МКҚК «№ 31 "Еркемай" бөбекжайы» [pic]
Бекітемін:
МКҚК «№31«Еркемай" бөбекжайы»
Директор: _____Г.А.Кожабергенова
«Аспан әлеміне саяхат»
тәрбиеші: Искалиева Ж.Т.
әдіскер: Шведова Л.Б.
педагог –психолг: Фирсина М.П.
Ақтау - 2016 ж
Шаттық шеңбері.
Балаларбүгінгі оқу іс-әрекеті өте ерекше өтеді.Бүгін біз аспан әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шықпастан бұрын сендердің білімдеріңді тексеремін.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бір жылда неше ай бар?
-Бір айда неше күн бар?
-Жылдың қай айы?
-Сәуір айында қандай мерекелер бар?(12 сәуір ғарышкерлер күні)
-Ең тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкердің атын білесіздерме?
-Қазақстанда ғарышқа бірінші кім ұшты?
Т:Ғаламшарлар-өзінең жарық шығармайтын салқын дене.Олар түнгі аспанда жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Олар жұлдыздар сияқты бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Бұл әлемді жұлдыз санаушылар өздерінің арнайы құралдарымен зерттейді. Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізге бізбен бірге саяхатқа шығуға жұлдыз санаушы келді.
Жұлдыз санаушы келеді .Амандасады.
Т:Сәлеметсіз бе Жұлдыз санаушы. Біздің балалар бүгін аспан әлеміне ғаламшарға саяхатқа шыққалы отыр.
Жұлдыз санаушы:Ал балалар қанша ғаламшар бар және олардың атауларын білесіңдер ме?
Т:Әрине біледі,қане балалар айтыңдаршы.
Балалардың жауабы:Тоғыз ғаламшар бар:Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз(Марс), Есекқырған(Юпитер), Қоңырқай(Сатурн), Уран, Нептун, Плутон.
Ж.С.:Жарайсыңдар балалар!Сендер ғаламшарларды біледі екенсіңдер. Еңді бәріміз ғаламшарға зымыранмен ұшамыз. Зымыранды құрастырайық.
-Балалар, күнге ең жақын қандай ғаламшар?(Меркурий)
Біз зымыранмен бірінші Меркурий ғаламшарына ұшамыз. Ұшу үшін тура және кері санау керек.
Балалар тура және кері санайды.
Т: Санауды біледі екенсіңдер.
Ұшады. Меркурий ғаламшарына қонады.
Т:Балалар, біз Меркурий ғаламшарына келіп жеттік. Меркурий ғаламшары туралы не білесіңдер?
Балалар:Меркурий ғаламшары күнге жақын орналасқан. Түсі сары
Т:Меркурий ғаламшарының бізге дайындаған тапсырмалары бар екен.
1 тапсырма:Сандарды сызықпен қосу арқылы фигура жасау. Жасаған фигураның атын атау.
Ж.С.:Ұшуды әрі қарай жалғастырамыз. Біз Шолпан ғаламшарына келдік.
Шолпан ғаламшары туралы не білесіңдер?
Б:Шолпан аспандағы ең жарық шырақ.Т:Бұл ғаламшардың да бізге дайындаған тапсырмалары бар екен.
2 тапсырма:Жер мен ғаламшардың арасындағы ара қашықтықтарды өлшегішпен өлшеп, санмен белгілеу арқылы алыс және жақын тұрған ғаламшарды табамыз.
Т:Қане кім жерден жақын және алыс тұрған ғаламшарларды атайды?
Б:Жақын – Марс (қызыл жұлдыз),алыс-Шолпан
Т:Оны қалай білдіңдер?
Б:Мен өлшегішпен өлшегенімде Жерден Марстың арасында 4 саны шықты. Ол жерге жақын. Күнмен Шолпанның арасында5 деген сан шықты. Ол жерден алыс.
Сергіту жаттығуы:
-Балалар біз саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ұшуға дайынбызба?Қызылжұлдыз(Марс) ғаламшарына ұшып келдік. Қызылжұлдыз туралы не білесіңдер?
Б:Күннен санағанда төртінші болыр тұр. Түсі қызыл-сары.Т:Бұл ғаламшардың да дайындаған тапсырмалары бар екен.
3 тапсырма:Сұрақтар.-Ең үлкен ғаламшар?(Юпитер- Есекқырған) -Ең кіші ғаламшар? (Плутон) -Ең салқын ғаламшар? (Плутон)-Ең ыссы ғаламшар? (Венера-Шолпан)
-Сақинасы бар ғаламшар? (Cатурн)
Т:Келесі ғаламшарға ұшамыз. Келесі ғаламшар қандай екен?Телескоппен қарайды.
Б:Келесі ғаламшарымыз Қоңырқай(Сатурн)екен.
Т:Қоңырқай(Сатурн) туралы не білесіңдер?
Б:Күннен санағанда 6-шы болып тұр. Түсі қоңырқай.Т:Бұл ғаламшардың да тапсырмалары бар екен.
4 тапсырма:Фигуралардан зымыран құрастыру.
Т:Балалар, тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Еңді, Жұлдызсанаушы, біз жерге қайтайық.
Ж.С.:Жақсы балалар. Жерге қайтуға дайынсыңдарма?Жерге қайтады.
Т:Балалар, біз Жерге келдік. Біз өзіміз білмейтін ғажайып әлемге саяхат жасадық.
Ж.С.:Жарайсыңдар, балалар. Мен сендердің ғаламшар туралы көп білетіңдеріңді білдім. Рахмет сендерге. Менің сендерге әкелген арнайы сыйлығым бар. Сау болыңдар балалар. Мен аспан әлемінің ешкім білмейтін құпияларын ашамын.
Т:Балалар, біздің бүгінгі ғажайып әлемге жасаған саяхатымыз ұнады ма?Сонымен балалар басқа ғаламшарларда тіршілік бар ма?
Б:Жоқ
Т:Дұрыс, балалар. Тіршілік тек қана Жерде. Балалар осымен бүгінгі “Аспан әлеміне саяхат" атты оқу-іс әрекетіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.
Сау болыңыздар!- деп балалар қоштасып шығып кетеді.
[pic]
МКҚК «№ 31 "Еркемай" бөбекжайы »
«№ 31 «Еркемай» бөбекжайының»
№ 12 мектепалды сынақ алаңы тобының жалпы білім беретін типтік бағдарламаны апробациядан өткізу туралы құжаттары
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Т.
Ақтау- 2016 ж
[pic]
МКҚК «№ 31 "Еркемай" бөбекжайы »
«№ 31 «Еркемай» бөбекжайының»
№ 12 ересек сынақ алаңы тобының жалпы білім беретін типтік бағдарламаны апробациядан өткізу туралы құжаттары
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Т.
Ақтау – 2015 ж
[pic]
МКҚК «№ 31 "Еркемай" бөбекжайы »
Бекітемін:
МКҚК «№31
"Еркемай" бөбекжайы»
Директор: _____Кожабергенова Г.А.
«Қанатты достар»
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Т.
Ақтау- 2016 ж
МКҚК «№ 31 "Еркемай" бөбекжайы » [pic]
Бекітемін:
МКҚК «№31
"Еркемай" бөбекжайы»
Директор: _____Кожабергенова Г.А.
«Менің Отаным - Қазақстан»
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Т.
Ақтау- 2016 ж
МКҚК «№ 31 "Еркемай" бөбекжайы » [pic]
Бекітемін:
МКҚК «№31
"Еркемай" бөбекжайы»
Директор: _____Кожабергенова Г.А.
«Менің өлкем»
Тіл дамыту және сауат ашу оқу іс-әрекеті бойынша қорытынды сабақ
Тәрбиеші: Искалиева Ж.Т.
