Пән: Пән мұғалімі:
Қазақ тілі
Абдрахманова Зульфия Харисовна
Оқушы саны: 22
Қатысқаны: 21
Қатыспағаны: 1
Бөлімі
Тілді қолдану
Бөлімше
Грамматикалық нормаларды сақтау
Тақырыбы
Аналар мерекесі
Мақсаты
Сөйлеу барысында көптік/тәуелділік/жіктік/септік жалғауларын мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолдану.
Міндеттері
Аналар мерекесі туралы түсінік беру; сөздерді үлгі бойынша түрлендіріп қолдануды үйрету;
Аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;
Ана тақырыбына байланысты өлеңді анық, дұрыс айтуға жаттықтыру.
Қажетті құралдар-жабдықтар, көрнекіліктер
тақырыпқа сәйкес слайд, құстар бейнеленген сурет, әр құстың жанына жасалған қалташа, қалташаға салынған әр түстегі әдемі гүлдер
Билингвалды компонент
Анамның мерекесі- мамин праздник, жақсы көремін – люблю, қуантқым келеді – хочу порадовать, гүл сыйлаймыз – дарим цветы, құттықтаймыз – поздравляем
Жұмыс дәптері
43-бет
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек Мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, дұрыс жауап береді
Нені игереді
Ана туралы бір шумақ өлең мен құттықтау сөзін жатқа айтады.
Нені біледі
8-наурыз - аналар мерекесі екенін.
Жылулық шеңбері Қайталау
Жыл мезгілі туралы сұрақтар қояды. Көктем айларын, апта күндерін қайталатады.
Сұрақтарға жауап беріп, көтем айларын, апта күндерін атайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
Жаңа тақырып
-Балалар, көктем мезгілінде бізге керемет мереке жақындап келе жатыр. Оның қандай мереке екенін білу үшін менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
Әр сұрақтың мағынасын ашатын слайд көрсетеді.
· Күнде таңертең кім сендерді ұйқыдан оятады?
· Кім сендердің тамақтарыңды береді?
· Кім сендерді мектепке алып келеді?
· Ауырып қалған кездеріңде кім сендерге дәрі береді.
Балалардың жауабынан соң:
Өлең жаттайық
Айналайын ана,
Мерекеңмен!
Сыйлайыншы саған
Дала гүлін мен.
(Ә.Асылбеков)
«Анамызға гүл сыйлаймыз» дидактикалық ойыны
Балалар, мерекеде анамызға тағы не сыйласақ болады?
Әрине, гүл сыйлаймыз. Жүріңдер, әндете жүріп, гүл өскен алаңқайға барып келейік.
Сергіту сәті
Жолда көңілді болу үшін ана туралы бұрын үйренген әнімізді айтайық,-деп, ән айтқызады.
Міне, гүл өскен алаңқайға да келдік.
Көрікті табиғат бейнеленген суретті іледі. Суретте қалташаларға салынған гүлдер, әр гүлдің жанында бір-бір құс. Құстардың аттарын қайталатып өтеді. Гүлді қалай жинау керектігін түсіндіреді.
Сөйлемді айтқызады, құстардың аттарын қайталатады. Барлық бала бір-бір гүлден алып болған соң, құттықтау сөзін үйретеді.
Үйренген сөздерін орынды қолданып, дұрыс сөйлеулерін қадағалайды. Сөздерді анық айта алмаған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Дәптердегі суреттер бойынша сұрақтар қойып, балаларды сөйлетеді.
2-тапсырма
Үлгі бойынша сөйлемдер құратады.
3-тапсырма
Ана туралы жаттаған өлеңді қайталатады.
Аналар туралы слайдты тамашалайды.
Мұғалімнің әрбір сұрағына:
Мұғалімнің түсіндірмесінен соң бірге қосылып жауап береді:
Иә, мен анамды жақсы көремін.
Иә, мен анамды қуантқым келеді.
Өлеңді қайталап айта отырып, жаттап алады.
Аналарына гүл сыйлағылары келетінін айтады.
«Құттықтаймын, мама» әнін қосылып орындайды.
Табиғат суретін тамашалайды.
Ұнатқан гүлдерін сол гүлдің жанында қонып отырған құстан сұрап алады:
Гүлді мұғалім алыпберген соң:
[pic]
Құттықтау сөзін үйренеді:
Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, сөйлейді.
Үлгі бойынша сөйлемдер құрайды.
Өлеңді қайталайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Қорыту
Міне, балалар, бүгін сендер ана туралы өлең жаттадыңдар. Аналарыңа сыйлау үшін гүл жинадыңдар. Үйге барғанда өлеңді айтып беріп, гүлдеріңді сыйлауды ұмытпаңдар.
Гүлдерін алып топтарына қайтады.