[pic]
№7 Дидактикалық ойын
«Сәулеге киімін шешуді үйретеміз»
Ойынның мақсаты:Балаларды ойынға белсене қатысуға,тәрбиешінің тапсырмасын дұрыс орындауға,сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.Киімдерді ретімен шешуге және ұқыпты жинауға тәрбиелеу.сөздік қорын молайту.
Керекті құралдар:қуыршақтың жыл мезгіліне сай арналаған киімдері.
Жас ерекшелігі:2-3жас
Ойынның ережесі:Балалар қуыршақты серуеннен келгенде киімін ретімен шешіндірі,киімдерін дұрыс іліп,аяқ киімін дұрыс қою.
Ойынның барысы:Тәрбиеші серуеннен келген қуыршақты балаларға көрсетіп.-Балалар Сәуле серуеннен келді қәне оған дұрыс шешінуді үйретейік. Сәуле аяқ киімін шешуге ыңғайласады.
-сәуле сен алдымен бас киімді,сосын тоныңды,аяқ киіміңді шешуін керек.
балалар қайталайды
№6 Дидактикалық ойын
«Қуыршақты серуенге киіндіреміз»
Ойынның мақсаты:Балалардың қызығушылығын арттыру.Баланың зейінін,ойлау қабілетін дамыту.Киімдерінің түсін,түрін ажырата білуге үйрету.
Керекті құралдар:қуыршақтың жыл мезгіліне сай киімдері.
Жас ерекшелігі:2-3жас
Ойынның ережесі:Балалар қуыршақты серуенге киіндірулері керек.Серуенге қажетті киімдерді ретімен қиіндіруге үйрету.
Ойынның барысы:Тәрбиеші қуыршақ пен киім салынған әдемі үлкен қорапты балалардың назарына ұсынады.Балалар бұл қуыршақ.Сәуленің киімдері.Қәне қараңдаршы.Сәуледе қандай киімдер бар екен?
Тәрбиеші киімдерді қораптан шығарып,балаларға көрсетеді.
№4 Дидактикалық ойын
«Қандай?»
Ойынның мақсаты: Балаларды заттың түстерін ажырата атауға үйрету. (қызыл,жасыл)
Керекті құралдар:Түрлі-түсті қарындаштар.
Жас ерекшелігі:2-3 жас
Ойынның ережесі:Үстел үстіндегі түрлі-түсті қарындаштарды дұрыс таңдап бояуға үйрету.
Ойынның барысы: Тәрбиеші балаларға гүл,жалау,шар салынған қағаздарды ұсынады.
-Балалар мына гүлді қандай түспен бояуға болады?
Балалар үстел үстінен гүлді бояуға қажетті қарындашты таңдап алып,суретті бояйды.
-Ал мынау аяқталмаған шөптің суреті оны қандай түспен бояймыз?
Балалар жасыл қарындашты алып суретті аяқтайды.
№2 Дидактикалық ойын
«Жоғары-төмен»
Ойынның мақсаты: Балаларды ойыншық атауларын дұрыс атауға үйрету.
Кеңістікті бағдарлайтын «жоғары», «төмен» ұғымдарын түсініп орындауға үйрету.Берілген тапсырманы түсініп орындауға дағдыландыру.
Керекті құралдар: Кубиктер,матрешкалар н/е қуыршақтар,ойыншықтар.
Жас ерекшелігі:2-3 жас
Ойынның ережесі:Кубиктерден жасалған баспалдақпен ойыншықты жоғары-төмен түсіріп ойнату.
Ойынның барысы: Тәрбиеші кубиктерден баспалдақ жасайды.Сол баспалдақпен қуыршақты «Жоғары», «төмен»
сөздерін айта отырып орындайды.Бір баланы үстел жанына шақырып,тапсырманы орындатып, «жоғары», «төмен»сөздерін қайталатады.
№1 Дидактикалық ойын
«Тапсырма»
Ойынның мақсаты:Баланы берілген тапсырманы мұқият тыңдап,тиянақты орындауға үйрету.
Керекті құралдар: ойыншықтар
Жас ерекшелігі: 2-3 жас
Ойынның ережесі: Тәрбиешінің берген тапсырмаларын тиянақты орындау,мысалы;
-Үлкен аюға кесемен шәй бер
-Кішкентай қуыршақты үстелге отырғыз
Ойынның барысы: Үстел үстінде ойыншықтар:үлкен ,кіші аю,матрешкалар,қызыл,көк түсті кеселер,үлкен,кішкентай кубиктер
Тәрбеші балаларға ойыншықтардың атауын атап,көлемін айтуын ұсынады.Бір-бірлеп балаларды шақырып тапсырма береді.
-Үлкен аюға қызыл кесемен шәй бер.
-Кішкентай аюды алға қой,матрешканы артына қой,кубикті оң жағына,кесені сол жағына қой.
№5
Дидактикалық ойын:
“Көкөністі таны да, ата”
Ойынның мақсаты: балаларды көкөністерді танып,дұрыс атауға , “Біртіндеп ал” тапсырмасын түсініп,орындауға үйрету.
Керекті құралдар: көкөніс салынған себет.
Жас ерекшелігі: 2-3 жас
Ойынның ережесі:Себеттегі көкөністердерді біртіндеп алып,түсін ,пішінін атайды.
Ойынның барысы: Тәрбешін балалар назарына көкөністер салынған себетті ұсынады да көкөністерді біртіндеп алып балаларға көрсетеді,атын айтқызады.
-мынау не?
-сәбіз
-Түсі қандай?
-Қызғылт сары
-Пішіні қандай?
-Сопақша
Осылайша көкөністерді көрсетіп,сипаттап шығады.