Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 24.02.2016 ж
Тәрбиеші: Умирбаева Тынышгул Абуовна.
Білім саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы:Ертегі құсы
Мақсаты: Ертегі құсы туралы ұғым қалыптастыру, балалардың бейне таспадан көрген ертегі негізінде таныған қарлығаш құсы бейнесін қағаз бетіне жапсыру, бірнеше бөліктерді қиюға үйрету, бөліктерді үйлесімді қолдана білуін жетілдіру; қол, саусақ қимылдарын дамыту, өз жұмыстарын бағалай білуге, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: құстардың жазылған дауысы, бейне таспа, суреттер, қайшы, желім, қағаздар, қатты қағаз.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қарлығаш құсының ертегісі, суреттермен жұмыс.
Сөздік жұмыс: қарлығаш, айыр
Билингвалдық компонент:ертегі құсы-сказочная птица, қарлығаш-ласточка
Шаттық шеңбер Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық бүгін сабақ біз.
Жыл мезгілдерін сұрау.
Күтпеген сәт.Үнтаспадан әртүрлі құстардың дауыстары естіледі.
-Балалар,бұл ненің дауыстары?
-кане, тыңдайық.
Суреттен құстардың бейнесін қарау.Олардың көңілін қарлығаш құсына аудару.
-Ал мына құсты Қарлығаш деп атаймыз.Қарлығашты халқымыз қасиетті құс деп бағалайды.
Қарлығаш үйдің іргесіне ұя салады. Киелі құс, бақыт, мейірім әкеледі.
Бұл құстың бір ерекшелігі құйрығы айыр болып келеді.
Сендер мұндай құсты көрдіңдер ме ?
Балалар шаттық шеңберді
орындайды .
Балалар жауап береді.
Балалар үнтаспадан құстардың дауысын тыңдайды.
-Құстардың даусы.Сурет арқылы құстарды тамашалайды.
Балалар зейін қойып тыңдайды.
Ия көрдік теледидардан
Балалар бірге көреді.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Олай болса бейнетаспа арқылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісін қараймыз.
Сергіту кезеңі:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі атқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Сарамандық жұмыс:Оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстырып,жапсыру үлгісін көрсету.
Жапсыру кезіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.
Жапсыруға көмек беру
Сергіту кезеңі:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
Елімізде (Өңірде) қыс болатындықтан олар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тауық,қаз,үйрек,күрке тауық,балапан т/б
Аққу,тырна,көкек,
тоқылдақ,торғай,қарлығаш
Тақырыпты тыңдап,үлгіге назар аударады
Рефлексиялық-түзетушілік
-балалар , біз қандай құсты жапсырдық?
Қарлығаш қандай құс?
Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін аяқтайды
Қарлығаш.
Қарлығаш, киелі құс
Өздерінің жұмыстарына қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ертегідегі қарлығаш құсын;
Түсінеді:қарлығаштың киелілігін, қасиеттілігін
Қолданады: бірден бірнеше бөліктерді қиюды.
Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:24.02.2016 ж
Тәрбиеші: Умирбаева Тынышгул Абуовна.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Білім саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы:Ертегі құсы
Мақсаты: Ертегі құсы туралы ұғым қалыптастыру, балалардың бейне таспадан көрген ертегі негізінде таныған қарлығаш құсы бейнесін қағаз бетіне жапсыру, бірнеше бөліктерді қиюға үйрету, бөліктерді үйлесімді қолдана білуін жетілдіру; қол, саусақ қимылдарын дамыту, өз жұмыстарын бағалай білуге, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: құстардың жазылған дауысы, бейне таспа, суреттер, қайшы, желім, қағаздар, қатты қағаз.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қарлығаш құсының ертегісі, суреттермен жұмыс.
Сөздік жұмыс: қарлығаш, айыр
Билингвалдық компонент:ертегі құсы-сказочная птица, қарлығаш-ласточка
Шаттық шеңбер Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық бүгін сабақ біз.
Жыл мезгілдерін сұрау.
Күтпеген сәт.Үнтаспадан әртүрлі құстардың дауыстары естіледі.
-Балалар,бұл ненің дауыстары?
-кане, тыңдайық.
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім ап,
Балшықтан үй соғады
Бұл не?
Суреттен қарлығаштың бейнесін қарау.
Қарлығашты халқымыз қасиетті құс деп бағалайды.
Қарлығаш үйдің іргесіне ұя салады. Киелі құс, бақыт, мейірім әкеледі.
Бұл құстың бір ерекшелігі құйрығы айыр болып келеді.
Сендер мұндай құсты көрдіңдер ме ?
Балалар шаттық шеңберді тәрбиешімен бірге
орындайды .
Балалар жауап береді.
Балалар үнтаспадан құстардың дауысын тыңдайды.
-Құстардың даусы.
-Қарлығаш
Сурет арқылы тамашалайды.
Балалар зейін қойып тыңдайды.
Сурет арқылы құйрығының айыр екеніне көңіл аударады.
Ия көрдік теледидардан,ауылда
Ұйымдастырушылық ізденістік
Олай болса бейнетаспа арқылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісін қараймыз.
Сергіту кезеңі:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі атқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Сарамандық жұмыс:Оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстырып,жапсыру үлгісін көрсету.
Жапсыру кезіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.
Жапсыруға көмек беру
Сергіту кезеңі:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
Дидактикалық ойын: «Жақсы және жаман»
Балалар бірге көреді
Балалар қимылмен орындайды.
Тақырыпты тыңдап,үлгіге назар аударады
Ережеге көңіл бөледі.
Балалар ойын ойнайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
-Балалар , біз қандай құсты жапсырдық?
Қарлығаш қандай құс?
-Енді, осы қарлығашымызды ұшырып апарып, ұясына қондырайық.
Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін аяқтайды
Қарлығаш.
Қарлығаш, киелі құс
Өздерінің жұмыстарына қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ертегідегі қарлығаш құсын;
Түсінеді:қарлығаштың киелілігін, қасиеттілігін
Қолданады: бірден бірнеше бөліктерді қиюды.
«№15 орта мектеп» КММ
Білім саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: «Жапсыру»
Тақырыбы: «Ертегі құсы»
Мектепалды даярлық сыныбы – 0 «Б»
Тәрбиешісі: Умирбаева Т.А.
Рудный қаласы. 2015-2016 жыл.