« Құтты болсын Жаңа жыл!» Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру,шыршаның қалай әдемі де,сәнді безендірілгеніне,балалардың,Аязатаның,Ақшақардың, Жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту,көңілді ойындар ойнату, достық қарым -қатынасын ояту. Қатысушылар:Жүргізуші,Аяз ата,Ақшақар,Жалмауыз кемпір және қызы, Аю,
Қоян, Жаңа жыл,Ескі жыл.
Мереке барысы:
Мерекелік залға балалар қол ұстасып кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар,аяулы тәрбиешілер,ата-аналар! Сәлеметсіздерме,балалар! Сендер бүгін сәнді киініп,әдемі болып кетіпсіңдер.Мына жерге ормандағы аңдарда келіп жетіпті. –Балалар,бүгін қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөз «Балдырған»
мектеп-балабақшасының директоры Ақпентаева Р.З беріледі.
Жүргізуші: Балалар,бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.Келіңдер қол
ұстасып жүріп ән салайық.
Ән «Ақша қар»
Жүргізуші: Балалар ортамызда тұрған әсем не?
Балалар:Шырша !
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі!
Тамаша , тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
( Музыка ойнап тұрады.)
Осы кезде шыршаның артынан қоян секіріп шығады да жан-жағына қарайды,
балаларды көреді.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Балалар,мұнда қандай мереке болып жатыр? Сендер қалай әдемі киініп
келгенсіңдер?
Жүргізуші:Сәлеметсің бе ,қоян?
Бүгін жаңа жыл мерекесі ғой,сен білмедің бе?
Қоян: Алақай,алақа жаңа жыл келді,
Ау,жараңдар,ал қараңдар.
Жауып тұр қар себелеп,
Көкке толды ,жерге қонды.
Сансыз аппақ көбелек-деп әндетіп секіріп жүріп шыршаның жанына
жақындап келіп қарайды.
-Балалар, қараңдаршы!шыршаның астында біреу жатыр.Ол кім болды екен ?
(Аюдың дауысы шығады)
Жүргізуші: (шыршаның жанына келіп)
Қорықпаңдар, балалар!-ол аю ғой.
-Аю қыста не істейді?
Балалар: Ол, қыста ұйықтайды.
-Ал біз болсақ,оған ұйқы бермей мазасын алдық.
Қоян: Аю оян,жаңа жыл мерекесі келіп қалды. (Аю оянғысы келмейді)
Аю сен жаңа жылды көргім келеді деуші едің ғой,енді
тұрсаңшы,ұйқыңды ашып бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойласаңшы.
(Аю орнынан тұрып,керіліп қайтадан жатады)
Жүргізуші:-Балалар,аюды ояту үшін ойын ойнайық.
Ойын: «Аюды ояту» Ойынды екі рет қайталайды.(аю оянады)
Аю: Сәлеметсіңдер ме,балалар, қонақтар.
Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдымда
Ұйқымды ашып,сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп ән салайық.
(қоян мен аю балалармен бірге би билейді)
Би: «Аңдар биі»
Жүргізуші:Мынау келе жатқан кім болды екен?(залға жылқы кіреді)Ескі жылды қарсы алайық!
Жылқы:Шырша тойы құтты болсын ағайын!
Ескі жылың есіркеп,
Жаңа жылың жарылқап.
Елімде болсын жақсылық,
Қоштасамын мен бүгін.
Сіздерді қимас көңілмен,
Келер қой жылының.
Жақсылығы көп болсын,
Ашық болсын аспаның
Аман болсын жас-кәрің.
Жүргізуші:Аяулы да,құрметті жылқы жылы!Сен құтты жыл болдың.Біз ризамыз
Сізге.Біз сізбен қоштаспаймыз,тағы кездесеміз.Сау болыңыз !
Жылқы: Мен сендерге сенемін,ұмытпаймын сау болыңдар!
Балалар: Қош сау,болыңыз!
