«Кел, ойнайық!»
Көтеріңкі көңіл күй сыйлауға арналған.
Қатысушылар: Орта топ «Балапан», «Қайнар»
Мақсаты: Балаларға жағымды эмоция сыйлау, қырағылыққа, шапшаңдыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу. Кейіпкерлерді сомдауға үйрету.Достық қарым-қатынасты нығайту.
Сәлемдесу: Көтеріңкі көңіл күй сыйлай мақсатында дененің әтрүрлі мүшелерімен амандасу ( қолмен, баспен, иықпен, құшақтасып, өкшемен т.б.)
«Ұста- ұстама»
Шарты:Үй жануарларын атасам допты қағып алуы керек, жабайы жануарды атасам қағып алмайды.
«Қырағы көз» қырағылыққа арналған
Шарты: Бір баланың көзін байлап топтағы заттардың орнын ауыстыру, бала көзін шешкенде не ауысқанын табу керек.
«Сипап сезу»
Шарты: Көзі байлаулы тұрып затты қолымен ұстап қандай зат екенін атау.
Сергіту сәті
«Көңілді аңдар биі» Музыка ырғағымен аю, қоян, балық болып билейді.
«Шалтай-балтай» көңілді биден кейін қозу процесін тежеу үшін.
Шарты: Шалтай-балтай
Қабырғада отырды
Шалтай-Балтай
Ұйықтап қалып, құлап кетті.
«Қатып қал, қозғалма!»
Шарты:Музыка тоқтағанда кім қандай қимыл жасап тұрса олай қатып қалуы керек.
Қортынды: Жарайсыңдар балалар! Бүгін біз сендермен талай ойындар ойнадық. Көңіл күйімізде көтерілді.
«Күлкі-ашылған гүл,
Көңіл-шашылған нұр» демекші үнемі жүзімізден күлкі арылмасын.