Тәрбиеші : Қайралапова Қ.Ш.
Бақыттың кілті – балалық шақта.
Бала жүрегі кішкентай күйсандық . Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады . Ал білім мен тәрбие беретін адамның қолында әр кезде сол кілт жүруі керек . Балаға жан – жақты тәрбие беру біздің парызымыз. Өйткені бала ата – ананың ғана емес келер ұрпақтың аманаты . Бала біздің басты байлығымыз . Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы , ата - ана тәрбиесі .Ал баланың балалық шағын естен кетпестей тәтті шақта өткізу әр ата - ананың міндеті .Баланың бақытты шағы ана құрсағында жатқан кезден басталады . Себебі бала ана құрсағында жатқанның өзінде анасының жақсы жаман көңіл - күйін сезініп ары – бері тулап белгі беріп жатады . Ал өмірге келген күннен бастап бала бақытты . Неге десеңіз бала ананың жұмсақ алақанын , жылы жүзін , ыстық құшағын бар ықыластың өзіне аударылғанын біледі. Сондықтан да өмірге келген бала да , баланы туған ана да бақытты . Осындай керемет сезімдерді бастан өткізген баланың балалық шағы өз кезеңімен өте бастайды . Баланың сәбилік кезеңі туғаннан бір жасқа дейін , 1 - мен 3 жас , 3 – пен 5 жас аралығындағы бүлдіршін кездері қандай тамаша . Былдырлаған бал тілімен барлық қызықты іс – әрекерттерімен жан - жағындағыларды күлкіге қарық қылып жатады . Осындай кезде « шіркін ай балалық шақтың нағыз қайталанбас кездері ай» деп қызыға қарайсың . Еш уайымыз тек қана ойын әлеміне сүңги батқан балаға қарап нағыз бақыттың кілті балалық шақта екеніне көз жетізесің.Балалық шақта жастай тәлім тәрбиеге кенелген бала өсе келе жан - жағына қарап бой түзейді .
жақсы әдеттерді қайталауға ұқсап бағады . Кейде болмашыға бұртиып өз дегенін өз айтқанын жасатқысы келеді .Балаға ерте жастан берілген дұрыс тәрбие оған өмір бойы азық болары анық. Сондықтан баланың балалық шағына жеңіл - желпі қарамай шынымен де оның өмірінің өз уақытында балалық кезін , ержетуін бәрін - бәрін өз ретімен орнына қойып беру ата - ананың , ұстазының қоршаған ортаның міндеті . Баланың бақытты шағы бірден – бір балабақшада өтеді . Балабақша баланың екінші үйі секілді .Мұнда ол өзінің достарын табады , ортасы қалыптасады .Көп нәрсені таниды . Бала балабақша есігін 2 – 3 жаста ашса оны балапандай мәпелеп қанатының астында өсіріп тәлім - тәрбие беріп буынын қатайтатын әрине тәрбиешілер .Ата әжесі , әке шешесі қасында жоқ болса да мұндағы апайларға бауыр басып өз сүйкімділігімен көзге түсіп бал қылықтарын көрсетіп жатады . Әрине әр бала өзіндік бір әлем . Баланың бақытты болуы ұйқысының тыныш , күлкісінің сыңғыр шығуы еліміздің амандығында , аспанымыздың ашықтығында .Осындай бейбіт заманда лайым бақыттың кілті әрқашан да балалық шақта болатынына сеніміміз мол болсын .
Доклад тақырыбы : Дарынды балаларды ерте жастан дамыту .
10 минут . презентация арқылы .
Барлық жас ерекшеліктерін қамти отырып .
Бес білім саласын қарастыру .
Негізінен шығармашылыққа тоқталып , дәстүрден тыс сурет салудың түрлерін көрсету .
1. кіші топқа – шармен
2. кіші топқа – қармен
3.ортаңғы топқа – сүтпен – сұйық сабын , кофе , тұз
4.ересек топқа – пенамен , матаға узор салу арқылы .