Білімділілік пен тәрбиеліктің нәрі балабақшадан басталады.
Көкшетау қаласы, №21 «Ақбота» бөбекжайының әдіскері Шубаева Н.М.
Қазіргі кезде халық назарын аударып отырған басты мәселе – мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие – білім беру жұмыстарының мазмұнын , міндетін жаңарту , ұлттық негізде құру. Сондықтан балаларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру – өзекті мәселелердің бірі
Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан егемендігіміздің баянды болуы , ел ертеңі жарқын болсын десек , ұлт ұрпағына дұрыс тәрбие беру – парыз. Яғни « Ел боламын десең, бесігіңді түзе» ! Сондықтан балаға бала деп қарамай , кішкентай күнінен оның елін сүйер бүлдіршін , ұлтын ұлық тұтар ұлан, мақтанышымызға айналар отаншыл азамат болып қалыптасуына тырысуымыз қажет. Бала бойына тәрбиенің ұрыған себетін, ең алдымен ата – анасы болса , одан кейін, балабақшасы. Тіпті есін білер – білмес шағынан бастап күн ұзаққа балабақшада жүретін бала үшін балабақшаның ықпалын басымдау десек те болады.
Жалпы балалардың даму ерекшеліктері олардың іс – әрекеттерінің түрлері мен оларды қоршаған нақтылы орталарына , көзқарастарына байланысты болып келеді. Сондай – ақ балалық шақ кезеңіндегі қоғамның әлеуметтік – педагогикалық , этномәдени жағдайының әсері баланың болашақта қабілетінің дамып жеке тұлға ретінде қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ал жас өспірімдердің тым ерте жастан мектепке дейінгі мекемелерге тартылуы олардың психикалық және тұлғалық денсаулығын нығайтуға , тіл алғыш , салмақты болуына , ұжымдық ынтымақтастыққа , достыққа жетелеп кемелденуіне ықпал етеді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытып үйрету ұйымдарына жасөспірімдердің жас еркшеліктеріне қарай мыналар жатады : балаларбақшасы , мектеп алды тәрбиелеу мен оқыту мекемелері т.б Осылардың ішінде жас өспірімдердің жан – жақты жетіліп , өсіп – өнулеріне ықпалы зор ұйым балабақша болып саналады.
Балабақша – бұл балдырғандардың ойын дамытуға , оқуға құлшыныстарын арттыруға , мінез құлқын көпшілік ортада ұстай білуге , әдептілікке , имандылыққа , жоғары адамгаршілікке баулитын , сөйтіп отбасымен қатар жасөспірімдердің қабілет дарынын дамып , жан – жақты жетілдіруін тікелей ықпал ететін әлеуметтік институт. [pic]
Зерттеудің өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.
Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда.
Ел Президентiнiң “Қазақстан – 2030” бағдарламасында: “...бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...”,- делінген.
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.
Зерттеу мақсаты: Мектептегі дейінгі мекемеде ұлтық тәрбие беруге негізделген қазақтың ұлттық ойындарын , оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпы адамзаттық қдылықтар мен ұлттық мәдениетті кіріктіре отырып, халықтық-демократиялық принципке негізделсе, онда жан-жақты дамыған, ұлттық сана-сезімі оянған азамат тәрбиелеуге мүмкіндік туады, өйткені білім беру мен тәрбие ісі әлемдік өркениет пен ұлттық мәдени құндылықтар негізінде іске асырылады.
Зерттеудің міндеттері:
[pic] Ұлттық ойындардың теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеу;
Ұлттық тәрбие беру жұмыстарын іске асыру мақсатында оны қолданудың кешенін жасау;
Ұлттық мәдениет үлгілерін кіріктіре отырып, демократиялық халықтық мәдени мұра негізінде ұлттық сана-сезімі оянған, жан-жақты жетілген ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу барысында төмендегідей әдістер қолданылды: философиялық, педагогикалық, және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау; жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген мәліметтерді топтастыру, жүйелеу; сауалнама, ойын-сайыстар, сұрақ-жауап, бағалау, салыстыру, бақылау, тренингтер мен танымдық-тестік сұрақтар.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Ұлттық ойындар арқылы, ұлттық тәрбие берудің жолдарын көрсететін оқу іс әрекеттері мен тәрбие жұмыстарын жиі жүргізу, ұлттық ойынның түрлері мен шығу тарихын да балаларға таныстыру.
Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Оқу тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды қолдану әдістемесі.
Қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып,адамды өмір бойы және оны ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт – дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп,іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылған.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, оған ерекше көңіл бөлген.Себебі ол баланы отбасының және өмірдің жалғасы мен болашағы деп санаған. Мысалы,отбасында баланың болуын және көп болуын тілеген.Оған халқымыздың мынадай даналық сөздері дәлел: «бесіксіз үйде береке жоқ», «бір баласы бардың шығар шықпас жаны бар, көп баласы бардың үйінде жанған шамы бар» яғни ата-ананың өзі баланы дүниеге әкеледі ,өсіреді,еркелетеді. Біреуден кінә іздейміз:сен еркелеттің ,айтқанын істедің.Баланың тәрбиесіне кім кінәлі екенін іздемей тұрып, қай жерден қателескеніңді ойла! Қазақта «Баланы жастан, келінді бастан»-деп бекер айтпаған.
Ұлы ғалым философ Әбу Насыр әл Фараби : « Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек . Олай болса, балабақша болашақта бүлдіршіндерді ата- дәстүрін сақтайтын , инабатты да инабалы , үлкен – кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие ордасы. Әрбір бала өзінше жеке тұлға. Тәрбеші балаға алғаш ие болған күннен бастап , ғылыми білімді аса бір ықыласпен үйрете білуі керек. Оған жәй ғана ойын баласы деп қарамай, қөз алдындағы әрбір баланың біреуін жазушы, ғалым, тарихшы т.б ірі тұлға ретінде көре білуі керек. Тәрбешінің міндеті әрбір баланың мінезін жете меңгеріп, соның мінез құлқына сай ойындарды ойластыруы керек. Баланың қандай дүниеге қабілеті бар екенін сол ойын барысында анықтауға болады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті ойын, сондықтан оның мәні неғұрлым ерекше болған сайын баланың көңіл қошы да ашыла түседі. Қазақ қалқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев « ойын, ойнап ән салмай, өсер бала болар ма ?- деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейін баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне, тілінің дамуына , құрбыларымен жақындасуына ықпалын тигізеді. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы көрінеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен бірі ептілікті үйренеді. Халқымыздың ойындарға тек балаалрды алдандыру , ойнету әдісі деп қарамай , олардың мінез құлқын қалыптастыру құралы деп те ерекше бағалаған. Бөбектерді тәрбиелеуде ұлттық ойындардың берері мол. Мысалы: « Ойна да, ойлан» атты тәрбие жұмысында балаларға сан, пішін, көлем, кеңістікті, уақытты, бағдарлауға үйретуде қазақтың ұлтық ойындарын « Теңге алу», «Бәйге», « Көңілді керуен» ойындарын ойнатуға болады. Көрнекі құралдарға ұлттық бұйымдар менн ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдаланып , мысалы: « Киіз басу, құрақ құрау» сияқты ұлттық өнеріміздің үлгілерінен біренше ойындарын ұйымдастыруға болады.
Балалар ұлттық ою – өрнектердің бейнелеу нақыштарының сырын ұғынып , ойындар арқылы ою тармақтарының нені бейлелейтіні жайлы біраз мағұлмат алады. Ойыннның негізгі мақсаты – балаларды ою – өрнекпен таныстыру және ұжыммен жұмыс істеуге қалыптастырады. Көпшілікпен оңай тіл табысуға үйретеді. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытқан. «Бес саусақ. Қуырмаш. Санамақтар» ойындарын ойната отырып , саусақ пен қоянның , иттің , құстың, аңның бейнелерін көрсетуге болады. Уыс, қос уыс, сүйем, қарыс, сынақ қазақтың өлшем бірліктері мен логикалық интеллектуалды ойындар ойнату. Мысалы : «Нүктелерді қос, суреттерді үлкен - кішілігіне қарай ретімен орналастыр. Пішіні ұқсас заттарды сызық арқылы байланыстыр». Ретін тауып, қиыннан қиыстырған ойынның түрі өте көп. Ойынның түпкі нысаны балалардың түпкі ойынына , қиялына қанат беріп , ойын ұштау, тақпақ ойтуға тілін төсеу. Мысалы: « Сөздерді жатта», ойыны. Бұл ойынға қазақтың ұлттық киімдерін, саз аспаптарын, тағамдарын алуға болады. Нұсқау: Бала сөзді жаттап алып, қатесіз белгілі бір уақыттыа айту . Баланың ойлану уақытын, дұрыс айтқанын белгілеп отырады.
