II кіші топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Тәрбиеші:
Күні,айы,жылы:
Тобы: «Қарлығаш»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы: Көкөністерден көже жасау (дидактикалық ойын)
Мақсаты: балаларды ыдыс-аяқ атаулары бойынша сөздік қорларын молайтып,байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, «ш» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.
Демонстрациялық әрекеттер бойынша әңгіме құрастыру (сөздерді қолдану: тазалау, жуу, турау, қайнату) жеке сөздерді айтуға ынталандыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: асханаға бару
Сөздік жұмыс: көкөністер, аспазшы,көже
Қажетті көрнекті құралдар: дем.материалдар (көкөністердің суреттері)
Қостілділік компонент: көкөністер-овощи, аспазшы-повар, көже-суп.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Жылулық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,
Мейірімділік шоғын алайық.
Жиналған жылу шуақты
Кәне бірге шашайық!
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық -ізденіс кезеңі
Дем.көрнекіліктер қолдану
Шолып едім бақшаны,
Көкөніс біткен көңілді
Жасыл,сары,қызыл,көк
Сан алуан көкөніс
-Өлеңде не туралы айтылған?
Көрнекіліктерді пайдалана отырып,сұрақ-жауап әдісі арқылы көкөністердің пішінін,түсін сұрау.
Дид.ойын
«Көже жасау»
Қостілділік компонент:көкөністер-овощи,аспазшы-повар,көже-суп
Сергіту сәті
Өн бойымды тік ұста,
Таянамын бүйірді
Бастап кетем дұрыстап,
Сәйгүлікше жүруді,
Бір!екі!бір!екі!
Үлестірмелі материалмен жұмыс:көкөністерді бояйды.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан көкөніс түрлерін,түстерін сұрау
Өлеңді мұқият тыңдайды.
-көкөністер туралы
көкөністер-овощи,
аспазшы-повар,көже-суп
Көкөністерді түстеріне сәйкес бояйды.
Іс-әрекеттің
бағалау кезеңі
-Балалар,көкөністен пісірген көжемізді қайда құямыз?
-Ыдыстарға нелер жатады?
-бұл заттар аналарыңа не үшін қажет?
-Оларды қалай пайдаланады?
Сұрақ-жауап арқылы қортындылау, мадақтау.
-Ыдыстарға
-Қазан,кастрөл,шәйнек,
қасық
бұл заттар күнделікті өмірге қажет.
Күтілетін нәтеже:
Нені біледі: сурет бойынша әңгіме құрастыруды;
Қандай түсініктерді игерді: көкөністердің пішінін, түрін, түсін ажыратуды;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: баяндау, әңгімелесу мәтінін құрай білу іскерліктері.