Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Қоянды орта мектебі
Шидерхан Таня
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту. 1-ден 20-ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап беруді талап ету. Балаларды тапқырлыққа,жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Қызмет кезендері/
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Дәлелдеу-ояту
Ұйымдастыру – іздену
1) 1-10 санату. ( тура және кері)
2) Математикалық диктант:
4+3= 5+4= 3+6=
10-4= 8-4= 9-5=
Балалар берілген есептерді шығарды.
-Өткен сабақта қандай санмен таныстық?
Жаңа тақырыпты ашу үшін «Бауырсақ» ертегісіне саяхат жасап, сол жерде кездесетін жануарлардың тапсырмаларын орындату. ( Интерактивті тақтаны пайдлану)
[pic]
1)Жолдардағы сандарды салыстыру.
1-ден 20- ға дейін тура және кері санау.
Мына сандардың алдында қандай сандар тұрады?
[pic]
2)Қалқанқұлақтың қатесін тап:
8+2=9 3+3=9
6-2= 4 4+2=7
5+3=7 6-5=2
Сергіту сәті
1. Санамақ айту
Бір дегенім – білім, Білімсіз жоқ — күнің. Екі деген – елім, Далам, тауым, көгім. Үш дегенім – үміт, Үміт аптар жігіт. Төрт дегенім – төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім – – бесік, Шықтық содан өсіп, Алты деген – ақыл, Тыңдағаның мақұл. Жеті деген – жалау, Жүректегі алау. Сегіз деген – сөзің, Серт беретін кезің. Тоғыз деген – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он дегенім – Отан, Қорға оны, ботам!
[pic]
1.Тал басына күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін тоғыз туысын,
Ертіп келді бұл ара,
Бүгін талда қанша ара? ( 1+9=10 )
2.Тал басында тізіліп,
10 жапырақ тұр еді.
Жел тұрды да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? ( 10-2=8)
3) Дәптермен жұмыс.
А. Үлгі бойынша 20 цифрын жазу.
Ойын: «Сап түзеу» (-1-ден 20-ға дейін тура және кері санау)
Балалар аюдың берген тапсырмасынан мүдірмей өтті.
Балалар қасқырдың берген тапсырмасынан да өтті.
Балалар түлкінің берген тапсырмасын орындады.
Рефлексивті түзету
Балалар бүгін қандай сандармен таныстық?
1-20 дейін санай аламыз ба?
Кері санай аламыз ба?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау.
Балалар сұраққа жауап берді.
Күтілетін нәтиже:
Білді: 1-20 дейінгі сандарды санауды, таңбалауды білді.
Игерді: тапсырмаларды орындау арқылы есеп шығаруды игерді.
Меңгерді: сандарды оң және кері санауды, дәптерлеріне көркем салуды меңгерді.