Жүргізуші:-Балалар,біздің әдемі шыршамыз бар,көңілді аңдарымызда
келді,балаларымызда осында.Енді мерекемізге кімдер жетіспейді?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар
Жүргізуші: Кәне,онда Аяз ата мен Ақшақарды ортамызға шақырайық.Бар
дауыспен айқайлайық.
Балалар:Аяз ата, Ақшақар-деп айтқанда (есік ашылып,сыпырғыштарына мінген
Жалмауыз кемпір мен қызы кіреді)
Ж-з кемпір:Пай-пай!қызым біз қайда келдік өзі.Ойбай мыналардың түрлерін қара!
Неменеге мәз болып, айқайлап жатырсыңдар!
Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетсек бе екен?
(осы кезде мыстан қызымен төменге еңкейіп,шыршаны жұлып алғылары
келіп әуреленіп жатады.)
Жүргізуші: Мыстан кемпір(м-н кемпір оған мән бермейді)
Біз «Жаңа жыл»мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздің
шыршамызға!(Мыстанның қызы бұл сөзге мән бермей) былай дейді.
Ж-ң қызы: Туу!(маңдайындағы терін сүртіп)
Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай,жұлынбайды
ғой өзі.(осы кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да)
Шеше, қарашы! ,мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағана біз ұшып
келе жатқандағы көрген сандықтың кілті болар.Сол сандықта керемет
дәмді иіс шығып еді. Мүмкін ақшада бар шығар ?Шешей, сен жан-
жағыңа қарай тұр. Ал мен бұл кілтті ешкім көрмей тұрғанда
қалтам салып алайын.
Жүргізуші :Мыстан апайлар не істеп тұрсыздар? Сіздер бізбен неге амандаспайсыз-
дар.Әдепті адам ең алдымен амандасатынын білмейсіздер ме?
Ж-з кемпір: Білсек бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті балалар да біледі. Ал,сіздер сияқты үлкен кісілердің
білмегендері тіпті ұят қой. Сіздер өзі қайдан келдіңіздер?.Біз сіздерді
емес, Аяз ата мен Ақшақарды мерекемізге шақырып едік қой.
Ж-з кемпір:Ал,бізді неге шақырмадыңдар.Аяз ата мен Ақшақарларың бәрібір
сендерге келмейді.Өйткені мен ормандағы осында келетін жолдағы
белгіні сиқырлап тастадық,енді олар жолды таба алмайды ха-ха-ха
Жүргізуші: Неге олай істедіңдер?Аяз ата мен Ақшақарсыз мерекеміз қалай өтпек?
Ж-ң қызы : Ә,солай ма екен?
-Сендер бізді мерекелеріңе қалдырсыңдар ма?егер қалдырсаңдар
сиқырымызды жасап, Аяз ата мен Ақшақарға жол көрсететін белгісін
орнына қоямыз.
Жүргізуші : -Балалар,мыстан апаларымызды мерекемізге қалдырамыз ба?
Балалар: Иә,қалдырайық.Бізбен бірге би билеп ,ән салсын.
Ән : « »
Жүргізуші: -Балалар,кәне ендеше тойды жалғастырайық,барлығымыз би билейік.
Би: «Ақшақарлар»
Жүргізуші: Балалар,Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр ғой деймін,шақырайық,қол
соғайық.
Балалар:Аяз ата ,Ақшақар –деп хормен айтады. (Олар залға кіреді )
Аяз ата: Аяулы анларға,ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асаулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан-деп амандасады.
Балалар: Сәлеметсіздер ме?Аяз ата,Ақшақар.
Аяз ата:-Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой.Кәне ,
сиқырлы сөзбен оның шамын жарқыратайық.
Балалар Аяз атамен бірге қосылып «Шамдарыңды жұлдыздай жарқырат» -деп
үш рет айтады.
Шыршының шамы жарқырап жанады.
Жүргізуші:-Ал,енді ,балалар әдемі шыршамызға арнап ән салайық.
