Рудный қаласы әкімдігінің
«Балдәурен» мектепке дейінгі дамыту және тәрбиелеу орталығы» КМҚК
Тақырыбы. «Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
ҚР алғаш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев күніне және Тәуелсіздік күніне арналған сценарий конспекті
Тобы. Ересек «Құлпынай»
Құрастырған.Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова
Рудный – 2015
Құрастырған.Гүлайым Бағытбайқызы Абуталипова Тақырыбы: «Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
Мақсаты: Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу.
Тәрбиелік мәні:
өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу ұлтының намысын
қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу.
Жүргізуші:
Армысыздар, бұл кештің қонақтары
Халқымның әрқашанда қонақ – бағы
«Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым» атты кешті
Бүлдіршіндер көруге шақырады.
Жүргізуші
Сәлем бердік, кешіміздің көрермені
Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені
Тәуелсіздік кешімізге қош келдіңіз,
Алдарыңда болашақ өрендері
Қолдарына Жалауша ұстаған балалар «Көк тудың желбірегені» әнінің әуенімен залға кіреді.
Құттықтау сөз.....
Жүргізуші:
Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз.
Ол - өз елің, өзінің туған жерің, өз Отаның. Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу.
ҚР мемлекеттік әнұраны айтылады.
Балалардың жылы лебіздерін қарсы алыңыздар.
Отан – елдің анасы
Отан – жердің анасы
Бақытты ғой, дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы?!
Бар байлықтың басында
Туған Отан тұр биік
Пейілі үшін қазақтың
Маңдайынан нұр сүйіп
Тыныш менің, отаным
Ырыс менің, Отаным
Ардақтайтын отанын
Мен Отаншыл баламын
Жалғыз отан өзіңсің
Жүрегімнің түбінде
Оттай ыстық сезімсің
Күнім – Отан, күлімде!
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы
Ақ ниетті – алтын күн
Асқақ арман – қыраны
Жалауы бұл - халқымның
Мәртебесі, мақтаны
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер төккен
Билігім өз қолымда
Еркіндігім – Елтаңбам
Құт, береке – шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты құс – қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраным
Ен даласын егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан
Менің жерім, туған елім –
Күн сәулелі Қазақстан.
Көкке тиген асқар тауы,
Жасыл киген бақша бауы
Менің жерім, туған елім –
Күн сәулелі Қазақстан.
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Хор: «Отан ортақ үйіміз»
Жүргізуші:
Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тариханда жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндік пен ілгерілшікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Би: «Бипл»
Көңілді музыка әуенімен Сиқыршы келеді.
Сиқыршы. Сәлеметсіздерме, мәссаған мен өзі қайда тап болдым
Жүргізуші. Сәлеметсізбе,сіз Рудный қаласының «Балдәурен» балалар орталығында болып жатқан ҚР алғаш президент күні және Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік тойға тап болдыңыз. Жарара енді, келген екенсіз, біз қазақ халқы өте қонақжай халықпыз төрлетіңіз біздің балалардың ән, би, жылы тілектерін тыңдаңыз.
Сөйтіп Сиқыршыны орындыққа жайғастырады.
Жүргізуші.
Елі үшін көтеріп нар жүгін де
Сенімі нық сезілетін үнін де
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтан мен кім мақтанбас бүгінде
Келесі кезекте алғаш президентіміз елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне балалардың жылы лебіздерін тыңдаңыздар.
Бар әлемге шын танылдық міне біз
Елін сүйген елбасы деп білеміз
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар ақ пейілді көпшілік
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ
Қазақ елін мойындауда дос таңдап
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап
Елі үшін олжа салып қиырдан
Ықпаған еш ауыртпалық қиыннан
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған
Сиқыршы. Ал мен болсам, балалармен қазақтың бір ұлттық ойынын ойнағым келіп тұр.
Ойын. «Қыз қуу»
Сиқыршы. Балалар менің басқа жерге баратаны уақытым болып қалыпты, жарар онда сау болыңдар балалар.
Жүргізуші:
Көк байрағым желбіресін көгімде,
Әнұраным әуелесін елімде,
Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,
Тұрса артық не арман бар өмірде.
Хор: «Асқақтай бер елім»
Қазақы күй әуенімен залға бір қария кіріп келеді.
