Проспект на тему Эмоционалды интеллект

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[link] іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.

Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.

1990 жылы Питер Салоуей «эмоционалды интеллект» ұғымын «Эмоционалды интеллект» мақаласында алғаш жариялаған.

2.«Жел кімге қарай соғады?» ойыны
Ойынның барысы: оқушылар үлкен шеңбер бойына тізіліп отырулары шарт. Ал, ойынның жүргізушісі «Жел кімге қарай соғады?» деген сөздермен ойынды бастайды. Яғни, келесідей: «Жел жануарларды жақсы көретіндерге қарай соғады»- сол кезде, топтағы барлық жануарларды ұнататын педагогтар ортаға жиналады. Педагогтар бір - бірін жақынырақ танып білу үшін, ойын барысында қойылатын сұрақтар әртүрлі болуы мүмкін.
«Жел бойы ұзындарға қарай соғады», «кімнің достары көп», «
Кім балмұздақты жақсы көреді », «Кім өзін батырмын деп есептейді», «Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді », «Кім айнаға қарағанды жақсы көреді» және тағы басқалар.
Ойын ойнау барысында әрбір қатысушыға басқаларға сұрақ қоюға мүмкіндік беру үшін, жүргізушіні ауыстырып отыру қажет.


3.Психолог: (мақтану орындығы)

Бір шеңбер құрыныздар.(Жүргізуші бір орындықты алып, шеңберден сәл шығып тұратындай етіп қою керек және өзі артынғы  сол жақта тұру қажет.) Бұл жай орындық емес. Бұл “Мақтану орындығы” Бұл орныдыққа отырған адам мақтануға толықтай құқығы бар. Немен? Өз еркі!!! Мысалы: Мен мынамен мақтанғым келеді. Мен өте көңілді адаммын. Мен сұлумын. Мұнымен мақтануға болады. Осы орындыққа отырған адам  “Мен мынамен мақтанғым келеді” деген хабарлаумен бастау қажет. Сонымен кім бірінші? Доп беру арқылы шақыртылады.


4.Жаттығу: «Кір жуатын машина» .Мақсаты: Адамның бойындағы жағымсыз эмоциялардан арылту, шаршағанды басу.


5. Ситуациялық сұрақтар. Қатысушылар екі топқа бөлінеді.Топтарға ситуациялық сұрақтар таратылады.



Мысалы:

1-топқа балалармен болатын жағдайлар

2-топқа ата-аналармен

Балалармен

1 жағдаят.

Ербол мен Дамир есімді екі бала ойнап жүріп кенеттен ойыншыққа таласып қалды. Дамир Ерболды ұрып жіберді, ал Ербол айқайлап ойыншықтарды лақтырып жылауын қоймады. Осы жағдайдағы тәрбиеші іс-әрекеті.

2 жағдаят.

Айзере есімді қыз таңертен балабақшаға келгенде қатты жылап, топқа кіргісі келмеді. Осы кездегі тәрбиешінің іс-әрекеті.

Ата-аналармен

1 жағдаят

Алуа есімді қыз баланың мамасы тәрбиешіге келіп былай деді:

- «Менің балам балабақшаға келіп жүргеніне 1 жыл болды, балам бірақ, ештеңе білмейді (санау, тақпақ, түстерді) »деп сізге ашу-ызамен ренішін айқайлап айтты.Осы мәселені шешудегі сіздің эмоционалды қарым-қатынасыңыз қандай болу керек? Тәрбиеші іс-әрекеті.

2 жағдаят

Топтағы Ерасыл есімді бала ойнап жүріп құлап жарақаттанып қалды. Сіз оны байқамай қалдыңыз, кешке ата-анасы баласын алуға келгенде баласының жарақаттанғаның көріп, сізге ашу-ызамен былай деді:

  • «Неге қарамайсыз! Менің баламның денесі көгеріп қалды. Мен баламды таңертен сізге аман-сау етіп тапсырдымғой»

Сіздің осы мәселеден шығу жолыңыз.


6.Рефлексия. Әркім өз эмоциясының суретін бейнелеп салу керек. Карточкалар таратылады.