Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласының мазмұны: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сауат ашу.
Тақырыбы: М дыбысы және әрпі.
Мақсаты
Білімділік: Балаларға М әрпін таныту, М дыбысының сөздегі орнын айыра білу, М дыбысы бар сөздер ойлату,буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлем құрату.
Тәрбиелік: Оқу іс-әрекеті барысында ұқыптылыққа, таза, дұрыс жазуға үйрету, бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып,тіл байлығын дамыту,байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі: Суретті әріптер,мақта суреті,әліппе-дәптер.
Әдіс-тәсіл:әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.
Билингвистикалық компонент: мақта-вата,мысық-кошка,жүзім-виноград.
Іc-әрекет бөлімдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену-ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялаушы
Амандасу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші
-Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
Балалар
«Айналайын» десе, қуанамын мен,
«Айналайын» десе, қуанасын сен.
Қуанышқа бөленіп,
Шаттанайық кел.
-Қане, балалар, осы оқу іс-әрекетіндегі көңіл-күйіміз қандай?
-Жақсы олай болса, өткен оқу іс-әрекетін еске түсірейік.
Д дыбысы мен әрпі.
-Д дыбысы қандай дыбыс?
-Неге дауыссыз дыбыс?
-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
-Д дыбысы кездесетін сөздерді ата.
-Буынға бөл, дыбыстық талдау жаса, сөйлем құра.
-Жарайсыңдар, балалар,мен енді сендерге жұмбақ жасырайын.
Өзі ақ,жеңіл,үлпілдек,
Бағалы, қажет өсімдік.
Аламыз одан май да,
Тігеміз одан киім де.
Мақта.
Мақта-көпжылдық өсімдік туысы,бағалы талшықты дақыл. Мақтадан тағамдық техникалық май, мақта мамығы т.б.өнімдер алынады.Мақта тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат.Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар-бәтес, сәтен тоқылса, қысқа талшықтарынан пластмасса,фотопленка,дәрілік мақта,жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп т.б. дайындалады.
-Балалар мақта сөзі қай дыбыстан басталып тұр?(Сиқырлы кітап-электронды оқулық)
-М дыбысы қалай айтылып тұр?
-Олай болса қандай дыбыс?
-Қандай текшемен белгілейміз?
-М дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Мыс: Мысық,алма ,алмұрт, жүзім т.б.(орысша тіліне аудару)
Буынға бөлу,дыбыстық талдау жасау,сөйлем құрау.
Дәптермен жұмыс
Оқу м-а ма ма мата
м-ой мой-нақ шам мал
м-ай май-мақ том мол
Сергіту сәті
Қоюланып тағы бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.
-Балалар, М әрпі неге ұқсайды?(қол алысып тұрған екі балаға,түйенің екі өркешіне)
М әрпін қаламмен, жіппен, саусақпен жасап көрейік.
Жазу М әрпін алдымен ауада жазу,сосын дәптерге жазу.
М М М
м м м
Ойын
М әрпі басында, ортасында, соңында кездесетін сөздерді тиісті сандықшаға жинау.
-Жарайсыңдар балалар бүгін біз қандай әріппен таныстық?
-Ол қандай дыбыс?
-Ол сөздің қай жағында кездеседі?
-М дыбысы кездесетін сөз айту.
Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Көңіл-күйлерін сұрау.
Балалар амандасады.
Балалар өлеңді қуанышты көңілмен айтады.
-Жақсы.
-Дауыссыз дыбыс.
-Кедергіге ұшырап, қысқа айтылады.
-Дыбысты айтамыз, естиміз.Әріпті көреміз, жазамыз.
Сөздер айтады,буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем құрайды.
Мақта.
М дыбысынан.
Балалар қайталайды.
Кедергіге ұшырап, қысқа айтылып тұр.
Мы-сық 2-буын, 5-дыбыс,5-әріп, 2-дауысты,3-дауыссыз.Біздің үйде мысық бар.
Балалар М әрпін ауада,
Содан соң дәптерге жазады.
Ойын ойнайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:Балалар М дыбысы туралы толық түсінік алады.М дыбысы кездесетін сөздер ойлап табады, буынға бөледі дыбыстық талдау жасайды,сөйлем құрайды.М әрпін жазады, буынды,сөзді оқиды.