«№15 орта мектебі» ММ
[pic]
Математика
Тақырыбы: «5 саны мен цифры»
Мектепалды даярлық сыныбы – 0 «А»
Тәрбиешісі: Умирбаева Т.А.
Рудный қаласы. 2012 жыл.
Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты: 5саны. 5 цифрымен таныстыру. 5 санының пайда болуы. Жеке оның құрамымен таныстыру.5 көлемінде қосу,азайту амалдарын орындау.Есеп құрастыру. Қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Санын құрамын анықтап, алған білімдерін бақылау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Балалардың ақыл – ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Сабақтағы әдістер: Түсіндіру,сұрақ – жауап, есептеу, ойын, сергіту, ауызша есептер, жұмбақ.
Сабақтың көрнекілігі: сандар,текше, санағыш, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Бір,екі,үш
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
1.Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын айтыңдар
Тақиям толған сөк
Таңертең тұрсам жоқ.
Бұл не? (Жұлдыз)
Балалар жұлдыздарды тағы қайдан көруге болады? (Аспаннан).5-бұл бес сәулесі бар жұлдызша. Әрбір сәуле әлемнің бір бұрышын білдіреді. Жоғарғы сәуле қалған төрт сәулені бір нүктеге біріктіреді. Енді барлығымыз мұқият назар аударайық нені байқадыңдар? Бір нүктеден таралған бес сәулесі бар жұлдыз. Неше сәулесі бар екен? Ал олай болса алдарыңдағы текшемен көрсетіңдер.
Жаңа сабақ: Балалар бүгінгі сабағымыз «Балапандарды құтқару»ойынына арналады.
Енді біз тауыққа көмектесейік.
Түлкі болды қауіпті
Әкетіп жүр тауықты.
Қу түлкі үлкен қорап беріп жіберіпті. Ішіндегі тапсырмаларды орындасақ балапанды жемей қоя береді.Ал орындай алмасақ,балапан түлкіге жем болады.
1-тапсырма:.Ойын «Кім жаңылыспайды».ойыны.1-ден 5-ке дейін тура санау және кері санау.
Хормен. Тура 1,2,3,4,5.кері 5,4,3,2,1.
Балалар біздің денемізде 5 санынан тұратын қандай қос мүше бар? (2 қолымыздағы саусақтарымыз. )
Басталады саусағым бас бармақтан -1-ші
Балаң үйрек келеді санағанда 2-ші
Ортан терек-биігі,тұрып қалған 3-ші
Шылдыр шүмек келеді кезегім деп4-ші
Кішкентай бөбек таласпай, болған екен 5-ші
5- саны сандық қатардағы 4 санынан кейін келеді.
- 2-тапсырма. Ойын «Қандай сандар жетпейді?»
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кетті жан-жаққа.
-
- Жарайсыңдар балалар жоғалған сандарды тауып 2 балапанды құтқардық.
3- тапсырма. Оқулықпен жұмыс. «Кім тапқыр» ойыны.
Жұлдызшаны табыңдар. Неше бұрышы бар?
Санағыштан тағы қандай фигура шығаруға болады.? Оны тақтада орындайық.
Дәптермен жұмыс.
«Бес» мойыны иілген
Жылан дерсің иірілген..
Енді дәптерімізге жазбас бұрын ауада, партада жазып көрейік.
Көркем жазу. 5 саны.
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ
Беске-бесті қосқанда
Болып шықты он саусақ.
Бес саусақ – он санының жартысы.
+ = 10
4-тапсырма.«Кім зерек» ойыны.
. 5 [pic] - тапсырма.Сәйкестендіру тест.
1 [pic] [pic] [pic] _________
2 [pic] _________
3 [pic] [pic] _________
Бос орындарға тиісті пішіндерді сал. Логикалық тапсырма. Өзгешесін тап.
Бекіту Жұмбақ есеп.
1.Ал балалар, балалар. 2. Бес асықтың үшеуін
Қағаз бенен қалам ал Досың сұрап алады.
Екі ешкінің мүйізі Айтшы сонда нешеуі
Сонда қанша болады? Өз қолыңда қалады ?
Қане кім тез табады?.
Не білдік? Не үйрендік? Жұлдызша арқылы 5 санын және цифрымен таныстық? Үлгі бола алдыңдар. Бүгін біз тапсырмаларды тез орындағанның арқасында балапандарды қу түлкіден құтқарып қалдық.Белсенді қатысқан оқушыларға жұлдызшалар тарату. Сабақ аяқталды.