Ұлттық ойындар арқылы өткізілетін сабақтарға ертегілерді де алуға болады. Ертегі әрі білім, әрі тәрбие құралы. «Түлкі мен ешкі» , « Мақта қыз», «Жеті лақ» ертегілерін айта отырып, онда әртүрлі ұлттық ойындарды ойнатуға болады. Мысалы : «Қыз қуу, Бәйге». Балалардың бойына халықтық педагогиканың тағылымдарын дамыту үшін әр сабғымызды түрлендіріп, ауыз әдебиетінің үлгілірін , ұлттық ойындарды пайдалануымыз керек. Бұл бір жағынан , ұлттық дәстүрді бірте – бірте үйретуге бағытталса , екінші жағынан баланың зерек болуға деген қызығушылығын арттырады. Мысалы: «Алтын қақпа» ойыны, «Жануарлар дүниесі», « Жыл мезгілдері» атты тәрбие жұмыстарында пайдаланып, ойын арқылы баланың дүниетанымын кеңейтеміз. Барлық тәрбие сәттері баланың тілін дамытуға, ойлануға , санап үйренуге, бейнелеу мүсіндеу өнерінің қарапайым тәсілдерін меңгеруге сан алуан тәрбие тағылымдарын ойын арқылы жүзеге асыруға болады. Үйренген білімін дағдыландыру бекіту үшін «Ғажайып алаң» ойынын ойтануға болады. Дене тәрбиесі сабағында «Алтыбақан», « Көкпар», «Арқан тарту» т.б ойындарды ойната отырып , балаларды батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, баулимыз. Ойындарды өткізу арқылы балалардың қазақ халқының дәстүрін, әдет ғұрыпын жоғалтпай , одан ары дамытуға , өз ұлтына деген сүйіспеншілігін жастайынан бойына сіңіріп , оны құрметтеуге тәрбиелейміз. Халықтың әдет – ғұрпын дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру , ойын арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу өмір қажетінен туып отырған жайт. Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа , батылдыққа, мейірмділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы- ойын. Ойын – тәрбиенің бастауы.
Ұлттық ойындар
Халқымыз ойынды тек баланы алдандыру құралы деп қарамай, балалардың жас ерекшеліктеріне сай олардың өмірге деген көз қарасын қалыптастырып , тапқырлыққа, батылдыққа тәрбиелейді деп бағалаған.
Қимыл әрекет ойындары
Күн мен түн
Бұл ойын алаңда ойналады. Алан ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарам-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне “күн”, екіншісіне “түн” деп ат қойылады. Ойын жүргізуші топтың бірінің атын атайды. Мәселен; ойын жүргізуші “күн” деп дауыстаса, “түн” тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау.
Тұтқын алу
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Екі жақтан бір –бір ойыншы ортаға шығады да, теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Тізбекте тұрған бірінші топтың ойыншылары бір-бірлеп көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын өткіздеуге тырысады. Өте алмаған ойыншылар тұтқын есебінде сол топта қалып қояды. Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, бірінші топ тұтқындарды ұстайды.
Күзетші
Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойыншылылардың арасынан екі бала шығарылып, көздері орамалмен байланады да, қолдарынан ұстап, араларын ашып, қарама-қарсы тұрады. Олар күзетшілер. Қалғант ойыншылар білдіртпей олардың қолдарының астынан еңбектеп өтуге тырысады. Ал күзетшілер өтіп бара жатқан ұрыны сезіп қалса, қолдарымен баса қоюлары керек. Ұсталған ұры күзетші болады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Хайуанаттар дүниесін елестететіп ойнайтын ойындар.
Ит пен қоян
Балалардың арасынан қаламақ арқылы бір ойыншы “ит” ролінде тағайындалады. Қалған ойыншылардың бәрі қоян болады. Екі-үш қадам қашықтықтан ти қояндарды қуа жөнеледі. Оның ұстаған ойыншылары итке айналады. Сөйтіп барлық қояндар итке айналғанша ойын жалғасы береді.
Аңшылар
Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылардың бір тобы үйректер-шеңбердің ішінде қалады. Екінші тобы аңшылар-шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар үйректі қолдарындағы доптармен атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп үйрек атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі.
Сөзбен ойнатылатын ойындар
Сөз табу
Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Ойын жүргізуші кез-келген бір дыбысты айтып, қолындағы добын бір ойыншыға лақтырады. Ойыншы ойын жүргізушінің лақтырған добын қағып алып, аталған дыбыстан басталатын сөз айтып, допты кері ойын жүргізушіге лақтырады. Жүргізуші келесі ойыншыға басқа дыбысты айтып, допты лақтырады. Мәселен; д – дорба, а – Астана, қ – қасық, ш – шапан т.б.
Табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар
Алшы
Ойын басталар алдында әрбір ойыншы сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылырдың сақасын бір бала уыстап алып, жерге шашады. Кімнің сақасы алшы түссе, сол ойынды бірінші бастайды Ойынға қатысушылар әр ойыншы үш-төрт асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа мен асық иірген кезде бірдей жағымен түскен болса, асықты алып әрі қарай ата береді. Сақа алшысынан түсіп, асық басқаша жатса да, асықты алады. Сақа мен асықтың жатысы сәйкес болмаса, асықты алуға болмайды. Кезегін келесі ойыншыға береді. Осылайша жердегі асықтар таусылғанға дейін ойын жалғаса береді.
Оңқа
Бұл ойын таза алаңдарда, үлкен бөлмелерде ойналады. Ойынның мақсаты-асық ұту. Ойнаушылар арасы 10 қадам екі түзу сызық сызады да, дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өз асықтарын тігеді (тізеді). Тігілген асықтардың ортасынан бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Ойнаушылар бірінің артынан бірі кезектері бойынша қатарға тұрып, қолдарындағы сақаларымен оңқаны ата бастайды. Егер кімде-кім оңқаға тигізсе, онда тігілген асықты түгел алады. Ал оңқағы тигізбей жанындағы асықтарға тигізсе, онда ол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, қайтадан тігіліп отырады.
Хан
Ойыншылар кезегімен барлық асықтарды жинап алып, қос қолдап иіре бастайды. Әр ойыншы 5-6 асықтан шығарады. Көк асықтың ішінен бір белгілі, түсі бөлек асықты “хан” сайлайды. Барлық асықты иірген кезде “хан” ашық жатса, ханмен асықты атады. Айталық, “хан ” бүк түссе, “ханмен” бүк жатқан асықты атады, шік түссе, шік жатқан асықты атады. Ойынның шарты бойыншы: “ханмен” асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғамау керек. Сөйтіп, ойынның шарты бұзылғанша, не болмаса, “ханмен” ататын асық болмай қалғанға дейін атып, асығын ала береді.
Асық ату
Аумағы 2-3 қадамнан тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып, тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады. Егер ойыншы бірде-бір асықты шеңбердің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде ойын қайта жалғасады.
Спорттық ойындар
Тауық күрес
Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Шеңбердің ішіне екі бала кіреді. Олар бір аяқтарын көтеріп, бір қолдарын артқа ұстайды. Ойынның шарты: бірін-бірі итеріп, шеңберден шығарып жіберуі керек. Шеңберден шыққан ойыншы жеңілген болып есептеледі.
Ақыл ой қабілетін жұмсайтын ойындар.
Жаңылма
Бір топ балалар қол ұстасып дөңгелене тұрады. Бір баланы қаламақ айтып тағайындайды да, ортаға шығарады. Шыққан ойыншы өлең не тақпақ, әңгіме айтып түрады да жата қалады, не өзінің құлағын ұстайды, бетін құбылтады (әр түрлі іс-әрекеттер жасайды). Ойыншының жасаған іс-әрекетін қайталай алмай, жаңылып қалған бала айыпты болады.
“Біз де”
Ойынға қатысатын балалар қаз-қатар отырады. Ойын бастаушы ойыншылар алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Егер ойын бастаушы балалар қосылатын сөз айтса, басқалар “біз де” деп қосылып айтады. Ал балалардың қосылмайтың сөзі болса, “біз де” деуге болмайды. Байқымай қосылып, әлгі сөзді айтып қалған бала ойыннан шығады.
Ойын жүргізуші:
Балалар:
Ойын жүргізуші:
Балалар:
Ойын жүргізуші:
Балалар:
Ойын жүргізуші:
Осы кезде біреу: “біз де”- деп қалса, ойын тоқтайды. Қателескен бала өз өнерін көрсетеді.
«Соқыртеке»
Мақсаты: Баланы ойынға ұйымдастыру, ойын шартын түсіндіру, баланың сезімталдығын, қимыл-қозғалысын жетілдіру, сөздік қорын байыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Ойынға барлық бала қатысады, ортаға бір баланың көзін байлап шығарады, шеңбер бойында тұрған балалар өлеңдетіп:
Соқыр теке бақ-бақ,
Біз айтамыз тақпақ.
