Тақырыбы: Шаршы және тікбұрыш

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика .

Тақырыбы: Шаршы және тікбұрыш.

Мақсаты:балалардың математикаға деген қызығушылығын дамыту. Шаршы және тікбұрышты ажырата

білуге үйрету. Монтесори құралдарын пайдалана отырып баланың ойын дамыту.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар; пішіндер, Монтесори технологиясының

жабдықтары , слайд тақтасы. .


Жылулық шеңбері:


Сәлем , Сәлем алтын күн

Сәлем, Сәлем жер ана

Сәлем, Сәлем достарым

Жылуыма жылу қос,

М іне менің қолым.





Балалар шеңбер жасап, бір-бірінің қолдарынан ұстап

Қимылдарды қайталап, тілектерін айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Бүгін ауа райы қандай екен?

-Бір аптада неше күн бар?

-Балалар, сіздер менімен пішіндер еліне саяхатқа барасыңдар ма?

Олай болса бәріміз бірге саяхатқа барамыз. Біз саяхатқа немен барамыз? Әрине көлікпен баруымыз керек. Қандай көлік түрлерін білесіздер ?

Балалар сіздерге поезбен барған ұнайма? Поезд қандай жолмен жүреді?,

-Оның артындағы тіркелген бөлшектерін не деп атайды ? Өте дұрыс айтасыздар вагондар деп атайды.

-Вагон біреу болама , әлде көп болама?

-Поездың қалай дыбыстайды?

Ал ендеше поезд болып біріміздің артымыздан біріміз тұра қояйық.

-ал жүрейік, кәне кеттік.

-туук, пыш-пыш, туук пыш-пыш.

Қандай аялдамаға келіп жеттік балалар?

-Бұл қандай пішін?

-Түсі қандай?

-Дөңгелекте бұрыш барма әлде жоқ па?

Жарайсыңдар балалар!

Олай болса осы дөңгелек пішінді мына бөлшектерден құрастырып көрейік.

Ал ендеше саяхатымызды жалғастырайық.

-тук-тук, пыш-пыш.

Бүл қандай бекет екен балалар ?

-Үшбұрышта неше бұрыш бар?

-Түсі қандай?

-Үшбұрыш неге ұқсайды?

Өте жақсы жауап бердіңдер балалар.

Кәне, балалар бұл пішінді де топқа бөлініп құрастырып қояйық.


Жарайсыңдар балалар!


Келесі бекетке де келіп жеттік.

Бұл бекеттегі қандай пішін екен балалар ?

Қателестіңдер балалар, бұл пішінді шаршы деп атаймыз, төрт бұрыштан айырмашылығы , барлық қабырғасы тең болады.

-Сонымен бұл пішінді қалай атаймыз?

Шаршы дегеніміз балалар , барлық қабырғалары тең төртбұрыш.

-Түсі қандай?

Балалар үш топқа бөлініп шаршы пішінді құрастырайық кәне.

Саяхатымызды жалғастырайық балалар , тук-тук, пыш-пыш.

Келесі бекетіміз қандай пішін балалар?

Өте дұрыс , бұл тіктөртбұрыш, жарайсыңдар!

Тікбұрыштың екі қабырғасы ұзын , Екі қабырғасы қысқа болады . Сондықтан біз оны тікбұрыш деп атаймыз.

Балалар біз бүгін барлық пішіндермен таныстық.

Бірінші бекетіміздегі пішін қалай

аталады ?

Жарайсыңдар!

Екінші бекетімізде қандай пішінді кездестірдік?

Үшбұрыштың ұш бұрышы бар екен.

Үшінші бекетімізде шаршымен

таныстық .

Шаршының барлық қабырғасы тең болады ма?

Соңғы аялдамада қандай бұрыш кездестірдік ?

Жарайсыңдар!

Балалар біз бәріміз пішіндерді білдік, саяхат жасаймыз деп шаршадық.

Енді кішкене ойын ойнасақ қалай болады.

«Ойлан тап» ойыны .

Шарты: Монтесори тақтасындағы түрлі –түсті пішіндерді тауып , аталған түс бойынша жинақтау.



-Көктем мезгілі.

-Тамаша , күн жарқырап тұр.

-жеті күн бар.

-Иә.


-Көлікпен.


-Машина, автобус, поезд.

-Ия, ұнайды.

-темір жолмен жүреді.


-вагондар деп атайды.


-вагондар көп болады.

-тук-тук , пыш-пыш.



Тук-тук, пыш-пыш.


-Дөңгелек аялдамасы.

-Дөңгелек пішін.

-Қызыл түсті.

- дөңгелекте бұрыш жоқ.


Балалар топқа бөлініп бөшектерден дөңгелек пішінді құрастырады.


-Үш бұрыш бекеті.

-Үш бұрыш бар

-Сары түсті.

-Жалаушаға.


Балалар топқа бөлініп тапсырманы орындайды.





-Төрт бұрышты пішін.





-Шаршы деп атаймыз.



-Көк түс.

Балалар тапсырманы орындайды.



-Төрт бұрышты пішін








-Дөңгелек пішін.



-Үш бұрышты пішінді.



-Алақай , ойын ойнаймыз.



-Иә, тең болады.


-Тік бұшышты кездестірдік.




Балалар ойынға қызыға қатысады.

Рефлексиялық түзетушілік

Слайд тақтасы арқылы балалардан шаршы және тікбұрышты қалай түсінгендерін сұрап қорытындылау, балаларды мадақтау.


Балалар жауап беруге тырысады.


Күтілетін нәтижелер:


Пішіндерді дұрыс айыра біледі,

Заттардың пішінін анықтай алуды түсінеді.

Поезд көлігі туралы мағлұматты меңгереді.

Тәрбиеші: Борашева Г.