Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы
Балабақша «Нұрсәт»
Тәрбиеші: Шәутенова Жарқынай
Балабақшамен қоштасуға арналған ертеңгілік.
1.Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,қонақтар бүгін міне балабақшамызда өткелі отырған «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Армысыздар,қонақтар,ата-ана,ұстаз,
Оқусыз өмірдің еш мәні болмас,
Бақшамыздан талаптанып қақты қанат
Бес жаста тәрбие алған әдепті жас.
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бүлдіршіндер жақсы оқушы болғалы тұр,
Мектеп- өмір есігін ашпақ міне,
Келген қауым қол соғып қолда бүгін.
2.Жүргізуші: Кеше ғана балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді бүгін міне,ұямыздан шығарып салғалы отырмыз.Білім кемесіне мініп,ілім іздеп өз өмірлерінің бір асуын артта қалдырмақшы.
Армысыздар ұстаздарым қымбатты,
Біздер үшін өмірдегі ашатын сан жұмбақты
Құшақ жайып қарсы алады сіздерді
Шәкірттерің қылықтары тым тәтті.
Кеше ғана балабақша есігінен аттаған,
«Мектебіме барамын» деп құлшынады шат балаң
Қараңдаршы жүздері шат күлімдейді өрендер
«Нұрсәт» атты балабақша баптаған.
1.Жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше ғой қарасақ,
Қуануда үлкен кіші,бар адам
Түлектерін шығарып сап ұстаздар
Бүлдіршіндер көтерілді бір қадам.
Жақсы тілек,қуанышпен халайық
Қадам басар мектепке
Түлектерді қарсы алайық.
деп ортаға кішкентай түлектерімізді шақырайық,
(Музыка ойналып, аттары аталған балалар ортаға шығады)
Қалмырза Дилара
Алдажар Әскер
Амангелді Нұргелді
Амандық Бағдәулет
2.Жүргізуші: Әбдіғани Жансая
Абдиров Мансур
Ниязбаева Анель
Қошан Шыңғыс
1:Жүргізуші: Міне кішкентай түлектеріміз ортада.Осы бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілеп,жылы лебізін арнауға балабақша меңгерушісін шақырамыз.(Құттықтау сөз)
2.Жүргізуші: Көріп тұрмын бүлдіршіндер қаншама,
Жақсы ниет білдірейін баршаңа
Бүлдіршіндер өлең айтып би билеп
Өнерлерін салсын бүгін ортаға
деп енді балалардың өнерлерін тамашалайық.
Ортаға бүлдіршіндерімізді «Біз мектепке барамыз» әнімен шақырамыз.
Ән: «Біз мектепке барамыз» хор.
1.Жүргізуші: Балабақша балабақша,
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың.
Қуанамыз,сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
деп ендігі кезекті балалардың балабақшаға арналған тақпақтарына берейік.
Анель: Балабақша бесігін,
Тағы бір той жасайық,
Ашты мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық.
Бағдәулет: Балабаққа келгенімде
Тәрбиешім қарсы алдың,
Енді міне қоштасарда
Қимастықпен ән салдым.
Нұргелді: Қош балабақшамыз,
Естен кетпес есімің.
Қош бала бақшамыз
Алғашқы алтын бесігім.
Шыңғыс: Өзіңнен көп дос таптым,
Бауыр баса бастаппын,
Тәрбиешілермен мейірбан
Келмей тұр енді қоштасқым.
2.Жүргізуші: Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз,
Тойымызға сән берер
Би де билеп аламыз.
деп ортаға кішкентай биші қыздарымызды шақырамыз.
Би: «Матрешка»
1.Жүргізуші: Бүгін қызық ,бүгін той
Сіздер үшін біліп қой.
Тақпақ айтып би биле
Жалғастырсын ойды ой.
Бүлдіршіндердің тақпақтарына кезек береміз.
Мансур: Бізге мұнда әрдайым,
Бәрі-бәрі дап-дайын
Қамымызды ойлаған
Меңгеруші апайым.
Жансая: Біз балауса баламыз,
Жетілді ой-санамыз.
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке кетіп барамыз.
Дилара: Қуантып әрі қинайды,
Бақшамнан алыс кеткенім,
Қажет қой бірақ білімнің
Кемесінен өткенім.
Әскер: Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біз мектепке барамыз.
2.Жүргізуші: Мен оқушы боламын,
Оқып,білім аламын.
Балабақшам өзіңе
Арналады бал әнім.
Қалмырза Дилара «Қошақаным» әнімен.
1.Жүргізуші: Шалқытып шат өмірде
Таң-тамаша жасайық.
Салтанатты көңілді
Ойын ойнап алайық.
деп кезекті ойынға берейік.
Ойын: «Таныда ата»
2.Жүргізуші: Оқисыз білім аласыз,
Болашақ жолын саласыз.
Біздерменен қоштасып
Мектепке кетіп барасыз
Енді ортаға бүлдіршіндерді құттықтауға соңынан ерген ізбасарларын шақырамыз.
Мадияр: Өздеріңді ұмытпай
Есімізге аламыз.
Ұмытпас деп ұясын
Балбөбек әнін саламыз.
Арайлым: Бірге ойнап,бірге жүрген
Күндеріңді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден
Қалам кітап сыйлаймыз.
Саят: Біз ғой әлі бүлдіршін
Мектепке әлі бармаймыз.
Ақ жол тілеп сендерге
Ақ тілекті арнаймыз.
Дамир: Сүйкімді балғын болашақ,
Сіздердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Аянат: Ақ жол тілеп сендерге
Ақ тілекті арнаймыз.
Естелік болсын біздерден
Гүл шоқтарын сыйлаймыз.
1.Жүргізуші: Үйренгенбіз өнер біз,
Шетімізден шеберміз,
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Сіздерге тарту етеміз.
Ортаға Дилараны түрік биімен шақырамыз.
Ақ сандықты ашайық,
Тойға шашу шашайық,
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
Деп келесі кезекті ата-аналардың құттықтау сөзіне береміз.
2.Жүргізуші: Енді балабақшамен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға биге шақырамыз.
Би: «Қоштасу вальсі»
Балаларға сыйлық тапсыру.
Ән: «Мен оқушы боламын» хор
1.Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңе нұр тұнды
Бізден ұшып қанат қағып барасың
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
2.Жүргізуші: Жүректерден арман отын жағыңдар,
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
1.Жүргізуші: Бәріңді де «сәбиім» деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
Құрметті ата-аналар,қонақтар осымен «Қош бол,балабақша» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет,жарқын күндерде жолыққанша қош сау болыңыздар.