Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі. (ашық сабақ) Мектепалды даярлық топ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі.

Сабақтың мақсаты:  1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.

2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.

3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ – жауап, мадақтау,ойын.

Сабақтың көрнекілігі: глобус, слайд – шоу, су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер, түтікше, жұмыртқа, тұз, стақан, қар, мұз.

Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.

Интеграция: Қоршаған орта, тіл дамыту, сурет салу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы.

Шаттық шеңбері: 3 слайд

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

-Тамаша!!

Ал, балалар қазыр жылдың қай мезгілі?

-Қазыр жылдың қыс мезгілі.

-Қыста неше ай бар?

-Қыста үш ай бар.

-Қандай үш ай?

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан

-Қазыр қандай ай?

-Қазыр ақпан айы.

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Қар жауады.

-Керемет. Балалар.

Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

Дәмі де жоқ, түсі жоқ 4 слайд

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

Жауабы: Су. 5 слайд

 Тәрбиешінің кіріспе сөзі:  Дұрыс балалар,әрине су. Ал ендеше бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы «Су тіршілік көзі» екен.

Судың дыбысын тыңдау. 6 слайд

-Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

Судың дыбысын.

Су бізге не үшін қажет?     7 слайд

Суды ішеміз және жуынамыз.

Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз.

Сумен ас әзірлейміз.

Сумен кір тазалаймыз.

Суға адамдар да, жануарлар да шомылады.     

Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет?

(балалар өз ойларын ортаға салады). Жарайсыңдар!

Қалай ойлайсыңдар, мұз, қарды жылы жерге әкелсек не болады? 8 слайд

-Әрине ериді, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде сендермен тәжірбелер жасаймыз. Ендеше соны дәлелдеу үшін 1-тәжірбеміз: ыдыстағы қар мен мұзды оқу іс-әрекетінің соныңна дейін үстелдің үстіне қоямыз.

Видео 9 слайд

-Енді экранға назар аударайық.(видио корсету) су болмаса тіршілік болмайды.

10 слайд

Балалар глобусқа назар аударыңдаршы. Бұл жер шары, назар салып қараңдаршы, жер шарында қандай түс көп екен? (Глобус көрсету.)

Бұл көк түстер – сулар, яғни көлдер, теңіздер, өзендер және мұхиттар. Жер шарының ¾ бөлігін, (яғни 70% ) су алып жатыр. Адам ағзасының 60 – 70% - ы, өсімдіктердің 90%-ы судан тұрады.

Өзен мен көлдерде, теңіздер мен мұхитта нелер тіршілік етеді? (әртүрлі балықтар, өсімдіктер)

Олар сусыз өмір сүре ала ма?

Жоқ.

Дұрыс айтасыңдар. Ендеше тақтаға қарандар. (сызба арқылы түсіндіру) 11 слайд

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жел тұрып бұлттарды көшіреді, бұлт су жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Тәжірбелер. 12 слайд

І.Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? 13 слайд

«Судың иісі жоқ»

Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

(балалар суды иіскеп көреді)

ІІ.Судың пішіні бар ма? «Суда пішіні жоқ» 14 слайд

Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.

ІІІ. Судың дәмі бар ма? «Суда дәм жоқ» 15 слайд

Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)

Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

ІҮ. Судың түсі бар ма? «Су — мөлдір» 16 слайд

Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. (балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)

17слайд

Сонымен қатар суды мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.

Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.

Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету) 18слайд

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? (балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)

Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.

Балалар сендер су туралы мақал – мәтелдерді білесіңдер ме, қане айтыңдаршы? 19 слайд

1. Су анасы – бұлақ,

Сөз анасы – құлақ.

2. Су тіршілік көзі

3. Сумен ойнама – батарсың,

Отпен ойнама – жанарсың.

4. Судыңда сұрауы бар.

5. Судың жолын құм бөгер,

Ердің жолын сұм бөгер.

Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.

Жарайсыңдар балалар су туралы мақал – мәтелдерді біледі екенсіңдер.

Жұмбақтар: 20 слайд

(жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)

1. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. (Су) 21-22 слайд


2. Қыста шыны боп қатады, 23-24 слайд
Жылыда су боп жатады..
(Мұз).

