Білім беру салалары: Шығармашылық
Бөлімдері: Жапсыру
Тақырыбы: Шалшықтағы торғайлар
Білімділік: Шаршының бұрыштарын қию арқылы дөңгелек жасауды үйрету.
Дамытушылық: Ой-өрісін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелі: Қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:
Көрнекіліктері: Көктем мезгілінің, торғайлар суреті. Үлгі сурет.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болу.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Кішкентай құс,
Құрт-шiркей жеп.
Үй маңынан
Ұзап кетпес құс.
Балалар жұмбақтың жауабы торғай екенін табады.
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу.
Тәрбиеші балаларға көктем мезгілі келгенін еске түсіріп, күннің жылынғанын, қар еріп, шалшықтарға айналғанын әңгімелейді. Ал осы шалшықтарда торғайлар біресе суға жуынып, біресе жерде секіріп-ұшып жүреді.
- осындай көріністі байқағандарың бар ма?
Балалар,сендер білесіңдерме, торғайларда сендер сияқты ойнағылары келеді. Олар шалшыққа түскен күннің бейнесімен ойнайды.
Д\о«Балапандарға ұя жасайық»
:пішіндерден ұя жасап үйрену.
Балалар, біз де торғайды қуантып жіберейік. Олардың шалшықта ойнап жүргендерін бейнелеп берсек қайтеді?
Әдіс-тәсілдері:
Шалшық үшін көк түсті шаршының (10х10) бұрыштарын қайшымен домалақтап қиып жапсыру.
Торғай денесі үшін кішкентай қоңыр түсті шаршыны алып бұрыштарын домалақтап қиып шалшық үстіне жапсыру.
Фломастерлерді алып торғайдың қозғалыстағы басын, тұмсығын, қанатын, аяқтарын салу.
Сергіту сәті:
Тәрбиеші балаларға айтып, қимылдарымен қайталап тұруды ұсынады.
Жапсырған торғайымыздыңы жалғыз іші пыспас үшін қасына тағы дос торғайларын жапсырып, бояп берейік!
Балалар тәрбиешімен бірге көктем келгені, оның ерекшеліктерін айтып әңгімелейді.
Көргендерін айтады.
Балалар қуана келіседі
Шалшық үшін көк түсті шаршының (10х10) бұрыштарын қайшымен домалақтап қиып жапсырады.
Торғай денесі үшін кішкентай қоңыр түсті шаршыны алып бұрыштарын домалақтап қиып шалшық үстіне жапсырады.
Фломастерлерді алып торғайдың қозғалыстағы басын, тұмсығын, қанатын, аяқтарын салады.
Торғай-торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап,
Бөтегісі томпайып,
«шиқ-шиқ» десіп отырады.
Рефлекция (түзету)
Сұрақ-жауап:
-Балалар біз бүгін түсті қағазбен қандай жұмыс жасадық?
-Торғайларымыз шалшықта не істейді екен?
Ал, сендер құстар туралы қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
- бүгін біз шалшықтағы торғайларды жапсырып үйрендік.
- олар шалшыққа тускен күннің бейнесімн ойнайды екен.
«Құсты атпа, өлтірме, ұясын бұзба, балапанына тиіспе»
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Шаршының бұрыштарын қию арқылы дөңгелек жасауды біледі.
Түсінігі бар: Құстар біздің досымыз екенін түсінеді.
Орындай алады: Балалар түсті қағаздардан торғайды жапсыра алады.