Ойын-саяхат: «Не орманда тұрады?» технологиялық карта

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


технологиялық карта

ұйымдастырылған оқу іс-әрекет


Өткізген: Дюсембекова А.А.

Өткізу мерзімі: 02.10.13 ж.

Топтың жас ерекшелігі: ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта»

Бөлім: Экология негізі, экология

Тақырыбы: Ойын-саяхат: «Не орманда тұрады?».

Мақсаты: Балалардың ормандар тұрғаындары туралы білімдерін молайту және бекіту. Жабайы аңдарды ажыратуға және атауға одан әрі үйрету. Байқампаздығын,ойлау қабіле-тін, тілдерін дамыту. Сөздік қорын белсендіру.Жануарларға деген сүйіспеншілік сезімде-рін тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекі құралдар: жабайы аңдардың суреттері (ойыншықтар)

Сөздік жұмыс: жыртқыш, жирен

Билингвальдық компонент: жыртқыш – хищник, жирен – рыжий.


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық

Кіріспе әңгіме: Балалар,біз бүгін сен-дермен орманға серуенге барамыз.

Серуенге баруға ықылас-тарын білдіреді.

Ұйымдастырушы-

лық - ізденістік

-Балалар, қане, жүппен тұрып, бір-бірінді мықтап қолдан ұстаңдар.

-Балалар, айтыңдаршы, жолдан қалай өту керек?



-Жақсы. Жолдан өткенде, абайлаңдар Жан-жаққа дұрыстап қараңдар.

-Міне біз орманға да келдік. Бізді бі-реу қарсалып жатқан сияқты.

Таңырқат сәті: ойыншық «Орман иесі»

-Балалар, сәлеметсіңдер ме! Мен Орман иесімін. Менің орманыма хош келдіңіздер.

-Сәлеметсің бе,Орман иесі.Біз бала-лармен орманға серуенге және ор-манда не мекендейтінін көруге кел-дік.

-Жақсы. Жүріңдер,мен сендерге ор-ман тұрғындарын көрсетейін.

Топтың әр жерінде жабайы аңдар (ойыншықтар) орналасқан.Кезекпен ойыншықтарды көрсетіп:«Балалар , мынау не?» - деп сұрақ қояды.

-Бұл аю. Оның тоны жылы, ол қыста тоңбайды.Жылы күндері аю орманда өсетін ағаштағы жидектермен, ұсақ аңдармен көректенеді. Қыста ұйқыға кетеді.

-Қараңдашы, мына жерде не отыр?

-Иә, ол түлкі. Ол жыртқыш аң, түлкі өзі сияқты аңдарды ұстап көректене-ді.Оның тонының түсі қандай?

-Осы түсті жирен деп айтуға болады.

Сергіту сәті: «Күндей болып күле-міз»

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз,

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

-Ана ағаштың артында не тығылып отыр?

-Иә, ол қасқыр. Қасқыр түлкі сияқты жыртқыш аң. Қасқырлар көбінесе топпен жүреді. Қасқыр мен түлкі сез-гіш аңдар. Қасқыр қалай ұлиді?

-Балалар, орманда тағы да қандай аңдар мекендейді екен айтыңдаршы?

-Қоянның жазда тоны сұр түсті, ал қыста ақ түсті болады.

-Рахмет, саған, Орман иесі. Бүгін біз-дің серуеніміз қызықты болды.

Д/ойын: «Бұл қандай аң?»

Шарты: тәрбиеші бір аңның түсін сипаттап немесе жүрісін көрсетіп, ба-лаларға ол қандай аң екені айтуға ұсынады.

-Тамаша. Бірақ бізге балалар, топқа қайтатын уақыт келді.

Жүппен тұрып, тәрбиеші-нің артынан жүреді.

Балалардың жауаптары:

-Жолды бағадаршамның жасыл шамына, әділеген жолдан немес жер асты жолмен өту керек.




Ойыншыққа қызығушы-лықтарын білдіріріп, амандасады.









Жан-жаққа орналасқан ойыншықтарға жақын-дап, Орман иесінің әңгі-месін тыңдайды.






-Түлкі отыр.



-Оның тоны тоқсары түс-ті.

Тұрып бойларын жазады.






Балалардың жауаптары:

-Ол қасқыр.



Балалар «У-у-у» деп қас-қырдың дауысын елек-тетіп ұлиді.

-Кірпі, қоян, тиын, т.б.





Ойынға ықыластарын білдіреді.




Жүппен тұрып, тәрбиеші-нің артынан жүреді.

Рефлексиялық -

түзетушілік

-Міне топқа да келдік. Балалар, сен-дерге бүгін не қызықты болды?

-Орманда біз кімді кездестірдік?

-Ол бізге қандай аңдар туралы әңгі-мелеп берді?

Белсенді балаларды мақтайды.

Балалардың жауаптар:

-Орманда серуендеген.

-Орман иесің.

-Жабайы аңдар туралы: аю, түлкі, қасқыр, т.б.

Күтілген нәтиже:

Біледі: жабайы аңдардың атауын, сыртқы түрлерін, немен көректенетінін.

Игереді: жабайы аңдар туралы түсініктері.

Меңгереді: жабайы аңдарды сыртқы түрлері бойынша ажыратып атауды.