандай болмасын бала қызметінде тілдерді кіріктіреді, балалардың орыс және ағылшын тілдерінде сөздерді пайдалануын мадақтайды.
Мектепке дейінгі баланың жеке тұлға ретінде табысты дамуы шарттарының бірі білім беру үдерісінде дәстүрлі педагогикалық және заманауи технологияларды үйлесімді пайдаланатын педагогтердің ойлау стильдері және қызмет түрін өзгертудегі инновациялық үдерісі болып отыр.
Бұл міндеттерді шеше отырып, ұжым мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жағдаяттарын шешудің жаңа жолдарын іздеуде. Білім беру үдерісінде балабақша педагогтерінің заманауи технологияларды игерулерінің оң динамикасы байқалынып отыр.
Бізге білім беру үдерісінің тиімділігі мен нәтижелігін көтеру үшін инновациялық жобаларды пайдалану көмек береді: балабақша педагогтері авторлары мен құрастырушылары болып отырған тәжірибелі-эксперименталды қызмет, тілдерді оқыту, математикалық елестетулерді, түрлі деңгейде оқытуды пайдалану, музыкалық-шығармашылық дамытуда мектепке дейінгілерді интеграциялық оқыту жобалары.
Қазіргі танда педагогтардың 90 % компьютерді игерген және жеке қолдануға ие, Интернет желісіне қосыла алады. Интернетке жыға алатын, компьютер, мультимедиапроекторды қолдануда ағартушылық жұмыс жүргізетін педагог өзінің дәстүрлі технология шеңберінде ғана әрекет ететін әріптестерінің арасында сапалы орын алатыны сөзсіз. Ақпараттық технологияларды игеру интернет желісінде және электрондық тасымалдаушыларда бар мәліметтердің арқасында әдістемелік мәселелер мен білім беру қызметін мазмұны бойынша ақпараттар легін көбейтуге мүмкіндік береді. Ақпараттық-комуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану – балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзімен таңдап, талғап білуіне үйретеді.
Балабақшада жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану – бала танымын жан-жақты дамытудың құралы ретінде оқу қызметінің жоғарғы дәрежеде өтетінің байқалды. Мысалы: ҰОІӘ-де балалардың қызығушылығын оятып, танымын, ой-өрісін, шығармашылығын арттыру барысында флипфарт програмасын пайдаланамыз. Біздің тәрбиешілер флипчарт программасымен түрлі тапсырмаларды (құрастыру, сурет салу, жазу, кеңістікті бағдарлау) дайындап әр салада қолданады.
Ақпараттық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Педагогтардың ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілік деңгейін көтеруге қызығушылығы мынаған негізделген:
Дидактикалық материалдарды жасауда уақытты үнемдеу;
Материалды дайындауда көрнекілігіне басымдылық жасау;
Педагогикалық шеберліктің жаңа деңгейіне өту.
Педагогикалық ұжымдар педагогикалық практикада жаңа әдістемелік материалдарды енгізеді және кеңінен қолданады, яғни олар оқыту-білім беру үрдісінде инновациялық ойларды жүзеге асыру мен қарқындатуға бағытталған.
Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялармен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан жаңа стандарт негізінде жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрғандықтан, біздің педагогтарымыз өз білімі мен кәсіби деңгейін жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жетілдіреді. Заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеуде нәтижелі жұмыс жасау алға қойған басты мақсатымыз.
Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың білімді, коммуникативті, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Сондықтан балабақша әрі қарай заман талабына сай даму жолындағы жұмысын жалғастыруда.