Жүргізуші. Сәлеметсізбе ата, сіз бұнда қайдан жүрсіз
Қария. Ал мен өзі қайда келдім
Жүргізуші. Сіз, рудный қаласының «Балдәурен» балалар орталығында өтіп жатқан тойға келдіңіз, жарар енді келген екенсіз, төрлетіңіз, балалардың ән билерін тамашалаңыз.
Сөйтіп қарияны орындыққа жайғастырады.
жүргізуші:
Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазағымның болған қалам
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы, жайнай берші нұрлы Астанам!
Вальс. «Астана ел жүрегі»
жүргізуші:
Қазақ аты береке, бірлік дер ем
Қазақ осы бірлікті – тірлік деген
Сахараға бүгін де шықты қазақ
Тәуелсіз бір тағалы жүйрікпенен
Аспан ашық, елі тыныш Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!
Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!
Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!
Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз – Қазақстан
Келесі кезекті балалардың отан туралы жылы лебіздеріне берейік.
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
Көк байрағым желбіресін көгімде,
Әнұраным әуелесін елімде,
Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,
Тұрса артық не арман бар өмірде.
Қария тұрып. Балалар менде бір ұлттық нақыштағы бір ойынды білемін.
Ойын арқан тартыс ойнататын қария.
Жүргізуші.
Ел тынысын тереңінен танып тең
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен
Хор. «Президент әні»
Жүргізуші. Батаменен ел көгерер
Жаңбырменен жер көгерер
Демекші,Ата біз сізден бата сұрайық.
Қарияның батасы.
Басқа амандық берсін
Жанға саулық берсін
Босаға тең болсын
Пиғыл кең болсын
Үйден ат кетпесін
Алдан ас кетпесін
Кетпес байлық
Қайтпас ырыс берсін
Дәулетің тасып жатсын
Жасың жүзден асып жатсын
Дартарқандарың тек қуанышқа жайылсын.Әуминь....
Жүргізуші. Ата көп рахмет, сіздің батаңызға.
Қария. Балалар, кеш болып қалыпты, ендеше мен қараңғы түспей тұрып үйіме жетіп қалайын, сау болыңдар балалар.
жүргізуші:
Қазақ халқы ғасырлар бойы өз еркіндігі мен бостандығы жолында жанқиярлықпен күрес жүргізіп келгені белгілі. Сондықтан уақыт талабына сай білімді де, парасатты, жан дүниесі кемел, намысшыл, ұлт жанды ұрпақ, отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық, оны қорғауға әрқашан дайын тұрайық.
Еліміздің егемендігі кеңейіп, көк байрағы желбірей берсін!
Осымен «Құлпынай» тобының дайындаған «Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Отан – елдің анасы
Отан – жердің анасы
Бақытты ғой, дәл мендей
Тәуелсіз ел баласы?!
Бар байлықтың басында
Туған Отан тұр биік
Пейілі үшін қазақтың
Маңдайынан нұр сүйіп
Тыныш менің, отаным
Ырыс менің, Отаным
Ардақтайтын отанын
Мен Отаншыл баламын
Жалғыз отан өзіңсің
Жүрегімнің түбінде
Оттай ыстық сезімсің
Күнім – Отан, күлімде!
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы
Ақ ниетті – алтын күн
Асқақ арман – қыраны
Жалауы бұл - халқымның
Мәртебесі, мақтаны
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер төккен
Билігім өз қолымда
Еркіндігім – Елтаңбам
Құт, береке – шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты құс – қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраным
Ен даласын егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан
Менің жерім, туған елім –
Күн сәулелі Қазақстан.
Көкке тиген асқар тауы,
Жасыл киген бақша бауы
Менің жерім, туған елім –
Күн сәулелі Қазақстан.
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Бар әлемге шын танылдық міне біз
Елін сүйген елбасы деп білеміз
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар ақ пейілді көпшілік
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ
Қазақ елін мойындауда дос таңдап
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап
Елі үшін олжа салып қиырдан
Ықпаған еш ауыртпалық қиыннан
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.
Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
Көк байрағым желбіресін көгімде,
Әнұраным әуелесін елімде,
Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,
Тұрса артық не арман бар өмірде.