Ортаңғы топ баларына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Әлеуметтік.
Кіші саласы:Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Көлік жүргізу мамандары.
Сабақтың мақсаты: балаларға көшедегі көлік түрлерін білуді, көлік жүргізу мамандарының міндетін, жолда абай болуды түсіндіру.
Көрнекіліктер:Көліктер, жолда жүру ережелері.
Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті
Балалар іс-әрекеті
І.мотивациялық қозғаушылық
Балалар шаттық шеңберін жасаймыз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Балалар сендер көшеге шыққанда нелерді көресіңдер?
Шаттық шеңберге тұрады да , көңіл күй жаттығуын орындайды.
Өз ойларын айтады.
ІІ.ұйымдастыру , іздену
Балалар , ендеше сабақтан соң көшеге саяхатқа шығамыз, сонда көліктерді көреміз.
Ал енді, көліктерді атаңдаршы?
Ал ,сендер қандай көліктерді ұнатасыңдар?
Жолда қалай жүру керек?
Жолда жаяу жүргіншілер жүретін жолмен жүру керек, көлікке асықпау керек. Үлкендердің қолынан ұстап жүру керек.
Суретпен жұмыс: суреттерге әңгіме құрастыру.
Көлік мамандары туралы айту.
Мақал-мәтел орындау.
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
Сергіту сәтін орындату:
Кімнің әкесінде көлік бар?
Көлік мамандары көлікті үлкен жауапгершілікпен жүргізеді, себебі оған көптеген адамдар мінеді.
Ойын: «жақсы,жаман әдет» сөздерді айтамын,ал балалар жақсы, жаман екенін ажыратып беру керек.
Тыңдайды.
Автобус, машиналар, поезд, газель, мотоцикл.
Өз ойларын айтады.
Суреттерге қарап әңгіме құрап айтады.
Тыңдайды.
Мақал-мәтелді қайталайды.
Сергіту сәтін орындайды.
«сағаттың тіліндей»
Менің әкемде бар.
Ойынды қызыға орындайды.
Рефлексивті түзету
Балалар бүгін қандай тақырыппен таныстық?
Нелермен байланыстырдық?
Сендер сонымен қандай бала болып өсесіңдер?
Балаларды мадақтау
Көлік мамандары тақырыбымен таныстық.
Әдептілік туралы мақалмен.
Әдепті бала боламыз.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: маман иелерін сыйлауды, құрметтеуді біледі.
Меңгеру : жақсы,жаман әдеттер туралы меңгереді.
Қалыптастыру: жолда абай болу деген ынтасын қалыптастыру.