Ақтау
МКҚК «№ 31 "Еркемай" бөбекжайы » [pic]
Бекітемін:
МКҚК «№31
"Еркемай" бөбекжайы»
Директор: _____Кожабергенова Г.А.
«Дидактикалық ойындар»
[link] .
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Әнұран орындау.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінін қолына алу жолында,
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.
Ой ашар:
1.Балалар біз қандай елміз? (Тәуелсіз)
2.Қай жылы тәуелсіздік алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
3.Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?
4.Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұлттық рәміздері, Атазаңы, өзіндік экономикасы, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі болады)
5.Қазақ елінің іргетасы қай жылдардан қаланды деп ойлайсыздар, ол кездерде қазақ елін кім басқарды?
-Иә, балалар, XV ғасырдың ІІ жартысында Жәнібек, Керей хандарымыз қазақ елін құрып, біздің ата-бабаларымызды бір тудың астына біріктіріп, ел шекарасын белгіледі. Қазақ елі құрылды. Кейіннен бірнеше хандар елімізді басқарды. Алдарыңызда қазақ елінің алғашқы сол кездегі картасы. Осы қазақ елін құрған хандарымыздың ерен еңбегі бүгінгі таңда еленіп, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының алдындағы саябаққа биіктігі 12 метрлік
Ескерткіш орнатылды. Жобаның авторы астаналық жас мүсінші – Ринат Әбенов. Ескерткіштің ашылу салтанатында Н.Ә.Назарбаев: «Елордада тұрғызылған Керей мен Жәнібек хандардың еңселі ескерткіші – мызғымас мемлекеттігімізге арналған мәңгілік белгі» деген болатын. Сонымен бірге, Есілдің сол жағалауындағы екі көшеге Жәнібек пен Керей хандардың аты берілді.
Дегенмен, 1991 жылы егемендік, тәуелсіздік алдық деп қайталап отырмыз. Сіздер үшін бұл түсініксіз жайт болып отыр. Иә, осы аралықта сан ғасырлық тарих, үлкен шежіре жатыр. Ендеше, осы тәуелсіздік қалай келді? Қайдан келді? Жәнібек пен Керейдің құрған елі қайда барып қосылған? Осы сауалдарға қысқаша ғана жауап алу үшін сөз кезегін балаларға береміз.
Ой қозғау.
1.«Тарихы мол сан тарау» (тарихқа щолу)
Егемендік – ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген өздерестілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Тәуелсіздік алғаннан соң елдің биік рухын бейнелейтін «Тәуелсіздік монументі» Алматыдағы республика алаңына орнатылды. Ескерткіштің жобасын жасаған сәулетші – Тимур Сүлейменов. Сонымен, біз тәуелсіз елміз, азат елміз, егемен елміз. Ал, тәуелсіз елдің өзіндік ерекшелігі, байлығы болады. Бізде не бар екенін топтастырып көрейік.
1)Біздің басқару жүйеміз қандай? Біздің Тұңғыш Президентіміз туралы кім не біледі?
2)Еліміздің ұлттық рәміздеріне тоқталайық.
Ту – елдіктің белгісі. Авторы – Ш.Ниязбеков. 1992 жылы Ту бекітілді. Көгілдір түсті, жиегінде оюмен безендірілген, ортасында күн және қыран бейнеленген.
3)Елтаңба – бейнесі. Авторлары – Ш.Ниязбеков, Ж.Мәлібеков.
4)Әнұран-Отанымыздың салтанатты үні, өр үні, өмір шең үні. Оның қалықтай көтерілген әуенінде туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мерейлі қуанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғатады. Мәні мен әнін еліміздің ұланы жанында сақтап өседі. Әнұранымыз 1992 жылы қабылданып, қоғам арнасына қарай 2006 жылы қайта жаңартылды. Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев пен Ж.Нәжімеденов, әнін жазған Ш.Қалдаяқов.
