Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «+», «-» таңбалары.
Мақсаты:
а)Білімділігі: Балаларды математикалық есептермен таныстыру. 5 көлемінде қосу және азайтуға берілген есептерді шығару. Өз бетінше есептер құрастыра білуге үйрету. Сандар мен цифрлар туралы білімдерін жетілдіру. Логикалық есептерді шығару дағдыларын дамыту. Ертегілер элементтерін пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру.
ә) Дамытушылығы:Ертегілерді пайдаланып, балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін, ақыл-ой, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту .
б) Тәрбиелігі: Балаларды қайрымдылыққа, мейрімділікке, әрқашан көмектерін аямауға сыпайы болуға өз-өзін ұстай білуге ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсәлдері: Ой қозғау, ғажайып сәт, түіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
сұрақ-жауап,әңгіме.
Пән аралық байланыс: Ертегілер елінде, музыка, жапсыру,сурет.
Көрнекілігі: Слайд, ертегі кейіпкерлері, оқу -құралдар.
Қостілдік компонент:Қызыл телпек-красная шапчка.
Қосу-плюс
Азайту-минус
Қоян-заяц
Тиін-белка
Мотивациялық қозғаушы
Психологиялық дайындық:
Достар бірге жүреді
Бірге балық аулайды.
Құстарға жем шашады.
Бақта гүлдер тереді
Міне біздер қандаймыз
Жазылмастан іргеміз.
Әр қашанда біргеміз!
Ғажайып сәт: (Топтың есігі қағылады көңілді әуенмен топқа Қызыл телпектің келуі)
-Сәлеметсіздерме балалар! Мен Қызыл телпекпін. Мені анам әжеме жіберіп еді, тәтті бәліштер алып бар деп.. Ал мен болсам орманның ішіне кіріп күзгі табиғатты тамашалап, әдемі жапырақтар жинап жүріп адасып кеттім сол жүргенде алдымнан қасқырды жолықтырдым.
-Қасқыр болса математикадан есептерін шеше алмай отыр екен.
-Тапсырмаларымды орындап алып келмесең әжеңнің үйіне жібермеймін дейді. Мен әжемді қатты сағындым. Барғым келіп тұр -Сіздер маған көмек бересіздер ме?
Психологиялық дайындықты қызығушылықпен жасайды.
- Қызыл телпекті көріп қуанып қалады.
-Әңгімесін қызығушылықпен тыңдайды.
-Әрине Қызыл телпек бар көмегімізді береміз.
Ұйымдастырушы
іздестіруші
-Балалар біз Қызыл телпекке көмектесеміз деп шештік. Ол үшін мен сіздерге бүгінгі Қарапайым математикатикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қандай тақырыппен танысатындығымызды айтып өтейін.
«+», «-» таңбалары.
Балалар қараңдаршы сіздер тақтадан нені көріп тұрсыздар?
-Дұрыс айтасыңдар қоян.
[pic]
Қоянның орысшасы қалай?
-Балалар неше қоян көріп тұрсыңдар?
-1 қоян.
-Енді балалар 1 қоянға неше қоян қосылды?
1+1=2
2+1=3
3+1=4
4+1=5
-Балалар сонымен неше қоян бар екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар біздер қояндарды бір-біріне қостық.
-Енді біз осы есепті қандай таңбаны қолдана отырып шығардық? -Қосу деген сөздің орысшасы қалай?
-Өте жақсы Қосу таңбасымен таныстық.
-Енді балалар керсінше
Тақтаға қарайықшы нені көріп тұрсыңдар?
-Тиін [pic] дұрыс.
-Тиіннің орысшасы қалай?
-Дұрыс белка.
Кәне тиінді санайық
-Нешеу?
-5 тиін екен.
-5 тиіннің 1 тиін кетіп қалыпты неше тиін қалды?
5-1=4
4-1=3
3-1=2
2-1=1
-Балалар біздер бір-бірден тиіндардың кеткенін көрдік.
-Сонда тиіндар көбейді ме? Әлде азайды ма? Сонда қандай амалмен орындадық?
-Ендеше балалар біз тездетіп Қызыл телпекке көмектесуіміз керек.
Ол үшін кітаптарыңыздағы тапсырмалады
орындайсыздар..
1 тапсырма:
Суретке қара? Не болғанын айт.
-Балалар мысықтардың түстері қандай?
-Мысықтарды қосу.
3+1= 4
-Мысықтарды азайту 4-1= 3
«Зейіді болсаң тез ойлан»
[pic]
2 тапсырма.
Жазуға сурет таңда. Сызық арқылы қос.
4-1=3
4+1=5
2-1=1
2+1=3
Сергіту сәті: 1,2,3,4
Біз санауды білеміз.
1,2,3,4
Біздер өсіп келеміз.
1,2,3,4
Біздер мықты боламыз.
3 тапсырма.
Цифрлар қайда жасырынған?
Үйдің айналасындағы цифрларды тауып айту. -Есіктің оң жағында 1 цифры, сол жағында да 1 цифры.
-Судың бетінде аққу тәріздес 2 цифры жүзіп жүр.
Ағаштар да 3 цифрлары ілініп тұр.
-Терезеде 4 цифры тұр.
-Үйдің шатырында 5 цифры тұр.
4 тапсырма.
Суреттен пішіндерді тап.
Дидактикалық ойын: «Дымбілмеске көмек»
(оқу құралдарды жинап беру)
[pic]
-Қоян.
-Заяц
-5 қоян бар.
-Қосу амалымен.
-Плюс
-Тиін
-Белка
-Азайды.
-Азайту
-Минус.
-Мысықтар.
-Қызғылт сары, қоңыр, күлгін, қара мысықтар.
Балалар қызығушылықпен сергіту сәтін орындайды.
-Үйдегі жасырынған сандарды тауып айтады
-Пішіндерді суреттен табады.
[pic]
[pic]
-Дымбілместін сөмкесіне мектепке қажет оқу-құралдарды жинап берді.
Рефлексифті түзетуші
-Балалар бізге бүгін кім келді?
Балалар біздер қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ұйымдастыру оқу іс-әрекетінде қандай таңбалармен таныстық?
-Балалар біз Қызыл телпекке және Дымбілмеске көмектесе отырып қандай қасиеттерді өз бойымызға алдық?
(Қызыл телпектің оралып келуі)
-Балалар мен әжеме аман есен жеттім мені қасқыр жіберді. Әжем сіздерге тәтті бәліш беріп жіберді.
Рахмет саған Қызыл телпек.
-Балалар не деу керек?
-Балалар бүгінгі қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекетіне барлығыңызда өте жақсы қатыстыңыздар.
Рахмет сіздерге.
-Қызыл телпек [pic] келді.
-Қосу таңбасымен
-Азайту таңбасымен.
-Мейрімді, ақылды болуға үйрендік.
-Рахмет .
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Қызыл телпек ертегісін біледі.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: «+», «-» таңбаларын меңгерді.
Қандай түсініктерді игерді:Қайрымды, мейрімді болуды игерді.