Дене тәрбиесі сабағы Кім жылдам?

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтын тақырыбы: «Кім жылдам?» спорттық жарыс.

Сабақтын мақсаты: 1. Балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.

2. Балаларды ептілікке, жылдамдыққа,

шапшандылыққа тәрбиелеу.

3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы

ұсақ бұлшық еттерін дамыту.

Көрнекілігі: Қабырға газеттері, доптар, түрлі-түсті доптар, қол шатыр. Өтілетін орын: Спорт зал.

Қатысушылар: «Бүркіт» және «Сұнқар» топтары.

Сабақ түрі: Жарыс.

Сабақ әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ойнату.

Жылулық шеңбері: Біз бақытты баламыз

Шыныға да аламыз

Сәулетті елдің көгінде

Шамшырақ болып жанамыз.


  • Балалардан жыл мезгілін сұрап толық жауап алу.

  • Бүгін бізде дене тәрбиесі сабағы.

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Кім жылдам?»


Дайындық бөлімі дамыту жаттығулары:


  • Сапқа тұру,сап түзеу.

  • Басты оңға және солға айналдыру.

  • Екі қолды иыққа қойып алдыға, артқа айналдыру.

  • Екі қолды алдыға, жоғары, екі жаққа, төмен түсіру.

  • Екі қолды белге қойып, оңға, солға иілу.

  • Екі қолды белге қойып, отырып тұру.

  • Бір орында тұрып секіру, шеңбер бойымен жүру.


Жарыс: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Сабақ тақырыбының тапсырмаларын орындай білуді қалыптастыру.

Жарысымызды бастамас бұрын жарысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.


  1. «Айгөлек» балабақшасының менгерушісі: Сарсекова Ш.Қ.

  2. «Айгөлек» балабақшасының әдіскері: Керимбекова С.А.

3 . «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі:


Жарысты бастамас бұрын қезендермен таныстырып өтейін.

1 – кезен Допты сақинаға салу.

2 – кезен Доппен секіру.

3 – кезен Кенгуру.

Олай болса жарысқа дайын тұрған екі топпен таныстырайын:

«Бүркіт» тобы ортаға шығады

Топтың ұраны: Бәріміз бәріміз үшін.

Бәріміз біріміз үшін.


«Сұнқар» тобы ортаға шығады

Топтың ұраны: Намысты қолдан бермейміз, бермейміз.


1кезен: Допты сақинаға салу. Жүгіріп барып допты сақинадан өткізіп

жүгіріп келіп, келесі балаға допты беру.

2кезен: Доппен секіру. Эстафеталық ойын тұрған кедергіден секіріп

келіп келесі балаға допты беру.

3кезен: Кенгуру. Шашылып жатқан доптарды етегіне жинап себетке

салу.


Қ/ойын: «Күн мен жаңбыр»


О/шарты: «Күн» деген сөзді айтқанда балалар жүгіреді, секіреді, қимыл-қозғалыстарды орындайды. «Жаңбыр» деген сөзге қол шатырдың астына жасырынады.


Жәй/ойын: «Ұшты – ұшты»


О/шарты: Ұшатын нәрселерге қолдарын көтереді, ұшпайтын нәрселерге қолдарын көтермейді.

Мысалы: Ұшты – ұшты,

Торғай ұшты

Ұшты – ұшты

Қарға ұшты.


Қорытынды: Балаларды қатарға тұрғызып, жай жүріспен еркін дем

алып терең дем алдыру.

Балаларды мадақтап, марапаттап сабақты аяқтау.