Мектепалды«а» даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №5.
Күні: 1 Қыркүйек 2015ж.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Кіші сала: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы: «Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу».
Мақсаты: көлбеу қойылған тақтай үстімен аяқтың ұшымен жүгіріп шығып, жүгіріп түсу; гимнастикалық орындық үстінде қол ұстасып, бір қырымен жүру, секіртпемен еркін секіру.
Құрал-жабдықтар: гимнастикалық орындық, көлбеу қойылған тақтай, қысқа секіртпе,доп,5-6 зат, ойыншықтар (һ-15-20 см.).
Бір қатар сапқа тұру, дене тұлғаларын дұрыс ұстап тұру қалыптарын тексеру; Сапқа тұрады.Бір саппен бөлмеде жүріп, жүгіру.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
1 бөлім.
Бір тізбекті сапта қолдарын белге қойып, тізені бүкпей аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру; тізбекпен бағытты өзгерте жүру, жүгіру; бір тізбекте сап түзеп жүру; шеру жасап жүру.
2 бөлім
ЖДЖ: секірпемен орындалады.
1. Б.қ-екіге бүктелген секіртпенің екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұру. 1-секіртпені керіп, қолды алға созу. 2-жоғары көтеру. 3-қолды алға созу. 4-б.қ.-қа келу. (6-8 рет).
2. б.қ-аяқ иық деңгейінде, серіртпені желке тұсында ұстап тұру. 1-3-оңға бұрылу. 4-б.қ.қа келу. (әр жаққа 5-6 рет).
3. Б.қ-аяқ сәл ашық,секіртпенің екі ұшынан ұстап, қолды арқа жақта ұстау. 1-2-алға қарай еңкею, артқа шалқаю, қолды артқа созу, жоғары көтеру. Басты тура ұстау. 3-4-б.қ.қа келу. (6 рет).
4. б.қ-н.т. секіртпенің екі ұшынан керіп ұстап, қолды төмен түсіру. 1-тізені екі жаққа аша сәл отыру, қолды жоғары көтеру. 2-б.қ.қа келу. (6рет).
5.Б.қ-қолды бастан асыра созып, шалқадан жату. 1-қолды, аяқты жоғары көтеріп, аяқтың ұшын секіртпеге тигізу. 2-б.қ.қа келу.(6-8 рет).
6.Б.қ-қолды бастан асыра созып, шалқадан жату. 1-қолды жоғары созу. Аяқты жоғары көтеру, аяқты секіртпенің ар жағына өткізу. 3-б.қ.қа келу. (6-8рет).
Негізгі қимыл жаттығулары:
Бір тізбекте келе жатып, бұйрық бойынша екі тізбек жасап жүру.
Көлбеу қойылған тақтай үстінде аяқтың ұшымен жүгіріп шығу, жүгіріп түсу.
Қ/қ ойыны:«Түйілген орамал».
Қимыл-қозғалыстарды тәрбиешінің белгісі бойынша қимыл-қозғалыстарды дауыстап санау.
Рефлексиялық -түзетушілік
Қимыл-қозғалысы аздау «Кім кетті?» ойыны ойнатылады, тыныс алу жаттығуы орындау.
Ойынға барлығы қатысады.
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: Бір тізбек болып келе жатып, команда бойынша екі тізбек жасап жүруге.
Түсінеді: Бір тізбекте келе жатып, бұйрық бойынша екі тізбек жасап жүру.
Қолдана алады: Көлбеу қойылған тақтай үстінде аяқтың ұшымен жүгіріп шығу, жүгіріп түсу.