5)1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған қазіргі Атазаңымыз қабылданды.
6)«Менің Отаным – Қазақстан»
-Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
-Қазақстан көп ұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Халқының саны – 16 млн. 9600. Негізгі ұлт өкілі – қазақ. Жалпыхалықтың 63%-ын қазақтар құрайды. 6 ұлыс тұрады, қалғандары өзге ұлт өкілдері.
7) «Түркі халықтарыныңі шіндегі ең бай, бейнелі тіл –қазақ тілі. Қазақтар
Өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты» деп орыс
Жазушысы С.Е.Малов суреттеген екен. Тіл туралы не білеміз?
Қазақ тілі – 1990 жылдан бастап мемлекеттік мәртебеге ие болды. 2001 жылы наурызда Тіл туралы Заң қабылданды.
8)Діні – ислам. Ислам дінінің негізін салушы – Мұхаммед Пайғамбар. Ислам дінінің негізі Сауд Арабиясында қаланды. Қазіргі таңда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мұфти Ержан қажы Малғажыұлы.
9)Валютамыз – теңге. «Валюта» баға дегенді білдіреді. Әр елдің өз бағасы бар. АҚШ-та доллар болса, Ресейде – рубль, Францияда – франк, Алжирде – динар, Қытайда – юань. Ал бізде – теңге. Теңге – тәуелсіздік жемісі. Теңге – ел мен елді таныстырады. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.
10) 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 1992-1998 жылдар аралығында Қарулы Күштер қайта құрылып, 1999 жылы түбегейлі тұрақтандырылды. Бүгінгі таңда бас қолбасшысы – Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.
11) 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді, 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлемінің астанасы деп жарияланды. Елордамызда Астананы әлемге паш ететін монументтер көрініс тапты. Соның бірі – «Қазақ елі» монументі, биіктігі — 91 м. Ұшар басындағы салмағы 2,5 тонна алтын жалатылған самұрық құс орнатылған. 1900 шаршы метр кеңістікке
Созылған мәрмәр тастан жасалған. Бас сәулетші – Саматбек Бөкебай. Ал, «Бәйтерек» монументінің биіктігі-97 м. Шарының диаметрі – 22 м. «Аялы алақан» композициясы 2 кг. алтыннан, 6 кг. Күмістен құйылған. Ол әлемнің 7 кереметінің бірі – Эйфель мұнарасыны саны қатарына қосылған. Міне, осындай біздің сүйікті астанамызда кеше ғана әлемді аузына қаратқан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Саммиті болып өтті. Саммит сөзі – «Шың» дегенді білдіреді. Дәлі рек айтсақ, елдердің басшыларының бас қосуы деген түсінікті береді. Саммитте 13 бөлімнен Астана декларациясы (жарғы) қабылданды. 56 елден келген елбасылары мен өкілдері бір ауыздан ЕҚЫҰ шеңберіндегі өткір мәселелерді бір ізге түсіріп, бейбіт түрде шешу мәселелерін бекітті.
Ой сергіту.
Бізге қонаққа келген жыр мүшайрасының жүлдегерін шақырамыз.
Ой толғау. «Мен елімнің ұланымын»
Сонымен, тәуелсіз елміз. Тәуелсіздігімізге 23 жыл толды. Бұл-үлкен мәртебе. Үкімет Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына жалпы ұлттық дайындық жоспарын жасады. Біз осы тәуесіз елдің ұланымыз, болашағымыз. Елімізді, жерімізді сүйеміз. Ендеше, елімізге арнаған жүрекжарды өлеңдерің мен шығармаларыңды оқи қойыңдар.
Ой қорыту.
Балалар бүгінгі сабақтан алған білімдеріне сүйене отырып, өз ой-пікірлерін әңгімелейді.
Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,
Туды міне, ел аңсаған азат күн!
Елдің туын биік ұстарәрқашан,
Болашағы сендерсіңдер қазақтың!
Ән: «Елім менің».