Сауат ашу пәнініің Іі дыбысы және әрпі тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сыныбы: МАДС

Мұғалімі: Мулдашева Умыт Серикбаайкызы

Пәні: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Іі дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1) өткен дыбыстар туралы білімдерін бекіте отырып, жаңа дыбыспен таныстыру; дыбыстың ерекшеліктерімен таныстырып, басқа дыбыстардын ажырата білуге үйрету;

2) дыбыстарды талдау және жинақтау әдістерін үйретіп, әріпті дұрыс айту, дауысты жіне дауыссыз дыбыстарды ажырату, жазу дағдыларын дамыту;

3) балаларды шапшаңдыққа, белсенділікке, ұқыптылыққа, ұжымда жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Типі: жаңа білімді меңгеру.

Әдістері: әңгімелесу, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, талдау- жинақтау, түсіндірмелі-иллюстративті, миға шабуыл.

Көрнекілігі: сөздер, суреттер,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі




Психологиялық дайындық






ІІ. Білімдерін тексеріп бекіту








ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық







ІҮ. Жаңа сабақ.
































Сергіту сәті








Тіл дамыту






Сөз құрау







Дәптермен жұмыс






Сергіту сәті



Ү. Бекіту

Сиқырлы қорапша






ҮІ.Қорытынды.

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Кәне барлығымыз ортаға шеңбер жасап тұрайық.

Бүгінгі сауат ашу сабағында сіздермен Маржан апайларың болады. Енді менің артымнан қайталаңдар.

Армысың, Алтын Күн!

Армысың, Көк аспан!

Армысың Жер-ана!

Армысың, достарым!

Өте жақсы, енді орнымызға отырайық.

Мына сандықты көріп тұрсыңдар ма?

Бұл сұрақтың ішінде бір нәрсе жасырылған. Кәне оны ашамыз ба? Ол үшін біз келесі тапсырмаларды орындаймыз.

  1. Дыбыс дегеніміз не?

  2. Әріп дегеніміз не?

  3. Дауысты дыбыс дегеніміз не?

  4. Қандай дауысты дыбыстарды білесіңдер?

  5. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

  6. Қандай дауыссыз дыбыстарды білесіңдер?

  7. Құрамында төрт дыбысы бар сөздерді айтыңдаршы маған.

Өте жақсы балалар. Дұрыс жауап бердіңдер сондықтан мен сандықты ашамын. Ішінде не бар екен?

Ішінде жұмбақ бар екен. Кәне шешуін табайықшы.

Ұя десе басында,

Ұшақ десе басында,

Тұратұғын қайқайып,

Айтыңдаршы қайсы әріп?

(Ұұ әріпі)

Дұрыс, ендеше бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Ұұ дыбысы және әріпі. Кәнекей барлығымыз «ұ» дыбысын бірге айтып көрейік.

Бұл дыбысты созуға келе ме?

Қалай ойлайсыңдар «ұ» дыбысы қандай әріптер тобына жатады?

Енді тағы да «ұ» деп айтып көрейік. Еріндеріміз қалай тұрады?

Енді «о» деп айтып көрейік. Қандай айырмашылығы бар?

Ия «ұ» деп айтқанымызда ішімізден ауа кедергісіз шығады, ерініміз дөңгеленіп тұрады, шыққан дыбыс ішімізден қысылып шыққандай болады.

Айтыңдаршы дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?

Енді барлығымыз тақтадағы суреттерге назар аударайық. Бірінші суретте не көріп тұрсыңдар? (ұя)

Бұл сөзде «ұ» дыбысы бар ма? Қай жерінде кездеседі?

Ұя сөзін буынға бөліп көрейікші. Ұ-я

Неше буын бар?

Екінші суретте не көріп тұрсыңдар? (ұлу)

Ұлу сөзінде ұ дыбысы бар ма?

Қай жерінде кездеседі? Ұлу сөзін буынға бөлейікші. Ұ-лу

Ұлу сөзі неше буыннан тұрады?

Келесі суретте не көріп тұрсыңдар? Ұшақ сөзінде ұ дыбысы қай жерінде тұр?

Дұрыс яғни ұ дыбы сөздердің басында кездеседі екен. Сонымен қатар ұ дыбысы сөздердің ортасында кездеседі. Мысалы мына суретке қарайық. Не көріп тұрсыңдар? Екі құс отыр. Құс сөзінде ұ дыбысы қай жерінде кездеседі?

Ал жұмыртқа сөзінде ше?

Ал мына суретте бұлан деген жануар тұр. Бұл жануарды білесіңдер ме? Бұл жануар елікке ұқсас келеді. Ол шөппен қоректенеді.

Ұ дыбысы бар тағы қандай сөздер білесіңдер?

Кәне ендеше барлығымыз шеңбер жасап тұрайық. Қазір біз бір ойын ойнаймыз. Мен қазір сөздер айтып, қимылдар көрсетемін сендердің міндеттерін қатедеспей қимылдарды дұрыс орындау. Мысалы, жұмыртқа десем, қолдарыңды дөңгелетіп тұрасыңдар, ал құс десем қанаттарымызды қағамыз, ұшақ дегенде қолдарымызды созамыз. Ұршық дегенде айналамыз. Ал ұя дегенде қолдарымызды ұстап тұрамыз.

Өте жақсы ал енді орнымызға отырайық

Кім маған мына сурет бойынша сөйлем құрап бере алады?

енді мында қараңдар. Ұ дыбысын біз былай бейнелейміз. Бұл ұ дыбысының үлкен әріпі. Неге ұқсайды. Ұ әріпін жазғанымызда алдымен ол жоғарғы сызықтан шығып тұрады, себебі ол үлкен әріп. Ал оның кіншкентай әріпі дөл осындай бірақ ол сызықтан түсіп жазылады және тағы қандай айырмашылығы бар?

Тақтаға назар аударайық. Мына буындарды қосып сөздер жасайық.

Бұ-лақ, Құ-лақ, Ұ-шақ, Құ-шақ

Осы сөздерде ұ дыбысы қай жерінде тұр?

Неше буыннан құралғын. Енді осы сөздерге дыбыстық талдау жасайықшы. Енді балалар, дәптерлерімізді ашып, ұ әріпін жазуды үйренейік.

Бәріміз денемізді тік ұстаймыз, аяғымызды қосып, еденге тигізіп отырамыз. Қолымызға қаламды аламыз. Алдымен ауада жазып үйренеміз. Ал енді барлығымыз жазамыз.

Енді дәптерлерімізді шетке қоя тұрамыз. Кәнне жаңбыр себегенде қандай болады. Ал құйғанда ше, бұршақ қалай жауады. (саусақпен партаның үстінен)

Енді бір ойын ойнаймыз. Ойынымыз бойынша сендер мына дөңгелек қорапшадан өз таңдауларың бойыша бір суретті алып, сол суретте не бейнеленгенін және сол заттың қасиеттері туралы айтасыңдар. Бұл сөздерде ұ дыбысы болса, нешінші буында тұратынын айтасыңдар.

Мұрын, құлақ, жұмыртқа, бұтақ, жұлдыз, ұршық, ұлу, ұя т.б. суреттер.

Өте жақсы балалар, сонымен бүгін қандай дыбыспен таныстық? Ұұ дыбысы қандай дыбыс?

Ұ дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі?

Ұ дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер?

Жұмыртқа сөзін буынға бөліп беріңдер.

Өте жақсы, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңдар!