«Балапан » тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Таным»білім беру саласы.
Тақырыбы: Мамандық. Дәрігер.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балаларға дәрігер мамандығының не үшін қажет екендігін түсіндіру.
Білімділік: Ойын барысында сөздік қорын дамыту, оны түсініп, қайталай білуге үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Дәрігердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Баланы қарап жатқан дәрігердің суреті, дәрігерге қажетті құралдар .
Қостілділік компонент: Дәрігер-врач, сатушы – продовец,
құрылысшы-стройтель, мұғалім-учитель, шаштараз-парикмахер.
Сөздік жұмыс: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, қайталату, ойын, әңгімелесу.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –
қозғаушылық
Балалар шеңбер жасап тұрып, бір –біріне тілектер айтады.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қонақтармен амандасу. Балалар қонақтармен бірге қуыршақ Айшада келді. Ол сендердің ұйымдасқан іс әрекетке қалай қатысатындарыңды көргісі келеді.
Балалар өлеңді қимыл қозғалыспен қайталайды.
Сәлеметсіздер ме?
Ұйымдастырушылық-
Ізденістік
Әңгіме жүргізу.
Бүгін сіздермен «Мамандықтар мен танысамыз» Мамандық дегеніміз ол жұмыс, еңбек ету. Мамандық иесі болу үшін көп оқып, білімді болу керек.
Мына суретте сатушы дүкендегі заттарды сатып тұр.
Құрылысшы кірпіштерден басқа заттардан үй, мектеп ,балабақша салады. Мұғалім мектептегі оқушы балаларға сабақ оқытады.Шаштараз адамдардың балалардың шаштарын қияды, әдемілеп шаштарын бұйралайды және әдемілеп өреді.Дәрігер ауырған балаларды емдейді.Үлкендерді емдейтін басқа да дәрігерлер болады.
Сендерді емдейтін бала дәрігері болады.
Сергіту сәті.
Кәне Ү –п деп айтайық.
Демді ішке тартайық.
Енді У –һ деп айтайық
Демді шығара қайтарып.
Айшада шаршады дем алып арбаға жатсын. Балалар, кейде дәрігерді үйге шақырамыз, сонда олар қандай машинамен келеді екен? «Жедел жәрдем» машинасымен.
Ой балалар кім жылап жатыр? «Қуыршақ Айша » ауырып тұрған сияқты.
«Жедел жәрдемді» шақырамыз. «103» номерін тереміз. Телефон шаламыз.
Сәлеметсізбе, «жедел жәрдем» бе? «Айналайын» бақшасынан «Балапан» тобында «Қуыршақ Айшаның » тамағы ауырып ,ыстығы көтерілді.Тезірек келіңіздер.Тосын сый.
Жедел жәрдемнің дауысы. Ақ халатты абзал жан дәрігеріміз келді.
Сәлеметсіздер ме балалар. Бұл кісі дәрігер.
Дәрігер «Қуыршақ Айшаның » өкпесін тыңдап, ыстығын градусникпен өлшеп дәрі беріп кетеді.Күнде жаттығу жасап дәрумендер ішіп жүріңдер. Қош сау болыңдар ауырмаңдар.
- Балалар қораптың ішінде дәрігерге
қажетті құралдар бар екен. Бұр құрал не үшін қажет? Ауырған балалардың өкпесін, тыңдайды, ал бұл құралмен қызуын өлшейміз. Градусник деп айтамыз. Бұл дәріні кімге береміз? Ауырған қуыршаққа береміз. Енді оны жылы жауып қояйық, ұйықтасын.
-Жарайсыңдар, балалар.Балабақшада бізгедәрі беретін апайдың аты кім ? Тамара апай бөлмесіне саяхатқа барамыз, сол бетте шығып кетеді.
Балаларға ой тастау. Педагогтің көмегімен айтып береді.
сатушы – продовец,
құрылысшы- стройтель.
Мұғалім-учитель.
Шаштараз-парикмахер.
Дәрігер-врач.
Бірге тыныс алу жаттығуларын орындайды
Сәлеметсіз ба .
Қораптың ішіндегі құралдарды балалар қайталап айтып береді.
Балалар көргендерін айтып береді.
-Балаларды ауырғанда емдейді.
Өкпесін тыңдайды, дәрі береді.
-Дәрігер баланы тыңдап отыр.
Рефлексиялық- түзетушілік
Сұрақтар:
Бүгін бізгекім келді?
Дәрігер не істейді?
Ауырғанда кімге барып емделеміз?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Дәрігер адамды емдейтінін.
Қандай түсініктерді игереді: Ойын барысында дәрігерге қажетті құралдармен танысып, қарапайым сөйлем құрай білу дағдыларын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Дәрігер мамандығы туралы білімді.
«Айналайын» бөбекжайы
[pic] Тәрбиеші:
Г.Жетібаева
Приозерск қаласы