Сүйем, туған тілімді.
Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әніне марш ырғағымен балалар залға кіреді.
Жүргізуші жігіт: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар.Бүгінгі «Байтерек» тобының «Сүйем, туған тілімді» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші қыз: -Ашылсын көңіл сарайы,
Шырқасын әсем әнменен.
Гүлденсін бақша гүл бағы,
Бүгінгі арай таңменен.
Хор: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны.
Тәрбиеші: «Сүйем, туған тілімді.» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын, құттықтау сөз балабақшамыздың меңгерушісі Л.Е.Тулековаға беріледі.
Құттықтау сөз.
Тәрбиеші: -Балалар, біз қай респуликада тұрамыз?
Балалар: - Қазақстан Республикасында.
Тәрбиеші: - Біздің ұлтымыз қандай?
Балалар: - Қазақпыз.
Тәрбиеші: -Ал, біз қай тілде сөйлейміз?
Балалар: -Қазақ тілінде сөйлейміз.
Тәрбиеші: - Енді, барлығың мына слайдқа назар аударыңдар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек Қазақстан халқының тілдер күні» ретіндеаталып келеді.
Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»- демекші, ел тәуелсіздігінің ең басты құндылығы – ана тілі мен ұлттың мәдениеті.
Ал, мемлекеттік Рәміздерді сендер білесіңдер.Қане, кім маған айтып береді?
Балалар: -Мемлекеттік Әнұран, Елтаңба, Ту.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар.Ендігі кезекті Рәміздерге,ана тілімізге арналған тақпақтарға кезек береміз.
Гүлмариям: Ернұр:
Елтаңбасы елімнің, Көк байрағы бабамның,
Неткен әйбат әдемі, Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тұнығындай көңілдің, Тірегі әке, баланың,
Ортада аспан әлемі. Қазақстан жалауы.
Ислам:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құраным.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр әнім.
Жүргізуші ұл: -Балалық шақ арманы,
Жаңа әнін арнады,
Шаттық пенен мереке,
Қуанышпен шырқады.
Ән: «Балалық шақ әлемі» Орындайтын: Айша.
Тақпақтар:
Айгерім: А.Кәусар:
Ана тілің-арың бұл, Сүйсең өз тіліңді,
Ұятың боп тұр бетте. Боласың білімді.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тілің үйретер,
Өз тіліңді құрметте. Өнерді,ғылымды.
Ардақта тіліңді.
Хор: «Ана тілім»
Тақпақтар:
Ұлдана: Данил:
Денсаулығың – бірінші, Ана тілім-елдігім,
Сол жадыңда жүрсінші! Ана тілім – ерлігім.
Екіншісі-еркіндік, Ана тілім – болмаса,
Құсша самғап желпіндік! Бүтінделмес кемдігім.
Үшіншісі- тіліміз,
Онсыз жоқ-ау күніміз! Д. Кәусар:
Төртіншісі – күш-қайрат, Ана тілім балбұлақ,
Арманыңа ұш жайлап! Сусындаймын қанамын.
Сүйенішім тірегім,
Ана тілді сүйемін.
Көрініс: «Тілдің құдіреті туралы аңыз.» Ортаңғы топ бүлдіршіндері.
Жүргізуші қыз: Естіген жұрт таңғалар,
Тамылжытып ән салар.
Бізде өнерлі бала бар.
Енді соны тыңдаңыздар.
Ән: «Астана» Орындайтын: Аят
Жүргізуші қыз: Біз қазақтың ұланымыз,
Таусылмайды жыр әніміз.
Біздің балабақшамызда,
Ән-күй шертіп тұрамыз біз.
Тақпақтар:
Аружан: Аят:
Тіліңді үйрен күнде сен, Алдыңда ұзақ жолың бар,
Ол іс деме жәй ғана. Оқумен өсіп толыңдар.
Өз тіліңді білмесең, Қиындыққа мойымай,
«Білгішпін» деп ойлама. Аман-есен болыңдар.
Жүргізуші ұл: Әнші болар күні ертең,
Балдырғансың күні ертең.
Бақытты бол, өсе бер,
Мақтаны бол, елге ертең.
Хор: «Елімнің ертеңгі иесі-біз»
Тәрбиеші: -Құрметті қонақтар бүгінгі тілдер меркесіне арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Тіліміздің ғұмыры ұзақ болғай деген тілекпен, сіздермен қоштасамыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.