3.Көтеріліп теңізден, аспанға биік барамын. 25-26 слайд

Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың. (жаңбыр)


4.Қыста ғана болады, 27-28 слайд

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

5. Дәміде жоқ, түсі жоқ, 29-30 слайд

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

Су туралы қандай өлең шумақтарын білесіндер. 31 слайд

Жібек: Су тіршілік негізі

Онсыз өмір сүрмейсін,

Гигиена егізі,

Су деп және білесің.

Жансейт: Су- Табиғат байлығы,

Өзен-көлге барасың

Кемі екі рет әр күні

Суға түсіп тұрмайсы.

Жанасыл: Үйде ванна, душ болса,

Салқын сумен жуынса,

Ыстық сумен шомылып,

Суық сумен жуынып.

Санжар: Су сергітер бойыңды,

Онымен дос боласың

Судан кейін сен енді,

Ісіңді оңай жалғайсын.

Азамат: Білген мұны балалар,

Сусыз құрғақ далалар,

Сусыз қараң далалар,

Ескертеміз бар ұлға,

Ескертеміз бар қызға,

Суды босқа ағызба.

Су туралы қандай тыйым сөздерді білеміз? 32-33 cлайд

1.Су ішкен құдыққа түкірме.

2.Түнде суға барма.

3.Түнде судың бетін ашық қалдырма.

4.Өзен, көлдерді ластама.

Балалар суға қоқысты тастауға болмайды, жазда өзенге, көлге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кету керек. Осының бәрін суға тастауға болмайтынын білу керексіңдер.

Ойын. 34 слайд

Жарайсыңдар балалар, ал енді «Күн мен жаңбыр» деген ойынды ойнайық. Ойын шарты: Мен сендерге күн дегенде сендер жүгіресіңдер, серуендейсіңдер, ал жаңбыр дегенде қолшатырдың астына тығыласыңдар жақсы ма?

Балалар «Күн мен жаңбыр» ойынды ойнайды.

Тәрбиеші: Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық. Ал енди мен сендерге бір- екі сыйқыр көрсетейін

Сыйқырлар 35 слайд

I Сыйқыр (фокус) көрсету: (осы сәтте жай ғана музыка ойнап тұрады)

Керек заттар:шикі жұмыртқа, стақан, бірнеше шай қасық тұз.

 36-37 слайд

1.Стақанға таза су құйып, суға шикі       2.Жұмыртқаны стаканнан шығарып

жұмыртқаны саламын.Жұмыртқа           қоя тұрып, стақандағы суға  тұзды

су түбіне батып кетеді Жақсылап ерітемін.

3.Енді жұмыртқаны қайтадан      ♦Тұз судың тұздылығын арттырады. судағы

осы суға саламын. Жұмыртқа       тұздың мөлшері көбейген сайын оның

суға батқан жоқ!(17 слайд)            тығыздылығы күшейіп, ол суға түскен кез

келген зат батып кетпей су бетінде қалқып жүреді.

II Сыйқыр (фокус) көрсету:

Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка)

Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сыйқырлы сөз айтамын (сим салабим!)  ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады. Балалар аң-таң болып қалады…

ІII Сыйқыр (фокус) көрсету:

Банкаға тенге салу.

Сабақты қорытындылау:  Рефлексия 38 слайд

«Бұлтқа қар жапстыру.»

Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші:

Судың иісі, дәмі, түсі бар ма? (жоқ)

Судың қандай қасиеттері бар? (Қатты, бу, сұйық)

Қандай тәжірибе жасадық?

Сусыз өмір сүруге бола ма? (жоқ)

Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз? (ұнемдеу керек)

Қандай ойын ойнадық? (күн мен жаңбыр)

Суды үнемдеу керек пе? (Ия)

Су-түссіз, бояу қосқанда өзгереді.

Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.

Судың пішіні болмайды.

39 слайд

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс – әрекетімізге белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін. Ал енді келген қонақтармен қоштасайық!

Сау болыңдар!



Кульбаева Лаура Әшімқызы,

Таран ауданы

Юбилейное орта мектебі

Мектепалды даярлық тобының

тәрбиешісі