«Балапан» тобының оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Өткізілген күні 23.12.2015. Бекітемін:__________
Білім беру саласы: Таным.
Оқу іс-әрекеті:Сезім тәрбиесі.
Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімге арналған моншақ»
Мақсаты : балаларды өлшемі мен түсі бойыншаәртүрлі геометриялық фигураларды кезектестіруге үйрету; қызыл, көк түстер туралы түсінікті бекіту; «түсі бойынша әртүрлі», «өлшемі бойынша әртүрлі» деген ұғымдар мен «үлкен – кішкентай деген түсініктерді дұрыс қолдану; ұсақ бөлшектерді бауға тағуды орындай отырып, саусақ ұштарының моторикасын дамытуды жалғастыру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал- жабдықтар : қуыршақ Әйгерім; моншақтар мен баулар салынған себет; әрбір балаға 4 үлкен қызыл түстен және 4 кішкентай өлшемді көк түстен моншақтар; әр бала үшін бір жақ ұшында қатты бекітпесі мен екінші жағында ілгіші бар бау.
Сөздік жұмыс : тізіледі.
Билингвальді компонент: моншақ – бусы.
Ойындық жағдаят. -Қараңдаршы, сендерге қонаққа қуыршақ келді, оның есімі Әйгерім. Балалар, Әйгеріммен амандасайық. Қцыршағымыз өзімен бірге түрлі түсті моншақтар мен баулар ала келіпті. Оған мерекеге арналған сәндік моншақ керек екен. Ол сендердің оған көмектесулеріңді сұрайды.
-Балалар, қуыршаққа мерекеге арналған моншақты жасауға көмектесеміз бе?
Билингвальды компонент: моншақ-бусы.
Балалар қуыршақпен амандасады.
Балалар келіседі.
Ұйымдастырушылық ізденістік
-Моншақтардың түсі қандай? – Өлшемдері қандай?
-Моншақтар неге тізіледі?
Сөздік жұмыс: тізіледі.
-Қараңдар, мен бір қолыма бауды аламын, ал екінші қолыма үлкен қызыл моншақты аламын, енді бауға ақырын өткіземін. Сосын кішкентай көк моншақты аламын және тағы да бауға өткіземін.
Мен қазір әрқайсысыларыңа жеке келіп, моншақты бауға қалай дұрыс тізу керектігін үйретемін. Сонымен аяғына дейін барлық моншақты тізіп біткенше жалғастырамыз.
Моншақты тізіп біттік, енді ұшын байлап қоямын. Қуыршағымызға моншақты кигізейік. Әйгерімге біздің жасаған моншағымыз өте ұнады.
Сергіту сәті.
Көзге арналған жаттығу. Педагог отырып 3-5 секунд көзін қатты жұмады, содан соң 3-5 секунд көзін ашады. 5 рет қайталайды.
Қазір мен сендерге бауларды таратып беремін Ең алдымен үлкен қызыл түсті, сосын кішкентай көк моншақты өткізу керектігін естеріңе сақтаңдар.
Жұмыс барысында балаларға көмек көрсетеді.
Қызыл, көк.
Үлкен және кішкентай.
Жіпке тізіледі.
Қайталайды:
Тізіледі,
Балалар кезекпен педагогтың көмегімен 2 моншақтан өткізеді.
Педагог көрсеткенін балалар қайталайды.
Балалар өздігінен немесе педагогтың көмегімен жұмысты орындайды.
Рефлексиялық түзетушілік
«Қуыршақтың мойнына моншақ тағамыз» дидактикалық ойыны. Балалар, жасаған моншақтарымызды топтағы қуыршақтарға тағайық, мен сендерге көмектесемін.
Топтағы барлық қуыршақтардың мойнына моншақтар тағылады.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: қуыршақтардың мойнына тағатын моншақтарды тізеді;
Түсінеді: «үлкен, кішкентай» түсініктерін; «түсі бойынша әртүрлі», «өлшемі бойынша әртүрлі» сөздерінің мәнін; қызыл, көк түстер туралы ұғымды;
Қолданады: моншақтарды өлшемі және түсі бойынша кезектестіре тізуді.