[pic]
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»
Мақаты: 1. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
2. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу;
3. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер.
Барысы: 1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз. Марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті жиналған достар, ! Бүгінгі «Жүзден жүйрік » атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін ортаңғы «қарлығаш» тобының балаларымен сайыс өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өту:
Жүргізуші: Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған екі топқа сөз кезегін ұсынамыз.
Топтың аты: «Құлагер», «Тұлпар»
Топтың ұраны
Алдарынызда «Құлагер» «Тұлпар» тобының балалары өнер көрсетпекші. Сіздерге жеңіс тілей отырып, сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары:
1. Допты ойын; 2. Ептілік; 3. Кенгуру 4. Арқан тартыс.
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,-деп, келесі ойынымызға
1.« Допты ойын».
Ойын шарты:Доппен жүгіріп барып, доппен жүгіріп келеді де, допты келесі балаға береді.Дәл осылай ойын қайталанады.
Жүргізуші:
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ептілік» ойыны деп аталады.
Ойын шарты: доптың үстінде отырып секіріп барып, қайтып келу.
Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.
3. Келесі ойынымыз «Кенгуру» деп аталады.
Ойын шарты: Әр қаппен секіріп барып, қаппен секіріп келеді де, қапты келесі балаға береді.Дәл осылай ойын қайталанады
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
Бойкүйез болма, еріншек.
Айналысып спортпен,
Талаптан, жаттық еңбекпен.
4..«Арқан тартыс». Балалар берілген шарттар бойынша ойын түрлерінен жарысады.
Жүргізуші: « Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй»,- деп Абай атамыз айтқандай,балалардың орындауында «Көңілді күн» әні.
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті балалар, жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.