Конспект на казахскому языку на тему Ата заң

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






Тақырыбы:


« Айбары асқақ Ата Заң »


[pic]













«Шаттық шеңберінен» басталады.
Құшақтасып, қане, біз.
Дос болайық, бәріміз,
Армысың алтын күнім,
Армысың достарым,


Конституция, Ата Заң
-30 тамыз Ата Заңымыз қабылданған күн. Биыл Ата Заңымызға
20 жыл толды. Өздеріңіз білесіздер, ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар. Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –президент.
- Президентіміз кім, ел басқарып отырған?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы деп аталады.
- Дұрыс айтасыңдар. Біз үлкен де, күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз. 130 –дан астам әр ұлт өкілдері бар. Әрбір халықтың салт –дәстүрі мен тілі бар. Ең бастысы біз, Қазақстан деген ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып, ынтымақ пен бірліктің нәтижесінде тату –тәтті өмір сүріп жатырмыз.
- Сендер, балалар Отанымыз Қазақстан жайында қандай тақпақтар білесіңдер?

Отанды біз атамекен
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені, онда бәрімізде
Туып –өмір сүреміз

Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.

Конститутция –кемел келешектің кепілі. Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз! Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы  түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.

Ата заңың-мерейің,

Мәртебең мен беделің.

Ата заңмен өркендеп,

Өсіп, өрлей берейін!