Математика сабағы. Тақырып: 1-ден 20-ға дейінгі сандар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


АШЫҚ САБАҚТАР

Тақырып: 1-ден 20-ға дейінгі сандар

Сабақтың мақсаты: 1. 1-ден 20-ға дейінгі сандар туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, 1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау.

Есту барысында сандарды ажырата білуге жаттықтыру.

Дамытушылығы: балалардың ой-өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиешілігі: балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, логикалық есептер, санамақтар.

Оқу іс-әрекетінің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Балалар хормен:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

  1. Балалардың назарын сабаққа аудару.

  • Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа пойызбен шығамыз.

  • Балалар, біз қандай сандармен таныстық?

  • Вагон сандары ретімен тіркелгенбе?

  • Онда ретімен тіркеп алайық.

  • Енді вагондарды ретіменсанайықшы.

  • Енді кері санайық.

  • Вагондар саны нешеу екен?

  • Енді тақтадағы вагондарымызды ретімен қойып шығайық.

  1. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.

1,2,3

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз!

Дәптермен жұмыс.

1 тапсырма: Қалдырған сандарды жаз. Әрбір екінші жапырақты сары түспен боя.

2 тапсырма: Әр ыдысқа бір қарындашты қос. Әр ыдыста неше қарындаштан болады?

Мына екі ыдыстағы қарындаштарды бөліп салайық және екі ыдыстағы қарындаштарды тағы қалай өзгертіп салуға болады?

Мысалы: 3+2=5, 4+1=5, 2+3=5

  1. Сергіту сәті.

Балалар, сергітіп алдық қой, енді ауызша есептер шығарайық. Мен жасырам, сендер жауабын айтасыңдар.

-Екі балапан тұр,

Екі балапан отыр.

Шатаспай тез ойласаң,

Барлығы қанша балапан? (төрт)

-Пісіп тұрған төрт алмұрт,

Қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұртты бұтақтан,

Алып жеді Мұратқан.

Қанша қалды алмұрттан? (екі)

-Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алды.

Айтшы, сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалды? (екеуі)

-Тал бойында тізіліп

Бес жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті үшеуі.

Ілініп тұр әлі

Жапырақтың нешеуі? (үшеуі)

-Табақта төрт өрік,

Қолымда бір өрік.

Қосқанда барлығы

Болады неше өрік? (бес)

-Алма ағашта бес алма,

Қандай тәтті жесе алма.

Бесеуін де жеп қойсам,

Қалады сонда неше алма? (0)

-Алғашында күн ара,

Қонушы еді бір ара.

Бүгін төрт туысын

Ертіп кепті бұл ара.

Келіп қонды неше ара? (бес)

  1. Қорытындылау.

«Көршісін тап» ойыны.

Енді балалар, мына сандарды ретімен кім орналастырады?

Бұл сандарды тура, кері кім санайды?

Сандардың көршілерін тауып көрейік.

  1. Мадақтау.





Тақырып: 11 санымен таныстыру

Сабақтың мақсаты: 11 санымен таныстыру, жасалу жолын түсіндіру, цифрын жазып, қол жаттықтыру дағдыларын қылыптастыру. Жазбаша, ауызша, тура және кері санау, ақыл-ой белсендігін дамыту. Шапшандыққа, тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестермелі материалдар, цифрлар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Түрі: Ойын

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келген екен. Қонақтармен амандасайық!

Ал енді шеңберге тұрып, көңіл- күйімізді көтерейік.

Амансың ба, алтын күн

Амансың ба, көк аспан

Амансың ба, достарым

Амансың ба, қонақтар

Сабағымызды бастаймыз

Жамандықты тастаймыз.

Балалар амандасады.

Балалар көтеріңкі күйде қимыл-қозғалыс жасап, бір-біріне сәлем береді.






Ұйымдастыру-іздену











































Рефлексивті түзету

Балалар ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінен қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан қандай санмен таныстық? 10-ға дейін тура және кері санау.

Жұмбақ: Қар тон еріп, су көбейіп,

Сай-салаға ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып

Гүл, бәйшешек басады.

-Айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?

-Қазір жылдық қай мезгілі?

-Алда қандай үлкен мереке келе жатыр?

-Аналарыңа сыйлық жасағыларың келе ме?

Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

11 санымен таныстыру.

11 санына есептер шығару.

10 алма + 1 алма

10 қияр + 1 қияр

10 алмұрт + 1 алмұрт

10 өрік + 1 өрік

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Екі қолды қосқанда

Болып шықты он саусақ.

1 тапсырма: Әр суретте қанша зат бар екенін сана және оларды сәйкес цифрмен байланыстыр.

2 тапсырма: Суретте қанша зат болса, сонша шеңберді боя және сәйкес цифрды сызып белгіле.

3 тапсырма: Әр суретте қанша алма бар екенін сана және қажетті цифрды шеңбер ішіне жаз.

4 тапсырма: Көршісін тап

1 2 3 012 123 234

4 3 5 0 2 345 345 012

123

5 тапсырма:

Салыстыр

5 сөмке 4 сөмке

4 кітап 3 дәптер

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір,

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай – ақ.

Әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы аналарына сыйлық жасады.



  • Қандай санмен таныстық?

  • 11 саны қалай пайда болды?



Балаларды мадақтау





10 саны


0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0




Көктем

Көктем

Аналар мерекесі

Келеді

Суретке қарап өз ойларын айтты

Санмен танысты

11 алма

11 қияр

11 алмұрт

11 өрік







11 санын жазды

Қимылмен жасады


2,4,5


5,8


4 алма




5 сөмке

4 кітап

Қимылмен көрсетті


Гүлді бояды









11 саны

10-ға 1-ді қосу арқылы


Күтетін нәтиже:

Білу: 11 санының пайда болуын білді.

Игеру: Әр санның артында, алдында қандай сан бар екендігін игерді.

Меңгеру: Санның неше ондық, неше бірліктен тұратынын меңгерді.