Ән : «Шырша жыры»
Жүргізуші: Аяз ата ,енді балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.
( Балалар тақпақтарын айтады.)
Аяз ата балаларға мен бір жұмбақ айтып көрсем қайтеді екен.
Ертегідей орманнан,
Көктей өтіп келеді.
Сұңғақ бойлы,бір сұлу
Табыңдаршы ол кім?
Балалар:Ол Ақшақар!
Ақшақар:-Балалар,мен де сендерге арнап жұмақтар ала келдім .Мен сендерге
айтайын ал, сендер хормен жауап беріңдер.
1.Қарға мүлгін дала тұр,
Келе жатыр (Жаңа жыл !)
2.Қызыл мұрын,ақ мұртты.
Білсең атын тез ата (Аяз ата!)
3.Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын-күлкі таралсын
Құтты болсын (Жаңа жыл!) балалар үш рет айтады.
Жаңа жыл келеді.
Кім десеңдер мен Жаңа Қой жылымын.Менің жылым сендерге үлкен табыс ,
денсаулық, отбасыларыңа бақыт әкелсін.
Аяз ата : Бәрекелді, Жаңа жыл жоғары төрлет!
-Балалар ,Жаңа жылға арналған өнерлерің болса көрсетіңдер!
( Балалар тақпақтарын айтады.)
Ән : « »
Ақшақар: -Балалар ,енді барлығымыз ойын ойнайық «Кім тез пиманы киеді?»
Аяз ата :Ой ,бәрекелді,жарайсыңдар балалар!Аталарыңды
бірқуантып,тастадыңдар.Ақшақар,біздің балаларға арналған сыйлықта –
рымыз қайда ? алып келші!
Ақшақар: Әрине ата міне мына сандықтың ішінде ғой сыйлықтар.
Аяз ата :Сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей
шара жасайды.)
Жүргізуші:Қандай кілтті сұрап тұрсыз?Бағана осы шыршада бір кілт ілініп тұрған
қарап іздеп көрейік. (Балалар іздейді)
Аю мен Қоян: Мен көрдім ,мен көрдім ! –деп (екеуі жарыса сөйлесіп айтады.)
Оны жалмауыз кемпір мен оның қызы алды.
Ж-ң қызы: ( Ештеңе білмегендей келіп )сандықты көріп таптық-таптық ,сандық
міне мында тұр екен ғой-деп(сандықты жұлқылап,ашқылары келеді)
Жүргізуші: Олар бағана осы әдемі шыршамызды алып кеткілері келген.
Аяз ата:Мына ұрлықшылар мында жүр екен ғой. Кәне, кілт қайда?кілтті маған
беріңдер,балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Ж-з кемпір : Ойбай-тағы,не дейді.Сыйлық өзімізге де керек.
Аяз ата:Аһ,бәлем!өздеріңнен көріңдер.Мен сендерді қазір қатырып тастаймын!
Ж-з к ж/е қызы:Кешіріңіздерші бізді, енді біз бұлай жасамайтын боламыз-деп
айтады да (кілтті береді)
Аяз ата: -Балалар,мынау ұрлықшыларды кешіреміз бе?Енді бұлай істеуші
болмаңдар әрқашанда мейірімді болып жүріңдер.
Аяз ата: Жарайсыңдар,балаларым! (балаларға сыйлықтарын таратады)
Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді
көтердіңдер.Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.
Солай емес пе? қызым! Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.
Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерлерін тамаша –
лайық.Аман сау болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді)
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар! 2015-ші жаңа жылға арналған мерекеміз
аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл
құтты болсын,отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!
Бекітемін:
«Балдырған» мектеп-балабақшасының
[pic] [pic] директоры Ақпентаева Р.З.
[pic]
Тақырыбы:
«Құтты болсын Жаңа жыл!»
[pic]
Дайындаған: «Ересек»топтары
2014-2015 ж