Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
Технологиялық карталары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің екі элементі (жолақша)
Мақсаты: Өрнекті кілемшені қазақтың ою-өрнек элементтерімен әшекейлей білуге үйрету. Ою-өрнектер туралы түсініктерін дамыту. Кілемшені «Қой ізі» және «ирексу» өрнегімен әшекейлеуді үйрету. Бояуды дұрыс пайдалана білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бояулар, қылқалам, картоптан жасалған сұлба.
Балалардың назарын үлкен жайлаудың суретіне аударады. Жайлау өмірі жайында түсіндіріп, малдар жайлы, олардың төлдері туралы әңгімелейді. Олардың қалай дыбыстайтынын, таудан ағып жатқан өзеннің шуылын үнтаспадан тындатады. Қазақтың ою-өрнектері, олардың түрлері жайлы әңгімелеп, түсіндіреді. Бүгін осындай ою-өрнектер элементтерінің бірі «ирексу» және «қой ізі» өрнектерін салып үйренетіндерін айтады. Сөздік жұмысын жүргізеді.
Табиғат көрінісін, жайлаудың бейнесін тамашалап, олар туралы өз ойларын әңгімелеп айтады. Төрт түлік малдың қалай дыбыстайтынын салып көреді. Қазақ ою-өрнектерінің қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кілемшенің дайын суреті салынған дәптерлер таратады. Белгілі бір түске боялған жолақшаға «қой ізі» мен «ирексу» өрнегін қалай салудың жолдарын түсіндіреді.
Алдын ала дайындалып езілген қоңыр түсті гуашь бояуына қатырма қағаздан жасалған сұлбаны (қой ізінің бейнесін) батырып, жолақшаның төрт бұрышына оның бейнесін түсіруді өзі жасап көрсетеді. Қылқаламның ұшымен жолақшаның ортасына «ирексу» өрнегін қалай сызу керектігін түсіндіреді. Бұдан кейін балалар тапсырманы орындауға кіріседі.
Сергіту сәті:
Дайын үлгілерді таратады. Қатырма қағазадан жасалған сұлбаны дайын бояуға батырып, үлгідегі жолақшаның төрт бұрышына сұлбаның бейнесін түсіреді.
Өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
Дайын болған жұмыстарға талдау жасап, сәтті шыққан жұмыстар мадақталады.
Балалармен бірге тыныс алу жаттығуларын жасайды.
Өздері жасаған жұмысты талдап, ұнаған суреттерін айтады. Жаттығуды екі-үш рет қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: қазақтың ұлттық ою-өрнектерін
Түсінеді: «ирексу», «қой ізі» ою-өрнек элементтерін.
Қолданады: қылқаламмен ирек сызықты түсіруді, бір келкі бояуды.