Ашық сабақ Ертегіде қонақта

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мамыр айы 4 күні 2016 жыл

Білім беру саласы: Қатынас. Таным

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: Ертегіде қонақта

Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету.ертегі мазмұны арқылы адал достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кейіпкерлер суреті бар слайдтар

Сөздік жұмыс:бауырсақ, қасқыр, қоян, аю, түлкі

Қостілдік компанент: бауырсақ-бауырсак, қасқыр-волк, қоян-заяц, аю-медведь, түлкі-лиса

Мотивациялық-қозғаушы


-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Балалар, үйлерінде аналарың бауырсақ пісіре ме?

-Бауырсақтың дәмі қандай?

-Оның түсі қандай?

-Бүгін біз бауырсақ туралы ертегі тыңдаймыз

Амандасады.

-пісіреді

-дәмді

-сары, қызғылт

Ұйымдастырушы-Іздену















-бүгінгі тыңдайтын ертегіміздің аты «Бауырсақ». Тәрбиеші ертегінің мазмұнын мәнерлеп айтып береді.

-ертеде кімдер өмір сүріпті?

-шал кемпірге не дейді?

-пісірген бауырсағы қандай болыпты?

Бауырсақ не істейді? (бауырсақтың орманға дөңгелеп бара жатқанын көрсету)

-бауырсақ қайда дөңгелеп бара жатыр?

-Бауырсақ қандай аңдармен кездеседі?

-балалар, қоян қандай болады?

Қоянға бауырсақ не деп ән салды?

Менің атым бауырсақ

Мені суға иледі

Мені майға пісірді

Терезенің алдында

Суытуға қойды

Атайдан мен құтылдым,

Әжейден мен құтылдым

Енді сенен құтылу

Қиын емес бұл маған,-дейді де әрі қарай домалап жөнеледі.

-бауырсаққа тағы қандай аң кездесті?

-балалар, қасқыр қандай болады?

-содан кейін қайсы аң кездеседі?

-балалар, аю қандай болады?

-содан қайсы аң кездеседі?

Балалар түлкі қандай болады?

Түлкіге қандай ән айтып береді?

Одан кейін не болады?

Түлкі қулығын асырып, бауырсақты жеп қояды.

Тәрбиеші балаларға жаңа сөздерді қайталатады.

Қостілдік компонент: бауырсақ-бауырсак, қасқыр-волк, қоян-заяц, аю-медведь, түлкі-лиса

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың.

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз

Тәрбиеші балаларға «Бауырсақ» ертегісін сахналауға жетекшілік етеді.

Тыңдайды.

Ертегі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

-Шал мен кемпір

«бауырсақ» пісір дейді

Дәмді, сары

Орманға дөңгелеп кетеді.


Қоянмен кездесті

Қоян қорқақ, кішкентай













Қасқыр

Түсі сұр, тістері саяудай


Аю

Үлкен, маймақ. Қорбандап жүреді

Түлкі

Түлкі қу болады.






Балалар қайталайды.



Бірге қайталап, сәйкес қимылдар жасайды





Балалар рөлдерге бөліп ойнайды.

Рефлексті-түзету

-балалар бүгін біз қанадй ертегі тыңдадық?

-ертегіде қандай аңдар бар екен?

-түлкі қандай болып шықты?

Балаларды мадақтау

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады

Бір-бірінің жапатарын толықтырады

Күтілетін нәтиже:

Орындайды : ертегінің мазмұнын түсініп, әр кейіпкерді сомдауға (сахналауға)арналған тапсырманы

Түсінеді: ертегіні диалог түрінде қалай әңгімелеу керектігін

Қолданады: сөздерді дұрыс айта білуін

Тәрбиеші: Әмен Б.Қ







[pic]





[pic]

[pic]