Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»
Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.Қол өнерін дамыту.
Көрнекіліктер:гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үн таспа, т.б
Тәрбиеші: - Құрметті әжелер,аналар,ұжымдастар,қыздар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жербетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балауса» тобының бүлдіршіндерінің «Ана- аса қымбатты жан!» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Шаттық шеңбері:
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз апайлар, 8 – ші Наурызбен!
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Милая мама»
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»-демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Нұрмұқасан
Құрметтейік,адамдар,аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлау менен істейік әр қадамды.
Асанәлі
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
Тәслима
Әлпештеген,аялаған,
Ақ сүт берген,апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Аяла
Аялаған, баптаған,
Асыраған,сақтаған.
Сақтандырып күде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс.
Мерей
Құшағына кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіне,
Мейірімді күннен де.
Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді)
-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)
Кәмпит Ханшайымы:
Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, б ілімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына сыйқырлы дорбамда кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға дорбадағы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттерікөпекен, тәттідесетәттіекен. Қанеойынойнап, тапсырмаларды орындайық.
1-сыйқырлы дорбадағы тапсырма:
Ойын шарты:Сұрақ-жауап,есеп шығару,сөз құрау,буынға бөлу,жыл мезгілдерін айту.
Отбасы мүшелері туралы.
2-ойын: «Жоғалған әріптер»
Ойын шарты: «Ана», «Әже», «Қыз», «Көктем», «кітәп»-деген сөздердің жоғалған әріпін табу.
3-ойын: «Соңы кім»
Ойынның шарты:Тақтаға кез келген сөз жазылады.Мысалы: «Жаз»-ыстық,«Көктем»-жылы,«Ауа»-таза, «Анашым»-әдемі
Тәрбиеші: -«Кәмпит-Ханшайым» , енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.
Фариза
«Анаға сыйлаймыз»
Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да,бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
Ақжол
«Анамызға мың алғыс»
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс.
Ақесіл
Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.
Тоқтасын Айару
Алақаны ақ самал
Мәпелеген,жан ана
Көкте күнім батсада,
Өзің күнсің балаңа.
Тұрсынбек Аян
Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең!
Димаш
Пайдаланса уақытты
Біздің қыздар бақытты
Арманға жетер балалар
Аман болсын Аналар!
Тынышбек Айару
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.
Омар Аян
Мақтанышым –апа
Шат әнім – апа
Өзіңе тақпақ
Жаттадым – апа.
Аркен
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Нақыл сөздер:
1.Гүлсіз болса жер мұнды,
Күлкісіз болса ел мұнды.
2.Гүлді гүл деме егер жапырағы болмаса.
3.Гүл өмір қызығы.
4.Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі.
5.Гүл қайда болса көбелек сонда-деп балалар түрлі-түсті қағазды 4-5 қабаттап буктеп,шеңбер сызып алып кесеміз.Ортасына степлермен қысып аламызда қатты кардон қағазға желіммен жапсырамыз.Жасыл түспен жапырақ жасаймыз да оныда желіммен жапсырамыз.Мінекей қандай әдемі гүл болды.
Енді Кәмпит-Ханшайымы біздің ұлдар қыздарға,қыздарымыз аналарына арналған қол өнерімізді көріңіз.
Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы дорбамды тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)
Тәрбиеші:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып аналарға,қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламат болыңыздар!
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!»
Үйдегі ең үлкен адамды кімдер деп атаймыз?
Отбасы деп кімдерді айтамыз?
Ұл балалар өзінен кіші қызды кім деп айтады?
1 жылда неше мезгіл бар?
1 жылда неше ай бар?
Біз әже-атаға кім боламыз?
Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?
22 наурыз қандай мереке?
Айжанда үш алма
Алиде үш алма
Баллығын қосқанда
Болады неше алма?
Дыбыс дегеніміз не?