Күні ____________
2 сәбилер тобына арналған оқу жұмыстарын ұйымдастырудың техналогиялық картасы
Білім беру аймағы: «Таным»
Бөлімдері: Айналамен танысу
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беру
Білімділік: Балаларды аңдармен таныстыру, олардың мекені туралы әңгіме-
леу..
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу .
Тәрбиелік: Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Көрнекіліктер:слайд, орман, жабайы аңдардың суреттері.
Сөздік жұмыс: жабайы-дикий, аңдар- животные
Шаттық шеңбері Күндей жадырап,
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық!
Балалар шеңбер құрып, қимылдарымен орындайды.
Ұйымдастыру ізденушілік
Сәлемдесу.
Жабайы жануарларға аю,түлкі,қасқыр,қоян.
Олардың балаларын атап корсету.
Балалар, бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табу үшін, мен сендерге сұрақ қоямын, сол сұраққа жауап берсеңдер, қонақтың кім екенін білесіңдер.
- Жұма сайын біз, яғни аналарымыз, апаларымыз не пісіріп таратады?
- Дұрыс балалар, бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен, ата-әжесінен адасып қалған соң, бізден көмек сұрай келіпті.
Кәне көмектесеміз бе ?
- Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық.
(сол кезде алдынан қоян шығады)
Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені
Қоян: - сен онда менің тапсырмамды орында
-Қазір балалар жылдың қай мезгіл?
-Көктем мезгілі екенің қайдан білдіңдер?
Қоян: - рахмет сендерге, бара қойыңдар.(бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады)
Қасқыр: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені қасқыр
Қасқыр: - онда менің сендерге қояр сұрағым бар. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.
Бауырсақ:- жарайды.
Қасқыр:
-Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?
-Олар қайда өмір сүреді?
Қасқыр: -жарайды бара қойыңдар.
(бауырсақтың алдынан аю шығады)
Аю:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені аю
Аю : - онда менің сендер маған мен туралы бір сергіту жаттығуын жасап беріңдер. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.
Сергіту сәті: слайд
Аю:- рахмет балалар.
бауырсақ домалап келіп, түлкіге кездеседі)
Түлкі :- ах, бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені.
Түлкі: Менім сендермен ойнагым келіп тұр
« Жануарлардың баласын тап» дидактикалық ойын
Түлкі:рахмет ойын өте қызықты болды
Бауырсақ: - рахмет.
бауырсақ келе жатып атасы мен әжесін де тапты)
Атасы мен әжесі бауырсақтан қалай келгенін сұрады.
- қане балалар бауырсақ қалай келді? Оның алдарынан нелер кездесті?
Балалар : - қоян, қасқыр, түлкі, аю
Қане оларға мінездеме берейікші.
Сәлемдеседі
Рефлексивтік – түзетушілік.
-Сабақты бекіту мақсатында «кубизм» стратегиясын жүргіземін.
1. Қандай аңдарды білесіңдер
2. Қоян қандай аң
3. Аңдар қайда мекендейді
4. Түлкі қандай аң?
5. Аюдың баласы калай аталады?
6. Қыс бойы аю қайда болады
7. Қасқырды аңшылар тағы не деп атайды
Балалар бауырсақтың әжесі мен атасы сендерге бауырсақ пісіріп жіберіпті. Казір түскі аста бәріміз жейміз.
Бағалау.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз.
Балалар қимылдарымен жасап сергіп қалады.
Балалар бір бірінің жұмыстарын бағалайды.
Хормен әндерін айтады.
Күтілітін нәтиже:
Нені біледі: Жабайы жануарларды біледі.
Талапты болу: Жабайы жануарлардың балаларын атай алады.
Қолынан келеді: Тапсырмаларды орындайды.
Өскемен қаласы әкімдігінің « №42 орта мектебі» КММ
2 сәбилер тобына арналған Айналамен танысудан ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті.
Тақырыбы: Жабайы жануарлар
Орындаған: Ахметжанова Н.Н.
Өскемен қаласы
2016ж
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]