Қыс қызығы ашық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Қыс қызығы.
Білімдік аймағы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет.
Тіл дамыту
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну.
Дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы, суретке қарап әртүрлі түстерді байқауға, олардың түсін ажырата білуін, алған әсерлерін сөзбен жеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қыс бейнесі суреттері, орман, сурет салу орталығы
.

Шаттық шеңбер:
Ал,балалар тұрайық

Үлкен шебер құрайық!

Алдыменен бәрімен,

Амандасып алайық.
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң – апайлар!
Балалар шеңберге тұрып, бір – бірімен амандасады


Бүгінгі ұ. о. іс - әрекетін мына бір өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.
Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы .

Балалар казір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі .
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
- Қыста күн қандай болады?
- Суық, аяз, боран.
- Енді , далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
- Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты

Суретпен жұмыс: Сендер мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Ағаштар, айнала аппақ қар.
- Ағаш бұтақтарын басқан. Ағаштардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай.
- Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
- Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын сындырмау керек.
- Орманда нелер болады?
- Ағаштар, құстар, аңдар болады
- Мынау қандай ағаш?
- Шырша
- Орман ауасы қандай таза, қане, терең тыныс алайық.
- Балалар терең тыныс алады
- Қар қалай жауады? (қимылмен көрсетеді)
- Жапалақтап, жауады
- Қар қандай болады?
- Қар суық, жабысқақ, жылтыр болады
- Қар неге ұқсайды екен? (ақ мақтаны алып алақандарына салып үрлейді)
- Жұлдызшаға, шырша ойыншығына ұқсайды
- Дұрыс балалар қар, әдемі жұлдызшаға ұқсайды екен.
(Орманнан қайтып, орындарына келіп
бағанадан бері көргендерін, байқағандарын енді қағаз бетіне түсіреді)
Жапалақтап жауып тұрган қарды саламыз.
Жұмыс барысы үлгіге қарап түсіндіріледі:
-Саусақ арқылы тіс пастасымен қардың суретін салу.
- Енді балалар, сурет салмас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық

Бала ,бала,балақан

Қаңе, қайсы алақан?

Саусақтарым әйбат

Былай,былай ойнат !
- Енді, отырып жұмысымызды бастай беруге болады.

Балалар, орманда біз тағы не қөрдік?

-Талда отырған торғайларды көрдік.Енді торғайларға ұқсап секірейік.

Сергіту сәт.Торғай,торғай, торғайсын!

Таяу келіп қоңғайсын,

Жем шашайын,тоыйп ал.

Сонда аязға тоңбайсын!


Қорытындылау:

- Балалар, орнымыздан тұрып, шеңбер жасап «Көлеңке» деген ойын ойнаймыз. Бір аңды айтамын, сендер сол аңның жүрісін саласыңдар?
Көлбең - көлбең көлеңкем, көлбеңдеген не екен?. Аю қалай жүреді, жүрісін салайық. Мен қоян деймін, сендер қоянның жүрісін саласыңдар.
Балалар аңдар жүрісін салады.Жарайсыңдар ,балалар

Енді балалар,қонақтармен қоштасайық,

Сау болыңыздар !