ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пәні: Мектепке дейінгі педагогика
Мамандығы: 0101000-«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың формалары
Мақсаты: Студенттер еңбек түрлерін ажырата алады және еңбек тәрбиесінің бір түрі-қол еңбегін ұйымдастыру
жолдарының әдістемесін үйренеді.
Оқыту нәтижесі: Балабақшадағы балалар еңбегінің мазмұнын біледі;
Әр жас тобындағы балалар еңбегінің іс-әрекетін жүргізе алады.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, «Сыйлық» жаттығуы, «Күн сәулесі сөнбесін» жаттығуы, «Тыңдап отырған
бестік» стратегиясы, «Попс формуласы» , «Бес саусақ» әдісі
Дерек көздері: 1. С.Андабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, 2014 жыл
2. В.И.Ядэшко. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, 2002 жыл
Табыс критерийлері:
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым көпшілігі:
Кейбір оқушылар:
1.Қызығушы лықты ояту.
10 мин
Оқушылардың мотивациясын ояту мақсатында
[pic]
Оқушылар бейнетаспадан көргендері бойынша ой-пікірлерімен бөліседі.
Интерактивті тақта,
бейнеролик
Топтастыру
5 мин
Еңбек тәрбиесін зерттеген ғалымдардың есімдері жазылған карточкалар арқылы топтастырамын: Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский деп үш топқа бөлемін.
Топтар өз авторларының нені зерттегенін және қандай идеялар ұсынғандарын айтып береді. (Н.К.Крупская балаларды ерте жастан шамасы келетін еңбектің ең қарапайым түрлеріне үйретудің қажет екенін зерттеді; А.С.Макаренко балалардың еңбегін ұйымдастыру, бірте-бірте оның мазмұнын күрделендіріп, баланың өзін ұйымдастыруда қойылатын талап дәрежесін көтере түсу керектігін зерттеді; К.Д.Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбексүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу деп айтты)
Ғалымдардың есімдері жазылған карточкалар
Өткен сабақты пысықтау
10 мин
«Күн сәулесі сөнбесін!» жаттығуы
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. әр бұлтта үйге берілген тапсырмалар бар. Тапсырма еңбек тәрбиесінің мақсат-міндеттеріне байланысты. Дұрыс орындау барысында күннің көзі ашылады .
1. Балалардың еңбек тәрбиесінің маңызы неде?
2. Балалар еңбегі несімен ерекшеленеді?
3. Мектеп жасына дейінгі балалар еңбек тәрбиесін шешу міндеттері қандай?
4. Балалар еңбегін оқу-тәрбие мақсатына бағындыру жолдары.
5.
С [pic] туденттер күннің бетін басқан бұлттағы сандарды таңдайды. Бұлт жылжығанда артынан үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беріледі. Оқушылар жауап береді. Осылай жалғаса береді.
Интерактивті тақта
Слайд
С.Андабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, 2014 жыл
В.И.Ядэшко. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы, 2002 жыл
Негізгі талқыланатын сұрақтар:
10 мин
Балалар еңбегінің түрлерінің бірі-қол еңбегі
І топ: Түрлі –түсті қағазбен жұмыс:
ұлттық бұйымнан сәукеле жасаудың әдістемесін ұсынады
ІІ топ: Қатырма қағазбен жұмыс:
Раушан гүлдің жасалу жолын көрсетеді
ІІІ топ: Қалдық материалдармен жұмыс:
Сусабынның ыдыстарынан қуыршақтар
дайындау әдістемесін көрсетеді
.
Студенттер дайындаған шығармашылық жұмыстарын көрмеге қояды.
ПОПС формуласы арқылы сөз тіркестерін пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстарының жасалу жолдарының әдістемесін түсіндіреді
Түрлі-түсті (бархат) қағаздар, қатырма қағаз(креповый), ермексаз, қалдық материалдар (пластмасса ыдысы, моншақ т.б)
Сабақты бекіту.
«ПОПС» формуласы.
5 мин
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».
Интерактивті тақта
слайд
Қорытынды
"БЕС САУСАҚ " әдісі.
А 4 парақ көлеміне бес саусағынын суретін салады. Бүгінгі сабақтан не үйренгенін және нені түсінбеген саусақтың ішіне орналастырып жазады.
Бес саусаққа бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады.
А4 парағы, флипчарт