Ж дыбысы мен әрпі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі.


Мақсаты: Балаларға Ж ж дыбысымен әрпімен таныстыру. Өткен сабақты пысықтай отырып, Ж ж дыбысынан келетін сөздер айту, буындарға бөлгізу, сөздерге сөйлем құрату. Жұмбақ шешу, ойындар арқылы балалардың сөздік қорын дамыту. Балаларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Ж ж дыбысының кеспе әрпі, Ж ж дыбысынан келетін суреттер мен

ойындар.


Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, сөздік.


Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту. Көркем әдебиет, құрастыру, өзін – өзі тану.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау.


Сәлемдесу: Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.


Шаттық шеңбері: Аспанымыз ашық болсын,

Еліміз тыныш болсын.

Шаңырағымыз биік болсын,

Денсаулығымыз мықты болсын.


Тәрбиеші: Қане, балалар ұқыпты балалар қалай отырады екен ?

Бір, екі үш,

Сынып іші тып – тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз.

Сауат ашу сабағын бастаймыз.


Жыл мезгілдерін атау: /көктем, жаз, күз, қыс/


Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер осы жұмбақты шешу арқылы қазір жылдың қай мезгілі екендігін айтасыңдар.

Шанамен зырлап әкелетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойласың ?

Балалар жауабы: Қыс мезгілі.


Қыс мезгілінде неше ай бар ? /желтоқсан, қаңтар, ақпан/

Қыс мезгілі туралы айтып өту.

Біздер сауат ашуда не үйреніп жатырмыз ?

Балалар жауабы: әріптер.

Өткен сабағымызды қай дыбыспен таныстық.

Өткен сабақты пысықтап, қайталау.

Жаңа сабақ.:

-Балалар біз бүгін тағы бір жаңа әріп өтеміз. Жаңа әріпті өтпес бұрын жұмбақ жасырамын.

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары. /жапырақ/


Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. /жұлдыз/


Жапырақ, жұлдыз сөзінде басында қандай дыбыс естіліп тұр.

Балалар жауабы: Ж дыбысы.

-Ж ж дыбысы. Дауыссыз дыбыс кедергімен айтылады. Қолымызды игіміздің астына қойып иегіміз қолымызға тиіп тұрма. /жоқ/ Дауыссыз дыбыс кедергімен айтылады.

Ия, балалар бүгінгі тақырып Ж ж дыбысы мен әрпі. Ж ж дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз. Ж ж әрпін ауада жаздыру.

Ортаға Мешін жылы келеді.

Сендердің білімдеріңді тексеруге мешін келеді. Мешіннің қолында сыйлық бар. Сыйлықты ашпас бұрын сендерге мешіннің жұмбағы бар екен. Сол жұмбақтың шешуін балалар сендер табасыңдар.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыстан қардан жасайтын,

Тауып көрші сен оны.


Балалар жауабы: Аққала.


Сыйлықтың ішінде әртүрлі фигуралар бар. Фигуралардан аққаланы құрастыру керек. Аққаланың әр түрлі фигурасында тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды орындаймыз ба балалар. Әйтпесе мешін сыйлықты алып кетемін дейді. Тапсырмаларды орындайық.


1 – тапсырма: Кеспе әріптердің ішінен Ж әрпін табу керек. Жол, жуа сөздерін

кеспе әріптерімен тақтаға жазу.

2 – тапсырма: Ж әрпімен келетін сөздерді табу, буынға бөлу.


3 – тапсырма: Дыбыстық талдау жасау. /оқу/ жасыл, жусан, жарық.


4 – тапсырма: /Оң қол/ Ж ж әрпінің баспа түрін әліппе дәптеріне жазғызу.


5 – тапсырма: /Сол қол/ Сергіту сәті.

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.


6 – тапсырма: Табиғаттағы жан – жануар әлеміне саяхатқа шығамыз.

Жан – жануарлар арасынан Ж ж дыбысынан басталатын жан –

жануарларды тауып сөйлем құрау.

Балаларды мадақтау.


Қорытынды. Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен таныстық ?

Ж ж дыбысын қандай текшемен белгілейміз ?

Ж ж дыбысынан келетін сөздерді табу.


Қонақтармен қоштасу.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Бүгінгі келген қонаққа,

Сау болыңыздар деп айтамыз.