4 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды №5 ортаңғы тобы үшін
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілетін күні, айы, жылы: «17» 09.2016 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ойыншықтар.
Мақсаты: Ойыншықтарды қазақша жеке, көпше түрде дұрыс атауға үйрету.
Білімділік міндеті: сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата алуға жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, өткен сөздерді қайталау, бекіту.
Тәрбиелік міндеті: Ойыншықтарын таза үстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.
Көрнекі құралдар: ойыншықтар (доп, қуыршақ, машина) суретті сөздіктер, үлестірмелі материалдар, қоржын.
Қостілділік компоненті: ойыншық – игрушка, доп – мяч, қуыршақ – кукла.
Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, өлең жолдарын бірге қосылып айту.
Тақтаға балабақша, топтың ойыншықтардың суретін іліп, балалардың көңілдерін аудару.
«Ғажайып қоржын» дидактикалық ойыны.
Қоржыны бар қуыршақ Айгөлек келеді.
- Айгөлек, қолындағы не?
- Қоржын.
- Онда не бар?
- Ойыншық.
Ынта қоя тындайд, қайталайды.
Суреттерде таныс заттарды тауып атап, көрсетеді.
Қуыршақтын келгеніне қуанып, онымен амандасады
Қоржыннан таныс ойыншықтарды алады, атайды.
Ұйымдастырлық – ізденістік
Дыбысты жаттығулар:
Ой-ой-ой-ойыншық
Қу-ыр-шақ
До-до-доп
Мә-ши-не
Сергіту сәті:
Отырамыз!
Тұрамыз!
Бір, екі, үш.
Біз жинаймыз күш!
«Айтқанды орында» дидактикалық ойыны.
Балалардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, тілдерін дамыту мақсатында үлестірмелі материалдармен жұмыс жүргізу. Аталған сөздерге сәйкес суреттерді көрсету.
Балалар бірге қосылып және жеке-жеке қайталайды.
Тақпақты қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Ойыншықтар: машина, доп, қуыршақ
Рефлексиялық – түзетушілік
«Топта не бар?» дидактикалықойыны.
«Қ» дыбысы кездесетін ойыншықтын аттарын сұрау.
Ойыншықтарды атайды.
Өз ойыншықтары туралы айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ, сөздерін;
Қандай түсініктерді игереді: қаз тіліне тән дыбыстарды ажырата алуды;
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: ойыншықтарына ұқыпты қарау екенін.
Қазақ тілі мұғалімі: ___________Мизгильбаева А.С.
Қолы