«Б» дыбысы және әрпімен таныстыру»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ересек топ «Құлыншақ»

Білім саласы: « Коммуникация»

Кіші сала: Сауат ашу

Тақырыбы: «Б» дыбысы және әрпімен таныстыру»

Мақсаты: БМ: Б дыбысымен таныстыру, сөздер ойлату және 
ішінен «б» дыбысының қай буында тұрғандығын 
тапқызу, дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.
ДМ: Балалардың ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін 
дамыту.
ТМ: Білімділікке, әдептілікке тәрбиелеу.



Сөздік жұмыс: сөйлем-предложение.

1 Балалар біздің бүгінгі оқу қызметіне келген қонақтармен амандасайық.

Би-би-би                                       

 Кіп-кішкентай сәби

Та-та-та                                   

Отын жарар балта

 Ық-ық-ық                                             

Суда жүзген балық

Ақ-ақ-ақ

Қандай тәтті балмұздақ


1 Балалар оқу қызметіне келген қонақтармен амандасады.

Балалар артикульияциалық жаттығуды тәрбиешімен бірге қайталайды. 2-3 рет жаттығуды орындайды.


Ұйымдастырушылық ізденіс


















Тосын сый: Судың сарыны естіледі.

- Балалар. Мынау ненің дыбысы?

Бақаның бақылдаған дыбысы естіледі.

- Ал балалар, енді ненің дыбысы естілді?

- Балалар бізге бүгін алыстағы көлден бақа да қонаққа келіпті,неге келді екен сұрап көрейікші.(құлағы тосқан болады)

- Балалар бақа бізден бақаның қимылын жасауды,бақа туралы ән айтып беруді өтініп тұр.

Көңіл күйді көтеру кезеңі:

















Тәрбиеші: Өте жақсы айттыңдар, балалар. Бақа өзімен бірге таспа / диск/ алып келіпті. Ішінде не барын білгілерің келе ме ? / интеракт тақта арқылы «Б» дыбсы мен осы әріптен басталатын суреттер көрсетіледі. «Б» дыбысының жазылу үлгісімен танысады/



  - Балалар осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?



- Балалар осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші,не байқадыңдар?

- Балалар б дыбысын айту кезінде еріндерінің бір – біріне тигенін айтады.

- Жаңа дыбысты бір – біріне қарап дыбыстатып айтқызу.

- Б дыбысын созып айтып көрейікші,созып айтуға келе ме?

- Жоқ,б дыбысы созып айтуға келмейді.Б дыбысын Ы дыбысының көмегімен созып айта аламыз.

Тәрбиеші:

- Олай болса б дыбысы қандай дыбыс  екен?

- Дауысты ма,әлде дауыссыз ба?

- Балалар осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші,не байқадыңдар?



- Жаңа дыбысты бір – біріне қарап дыбыстатып айтқызу.

- Б дыбысын созып айтып көрейікші,созып айтуға келе ме?

- Жоқ,б дыбысы созып айтуға келмейді.

Тәрбиеші: Олай болса б дыбысы қандай дыбыс  екен?

- Дауысты ма,әлде дауыссыз ба?

Б дыбысы сөздің ортасында, басында кездеседі.Мысалы; баба, бала, дорба, барабан.




- Олай болса бақаның тағы қандай тапсырмасы бар екенін білейік?

(құлағы тосқан болады)

  1. Тапсырма

Киюзенер таяқшасымен Б әріпін құрастыру.

  1. Игравизормен жұмыс.

Сөз құрамында Б әріпі кездесетін суреттерді қоршау.

3 «Б» дыбысы бар сөздерді буынға бөліп , көк түсті қорапқа Б дыбысы сөздің басында кездесетін, сары түсті қорапқа Б дыбыссы сөз ортасында кездесетін сөздерді салу.

Сергіту сәті: Жануар туралы ән тыңдап қимылдарын салу

4 «Б» дыбысын көк түсті үйге орналастырып, дауыссыз дыбыстардың көк түсті текшемен белгіленетіні жайында түсінік беру. Бақамен қоштасу

Балалар қызығушылық танытады. Таңдана тыңдайды.

-Судың дыбысы.



  • Бұл бақаның дыбысы,- деп қуана, жарыса жауап береді.

















Балалар бақаның жүрәсән салады.

- Бақа,бақа балпақ.

Басың неге жалпақ?

- Темір телпек көп киіп

Басым содан жалпақ

- Бақа,бақа балпақ,

Бұтын неге талтақ?

- Су бетінде көп жүзіп,

Бұтым содан талтақ.



-Иа. Таспаны қосып көргіміз келеді.











  • Б дыбысы сөздің басында тұр.





























- Балалар б дыбысы дауыссыз екенін,ол көк текшемен белгіленетінін айтады.















































Балалар Киюзенер таяқшасын қолдана отырып «Б»дыбысын құрастырады.



Құрамында Б дыбысы бар сөздерді көк түсті маркермен қоршайды.

3 тапсырманы қызыға орындайды

Жануарлар туралы ән тыңдап, қимылдарын салады







Балалар бақамен қоштасады.






Рефлексивті-коррекциялау

Ұйымдасқан оқу қызметін

қорытындылау.

  • Бізге не қонаққа келді

  • Бүгінгі оқу қызметінде не істедік.

  • Б дыбысынан басталатын кандай сөздерді білесіңдер?

Ұйымдасқан оқу қызметіне атсалысқан балаларды мадақтау.





-Бізге қонаққа Бақа келді.

-Б дыбысымен таныстық.

-

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Б дыбысының дауыссыз дыбыс екенін. Созып айтуға келмейтінің.

Түсінеді: Дауыссыз дыбыстардың көк түсті текшемен белгіленетінің.

Қолданады: Тапсырмаларды мұқият орындауды.