Балалармен жұмыс түрі:
Ертегі – халық даналығының ғажайып туындысы. Ертегілер – балаларды қиялдауға, жақсылықтан үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрететін танымдық, тәрбиелік мәні күшті құрал. Ертегілер ойдан шығарылғанымен, мағынасыз болмайды. Ертегілер адам баласының еңбек-кәсібіне, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған.
[pic]
Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі балалардың ең сүйіп тындайтыны –ертегілер. Балаларға ертегіні әңгімелеп бергеннен кейін оны сахналап қойып және қуыршақ, саусақ театры арқылы көрсетіп үйреткен тиімді. Әр жастың өзінің тілі бар. Балалық шақ тілі – ол ертегі. Ертегі баланың дамуына үлкен әсер етеді: қызығушылығын оятады, шығармашылық қабілетін дамытады, ақыл-ой өрісін кеңейтеді, тәрбиелік маңызы көп, өзін түсінеді, өзін тани біледі.
Ертегілер оқытылу жолдары [pic]
Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінге балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Ертегілерді оқығаннан кейін, оны бірігіп талдауға ерекше көңіл бөлемін. Бастапқыда мен ертегіге әңгіме өткіземін. Ондағы кейіпкерлердің эмоциясымен және сезімдерімен таныстырамын, одан кейін әр түрлі мінез-құлықтары бар бейнелерді бөліп алуды және олардың біреуінің орынына өздерін қоюды ұсынамын. Ертегідегі кейіпкерлердің суретін салуға, бояуға үйретемін.
Ертегі желісі бойынша салынған суретті қорғау
Балалар ертегі желісі бойынша суреттерге қызығып қарайды. Сондықтан оларға сурет арқылы мазмұнын айтып беру ыңғайлы. Бастапқы кезде балаларға бұл сызба кестелерімен жұмыс істеуді үйрету кезінде төмендегідей жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: «Үйшік», бұл ертегінің мәтінін балалар біледі. Ал, енді оның мазмұнын айту үшін сурет кестесін қолданамыз. Балалар, ертегінің жүйесін шатастырмас үшін, бұл суреттер ретімен қойылады. Балалар суретке қарап отырып, ертегіні айтып береді.
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
Ертегі бойынша қойылымдарды сахналау
[pic]
Балалар театрының бірнеше түрлері бар
Балаларға ертегі оқып ертегідегі кейіпкерлердің мінез құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударамын. Әр түрлі жастағы балабақша топтарында жүргізілетін театр – ойын іскерліктерін дамыту жұмыстарының ерекшіліктері бар. Ертегі эпизодтарын ойнау – балаға басқа кісіге айналуға, кейіпкерлердің көңіл-күйін сезінуге, өз эмоцияларын білдіруді жетілдіруге, мүмкіндік береді.
[pic]
Ертегілерден үзінді жатқа айту
Ертегіні оқып, оның мазмұнын түсіндіріп, оны балалардың өзінен қайта сұрау – балалардың сөздік қорын дамытады, ойлау қабілеттерін аша түседі. Ертегі арқылы баланың ой-қиялы дамиды. Себебі, ертегілер оқу, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен образдарын бейнелеуде сөздерді жатқа айту, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу балалардың ой-өрісі жетілдіреді.
[pic]
Ертегі құрастыру
Балалардың өз бетімен ертегі құрастыруға деген шығармашылық қабілетін дамыту маңызды. Балаға суретке қарап, ертегі құрастыруды ұсынамын. Бала: «Бір бала үйінен шығып орманға барды. Орманда ол түлкіні кездестірді, екеуі ойнады, бала үйіне қайтып келді, ұйықтады» деп айтуы мүмкін. Ол «сиқырлы ертегі» емес, бірақ ол да шығармашылық туынды.
[pic] [pic] [pic] [pic]
Ертегілер еліне саяхат
Ертегі мотиві бойынша шығармашылық жұмыстың балалардың тілін дамытудағы ролі зор : Ертегі талдамасы – 5 жастан бастап балалар естігенін терең өзгерте алады. Ертегі не туралы? Қай кейіпкер бәрінен де ұнады? Неге? Не болды, ал егер ?...деген сияқты сұрақтарға байланысты талқылау әңгімелеуге итермелеуі тиіс.
Балаға таныс ертегіні бірінші немесе үшінші жақтан, немесе тіпті ол сол ертегінің кейіпкерлері болмаса да басқа кісінің атынан әңгімелеуді ұсынуға болады. Мысалы, «Асқабақ» ертегісін немере қызы немесе жалмауыз кемпір қалай айтып беруші еді? Мұндай тәсіл елестету мен бейнелеу қабілетін дамытады, бала өзін басқа адамның орнына қоя алады, ішінен ашылады да өзіне назар аударады.
Тәрбиелік маңызы
Бала түрлі таңғажайып ертегілерді тыңдағанды жақсы көреді. Халық ауыз әдебиеті баланың танымын кеңейтеді, сан ғасырлық таңғажайып алып батырлардың ерліктерін, сырларын түсінеді.Сол ертегілер арқылы батыр, шыншыл, ел қамын ойлайтын, ақылды азаматтар болып өсуге талпынады. Ертегі арқылы халықтың ой-арманы, әдет-ғұрпы, арман-мұраты әңгімеленеді.Табиғат туралы ертегілерден балалар туған елдің табиғатын қорғауға, өсімдіктер мен құстарға қамқорлық жасауды үйренеді.Туған жердің табиғатына, оның байлығына деген сүйіспеншіліктерін арттырады.
[pic]
Қорытынды
Ертегілер құдіретті нәрсе: ұйқыға батқызады, қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді....
Ертегі терапиясы – педагогикалық және психологиялық тапсырмаларды саны мен сапалы жағынан тіпті ең инновациялық технологиялардан кем қалмайтын ғажап психотехника.
Сөздің сонын Елбасымыздың «Егемен еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жас ұрпақты жан-жақты білімді етіп тәрбиелеп жетілдіру басты назарда болуы тиіс» - деген ұғымды ойдан туған сөзімен аяқтай келе, еліміздің ертеңі балаларымыздың болашағы үшін тәрбие мен білімнің сара жолында ізденуде жалықпайық дегім келеді.