ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пәні: Мектепке дейінгі педагогика
Мамандығы: 0101000-«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Тобы: МДБ-Т-13
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру
Мақсаты: Студенттердің мектепке дейінгі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесі туралы теориялық түсініктерін
тереңдету. Адамгершілік тәрбиесінің мақсат-міндеттерін, мазмұны мен құралдарын және әдіс-
тәсілдерін меңгерту, оны тәжірибеде пайдалана білуге баулу.
Оқыту нәтижесі: Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік қалыптасады;
Адамгершілік тәрбиесінің құралдары мен әдістерін оқу іс-әрекеті кезінде қолдана алады;
Бір-бірімен пікір алмасады, топта жұмыстанады, өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыланады.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО, АКТ, топтық жұмыс. Джигсо, айналмалы шеңбер, кері байланыс парағы
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
1.Қызығушылықты ояту.
[pic]
[pic]
Сабақты тренинг ретінде бастайды. Бір-біріне жылы лебіз айту.
Экраннан видеофильм көрсету. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.
Топқа бөлу: Оқытушы көңіл-күйі әртүрлі смайликтерді тақтаға іліп қояды. Оқушылар таңдайды
Оқушылар бір-бірінің алақанына алақандарын тигізіп, жақсы бір адамгершілік қасиеттерін айтады (шеңбер бойымен жалғасады)
Тақтадағы смайликтерді әр оқушы өзінің көңіл-күйіне байланысты таңдап, түстер бойынша топқа бөліну
[pic] [pic] [pic]
Интерактивті тақта.
Смайликтер
Слайдтар
Жаңа сабақ.
«ДЖИГСО ӘДІСІ»
Джигсо әдісі бойынша жаңа тақырыпты оқып, талдап, бірігіп жұмыс жасауына жол ашу.
[pic] [pic]
Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады."Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың"деп ертеде ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне жастайынан кірісіп, бала мінезіндегі кемшілігін дер кезінде түзеп, тәрбиелеп отыру керектігін, ересек кезінде кеш болатынын әрқашан айтып отырған.
Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз да адамгершілік тәрбиесі туралы болмақ.
Топ оқушыларын берілетін тапсырмалар:
І топ: Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны , міндеттері
ІІ топ: Адамгершілік тәрбиесінің ұстанымдары
ІІІ топ: Тәрбиешінің моральдық бейнесі мен адамгершілікке тәрбиелеу әдістері
ІҮ топ: Мектеп жасына дейінгі балаларды Отанға сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Ү топ: Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын дәптерлеріне түсіріп отырады.
Джигсо әдісі бойынша, әр топтағы оқушылар берілген тақырыптарды оқулықтан оқиды. Топта талқылайды. Талқылап болған соң, топта 1 оқушы қалады, тақырыпты басқа топ мүшелеріне түсіндіреді, қалған оқушылар басқа топтың тапсырмаларын тыңдайды.
[pic]
[pic]
Оқулықтар.
С.Андабекова Мектепке дейінгі педагогика;
Алматы, 2014ж
В.И.Ядышко
Мектепке дейінгі педагогика
Алматы, 2002 ж
Ф.Н.Жұмабекова
Мектепке дейінгі педагогика.
Астана-2008 ж
ПОСТЕР ҚОРҒАУ
Оқушыларды тақырыпты кең көлемде игергенін постер арқылы қорғайды
Әр топтың оқушылары оқулық бойынша оқығандарынан флипчартқа салады.
[pic]
Оқулық,
Флипчарт немесе плакат
Сабақты бекіту.
« [pic] Айналмалы шеңбер» стратегиясы.
Топ екі түрлі шеңбер құрады. Ішкі және сыртқы шеңбер. Сыртқы шеңбер ішкі шеңберде тұрған адамға адамгершіліе тәрбиесі бойынша сұрақ қояды. Ішкі шеңбердегі адам жауап береді. Келесі де шеңбер ауысып тұрады. Осылай жалғаса береді.
Оқушылар сыртқы шеңберге мен ішкі шеңбер болып тұрады. Бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді.
Сұрақ жауап
Оқулық,
Бағалау
Оқушыларды түстерге байланысты бағалау.
Сары түс-қанағаттанарлық
Көк түс-жақсы
Қызыл түс-өте жақсы
Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады.
Формативті бағалау
[pic]
Өзін-өзі бағалау парқтары
Қ [pic] орытынды
"БЕС САУСАҚ " әдісі.
А 4 парақ көлеміне бес саусағынын суретін салады. Бүгінгі сабақтан не үйренгенін және нені түсінбеген саусақтың ішіне орналастырып жазады.
Бес саусаққа бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады.
А4 парағы, АКТ
Үйге тапсырма
С.Андабекова Мектепке дейінгі педагогика оқулығынан «»Тәртіптілік және мінез-құлық мәдениеті», «Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі» тақырыптарын оқып келу. 122-133 беттер
Тақырыпқа байланысты балабақша өмірінен педагогикалық жағдаяттар дайындап келу
С.Андабекова Мектепке дейінгі педагогика