Ашық сабақ Жамбырлы күн топ: 2-ші сәбилер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Абишева Жамал Баирқызы

Павлодар облысы Баянаул ауданы

С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі

«Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі.
Топ: 2-ші сәбилер

Сабақтың тақырыбы: Жаңбырлы күн»

Шығармашылық, әлеуметтік орта.

Бөлімі:

Тіл дамыту

Тақырыбы:

Жаңбырлы күн»

Мақсаты:

Балаларды табиғат құбылыстарын бақылап отырып өз сезімдерін бейнелей білуге үйрету,жаңбыр тамшыларың қағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру, бейнеленген заттарын музыка әуенімен қимыл қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау, ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Көгілдір түсті бояу, ақ қағаз,губка,су,сүрткіш плакаттар,суреттер.




Мотивациялық –қозғаушы

Шаттық шеңбер: Балалар біз қазір әдемі шеңбер құрып бүгінгі күнге алғысымызды білдіріп,бір-бірімізге жылы лебіздер айтып,шаттық сыйлайтын боламыз,сөйтіп көпіл-күйімізді бір көтеріп аламыз.

(Аспан ашық болсын, күлкі көтеріңкі,көніл күй, шаттық мол болсын, ауырмайық т.с.с.)

Ұйымдастыру іс-әрекеті

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жаңбыр тамшылары»

Тәрбиеші: Мен сендерге жұмбақ жасырам сендер шешуін тауып көріндер.

Тырыс – тырыс тамады,

Тереземді қағады.

(Жаңбыр)

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

Бүгін күн қандай

Ашық па

Бұлтты ма

Жаңбыр жауып тұр ма

-Тақтадағы суретке мұқият қарандаршы,бұл не

-Түсі қандай

Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі

Қәне, тындап көрейік.

Тәрбиеші үстел үстіне саусақтармен ттарсылдатып жаңбыр дыбысын бейнелейді.

-Ой, жаңбыр құйып жауып кетті.

Көркем сөз оқу.

Жауын-жауын-жауады

Бәрін суға малады.

Біз қарындаш аламыз

Тамшыларды саламыз.

-Жаңбыр жаумас бұрын, алдымен аспанда не пайда болады.

-Олай болса қағаз бетіне алдымен бұлтты салып аламыз.Бұлт қоюланғанда түсі сүр болады. Енді жаңбыр тамшыларын қағазға былай түсіреміз

(салу тәсілін көрсетеді).Губканың бір бұрышын ақ түсті бояуға батырып алып, бір рет бастыру арқылы тамшы бейнесін түсіреді.Қылқаламмен сүйкей

жағып, дақтар түсіру тәсілімен де орындауға

болады.Қағаз бетіне біркелкі

шашырата салуларын қадағалайды.

Жұмыстарына басшылық

Жасйды ,аяқтаған жұмыстарын ауызша бағалайды.

Сергіту сәтің

Бала-бала балақан қане қайсы аляқан,

Саусақтарым әйбат былай –былай ойнат.


Рефлексивті-түзетуші

Тәрбиеші балалардың салған суреттеріне баға береді. Балалар қазір сендер бір-бірінің салған суреттеріне баға бересіндер. Балалар бүгінгі сабаққа бәрін өте жақсы қатыстындар. Суреттіде дүрыс салып көрсете алдындар. Барлықтарын суретші екенсіндер.

Назарларыңызға рахмет.

Нені білу керек:

Табиғат құбылыстары жайлы түсінік,жаңбырлы күннің ерекшеліктерін біледі.

Нені игереді:

Жаңбырдың түрлері және оны қағаз бетіне түсіру ерекшеліктерін игереді,губкамен немесе қылқаламен қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын сала білу дағдысы қалыптасады

Нені біледі:

Қағаз бетіне атаулы суретті дұрыс орналастырып қолдана алуды,жұмысты орындау барысында қойылған талаптарды дұрыс сақтай білуді меңгереді.