Мықты болсаң қанекей,
Бірімізді тап-тап, -дейді.
Ортадағы соқыр теке болған бала жауап береді.
Мен текемін бақ-бақ,
Мен де айтамын тақпақ.
Ал ұстадым қанекей,
Қашап кетті-ау қап-қап.
«Тақия тастамақ»
Мақсаты: Балаларға ойын шартын түсіндіру, баланың сезімталдығын қалыптастыру, қимыл қозғалысын жетілдіру.
Ойын шартын: Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала қолына тақия алып, ойынды бастайды.
Ойым бар бір ойын бастамақ,
Аты оның «Тақия тастамақ».
Ақырын, аспаймын-саспаймын,
Шеңберді айнала бастаймын.
Бірінің тұсына жеткенде
Сездірмей тақия тастаймын.
Ойын бастаушы тақияны артына жасырып жүріп, сездірмей біреуінің артына тастайды. Бастаушы қайтып оралғанша сезбесе, тақияны ала салып ұрады, ал жазаланушы қашады да, бос орынға отырады. Егер сезіп қалса тақияны ала салып бастаушыны қуады, жетсе, ақырын ұрады. Егер жеткізбесе, бос орынға келіп отырады. Тақия ұстаған бала ойынды ары қарай жалғастырады.
«Арқан тарту»
Мақсаты: Балалардың тыныс жолдары кеңеюін, аяққа, білекке, алақанға күш жиналып, адам денесінің қуатын арттыру.
Ұстағанынан айырылмауға, жібермеуге дағдыландыру.
Ойын шарты: Балаларды екі топқа бөліп, ұзын арқанды екі жаққа тартады. Арқан алақандарын ысып кетсе де бірін-бірі сүйретіп кеткісі келгендер табандап, тартып жатып алады. Ақыры бір жақ жеңіп, екінші жақты сүйретіп кетеді.
«Сиқырлы таяқ » - қазақтың ұлттық ойыны.
Ойыншылар қол ұстасып, шеңбер бойына дөңгелене тұрады. Қолына таяқ ұстаған ойын жүргізуші шеңбер ортасына шығып, ойыншыларды нөмірлеп шығады да, ойын шартын жариялайды. Содан кейін кез келген бір ойыншының нөмірін атайды да, жерге тіреп тұрған таяқты жібере салады. Нөмірі аталған ойыншы таяқты жерге құлатпай алса, өз орнына барады, ал таяқты құлатып алса, айыбын тартады, ойыншылардың ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша, әр ойыншы ең аз дегенде, бір реттен ортаға шығарылады.
«Инем тап» - ұлттық ойын.
Үй ішінде жастар ойнайды. Жүргізуші сайланады. Ол ойын ережесін қатысушыларға түсіндіріп, дұрыс өтуін қадағалайды. Жүргізуші екі ойыншыны таңдап, біреуін тысқа шығарады да, екіншісінің бойына немесе киіміне ине жасырады. Жүргізуші сырттағыны шақырып, инені іздеттіреді. Ине іздеуші кез келген музыка аспабымен жәрдем беріп отырады. Егер іздеуші ине жасырған ойыншыдан алыстап кетсе, музыка бәсеңдеп, егер жақындаса, үдеп отырады. Іздеуші инені тапса, онда оны жасырған ойыншы айып ретінде ән салады, не би билейді немесе әңгіме т.б. айтып береді. Ал ине табылмаса, іздеуші «айыбын» өтейді.
Жаяу тартыс
Ойынша қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, ек басы біріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп, қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – ойыншылардың бірін-бірі тартып белгіленген межеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Ал ұтылған ойыншының орнына басқа ойыншы келеді. Осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана жеңіске жеткен ойыншы жариялайды.
Қорытынды
Зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер бойынша төмендегідей тұжырымдар жасаймыз:
Жас ұрпақтың бойында өз отанын сүйетін, ұлттық дәстүрлерді сақтайтын, татулық пен ынтымақтастық қасиетін қастерлейтін, әдет ғұрпын жоғалтпай , одан әрі дамытуға өз ұлтына деген сүйіспеншілігін жастайынан бойына сіңіріп , оны құрметтеуге тәрбиелейміз.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін және әр түрлі тақырыптық ертеңгіліктер, оқу-әдістемелік құралдар , фото-видео және слайд материалдар жинақтап бүлдіршіндермен жүзеге асыру.
Үйренген білім дағдыларын бекіту үшін ойын арқылы баланың дүние танымын кеңейтеміз.