Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білімдік сала: «Таным»
Кіші сала: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Су – тіршілік нәрі»
Мақсаты: Өлі табиғаттың бірі – су, оның пайдасы және судың тіршілік үшін маңызын айта отырып, ой - өрістерін, мағлұматтарын кеңейту. Сөздік қорларын, тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Іс-тәжірибе жүргізу арқылы судың қасиетімен таныстыру және зерттеп көз жеткізу. Әсемдікке, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Билингвалдық компоненттер: су – вода; мөлдір – чистый, прозрачный;
1.Шаттық шеңберінде көңіл-күй көтеру сәті. - Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда нені көресіңдер?
- Күннің жарқыраған нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?
- Далаға шыққанда жоғарыдан не көреміз?Ал төменнен не көреміз?
- Ендеше, біз де аспанға, жерге, күнге және оқу – іс әрекетін тамашалауға келген
қонақтарға сәлем беріп, қарсы алайық!
Балалар дөңгеленіп тұрады.
- Күнді, күннің нұрын.
«Алақай!» - деп қуанамыз. (қолдарын шапалақтайды )
Жоғарыдан – күнді, бұлтты, ал төменнен – жерді, суды, шөпті көреміз.
Армысың, Аспан әлемі,
Армысың мейірімді Жер ана,
Армысың менің достарым, Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік.
2 . Мнемотаблицамен жұмыс.
3 . Сұрақ – жауап
-Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Ал, өлі табиғатқа нелер жатады?
4. Сергіту сәті:
Толқиды теңіз – бір,
Толқиды теңіз – екі,
Толқиды теңіз – үш,
Біз жинаймыз күш!
5. (Үнтаспадан судың
сылдыры естіледі)
- Балалар, естимісіңдер ненің дыбысы?
- Әрине, судың сылдыры.
6.Ойын:«Кім көп біледі?»
7 . Су туралы мағлұмат беру
Бүгін біз өлі табиғаттың бірі – су, оның пайдасы мен қасиеттері туралы толығырақ танысып білетін боламыз.
7 . Тәжірибе жасату.
а) Суды ішу арқылы,оның дәмсіз екеніне көз жеткізу.
б) Алдарындағы стаканға құйылған суға қарап,судың түссіз, мөлдір екенін түсіндіру,көз жеткізу.
в) Иіскету арқылы судың иіссіз екенін дәлелдеу.
г) Пішінсіз екеніне көз жеткізу үшін алдарындағы стакандағы суды тәрелкеге құйғызу. Суды қандай ыдысқа құйсақ,сондай пішінге ие болады, өйткені су пішінсіз деп дәлелдеу.
(Тәрбиеші судың күйлері туралы мағлұмат берді)
Су - өсімдіктерге, жануарларға, аңдарға, құстарға, жәндіктерге, адамдарға бәріне өте қажет. Сусыз – тіршілік жоқ. Судың күйі ортамыздағы температураға байланысты. Жылы болса – жаңбыр, ал салқын болса – қарға айналады. Бірақ екеуі де – су. Су ыстықта буға айналады.
- Ал сендер су туралы тақпақ, мақал – мәтел білесіңдер ме?
8 . Ойын : «Кім жылдам?»
9 . Суға байланысты тиым сөздерді айта отырып, мағынасын түсіндірді.
1. Суды бейберекет пайдаланба!
2. Суға қарап түкірме! т .б
10 . Оқу – іс әрекетін қорытындылау.
- Сонымен, балалар,бүгін сендер не туралы танысып білдіңдер? – Судың қандай қасиеттері бар? Ендеше, осы судың адамдарға не үшін қажет екенін кластер арқылы көрсетейік т.б сұрақтар қоя отырып,балалардың білімдерін тиянақтау, бағалау,
мадақтау.
Мнемотаблица бойынша әңгімеледі.
Табиғат - бізді қоршаған орта.
Табиғат екіге бөлінеді. Өлі және тірі табиғат.
Ағаштар, шөптер, құстар, гүлдер.
Құм,тас,мұз,су,қар.
Бойларын сергітті.
Музыканы мұқият тыңдады.
- Судың сылдыры.
Ойын арқылы балалар өздерінің су туралы білімдерін ортаға салды.
Су туралы тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдады.
Тәжірибе жасады.
Суды ішу арқылы оның дәмсіз екенін білді.
Стақандағы судың ішіне тас тастады,нәтижесінде мөлдір, түссіз екенін көрді.
Иіскеп,судың иіссіз екенін айтты.
Суды ыдыстан – ыдысқа құйғанда, оның пішінінің өзгергенін аңғарды, судың пішіні болмайтына көздері жетті.
Оэлун:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Тазалықтың досы,
Су – деген осы.
Ерасыл:
Су – пайдалы адамға, Шынығамен күнде мен.
Тоңбайды аяз – боранда,
Салқын суға үйренген.
Айша:
Көктем күні шуақты, Көктем күні қуатты.
Мал жағалап суатты,
Сай – саламен су ақты.
Жәнібек:
Су – тіршілік көзі.
Гүлсезім:
Сумен жер көгерер.
Валерия:
Сусыз тіршілік жоқ.
Диана:
Су – анасы бұлақ.
Лунара:
Су – тазалық пен денсаулық көзі.
Ойын кезінде балалар судың адамдарға не үшін қажет екенін айтты.
Тиым сөздер,олардың, мағынасын түсіне отырып,
өздері білетін тиым сөздерді айтты.
Балалар қойылған сұрақтарға толық, нақты жауап берді.
Рефлексивті -түзетушілік
Тәрбиеші балаларға көк түсті дөңгелекшелер сыйлады.
Балалар өздері үшін де,өзге үшін де қуанғандарын білдірді. Сыйлық алғандарына қуанып, рахметтерін айтты.
Күтілетін нәтиже:
жаңғыртады: Су,оның қасиеттері мен пайдасы туралы танысып білді.
түсінеді: Кластермен жұмыс жасауға, суды бей-берекет пайдаланбауға, табиғатты қорғауға, қамқор болуға қалыптасты.
қолданады: Топта ұжымдық жұмыс жасауды,өзара бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуды меңгерді.Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланды.