Преображенка орта мектебі.КММ
Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: « Менің Отаным Қазақстан »
0 «А» даярлық тобы.
Тәрбиеші: Омаргазина А.О.
2015 оқу жылы.
Тақырыбы: « Менің Отаным Қазақстан » .
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды Отанын сүюге ,еліміздің рәміздерін
қастерлеуге ,бай - қуатты ел екендігін мақтан
етуге үйретіп ,туған еліне ,жеріне деген сүйіспен
шілігін арттырып ,махаббат сезімдерін ояту.
2. Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге ,халқымыз
дың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-
бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған дана
лық сөздері арқылы оқуш-ды ұлтжандылыққа
атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге
патриоттық сезімге тәрбиелеу.
3.Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, мәнерлеп
өлең оқып ,мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Әдісі: Сұрақ- жауап, әңгімелеу,түсіндірмелі,көрнекілік.
Формасы: Тәрбие сағаты.
Тәрбие үрдісі: Азаматтық , патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының рәміздері, қанатты
сөздер, шарлар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы таң ,құрметті ұстаздар ,ата-аналар , кішкентай бүлдіршіндер ?
« Менің Отаным – Қазақстан ! » атты тақырыбында сыныптан тыс іс –шара өткелі отырмыз . Міне қазақ елі тәуелсіздігін алғанына 24 жыл толып отыр. Бұл уақыт ішінде нелер бастан кешіріп, қандай қиындықтар көргеніміз тарихтан мәлім. Ендеше, осы тәуелсіздігіміз баянды болсын! Елімізде бейбітшілік, бірлік орнасын – дей отырып, кішкентай бүлдіршіндерді ортаға шақарамын.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Балалар , біздің Отанымыз қалай аталады екен ?
Қазақстан.
Қазақстан жері қандай ?
Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай .
« Отан » деген сөзді қалай түсінеміз ?
Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған –туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар , Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 мын шақырымға , солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр . Өздерің көргендей картадан біздің еліміз, жерінің кендігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет.
Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы ,теңіздей толқыған егіні , дала толы аң – құсы , таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
Кішкентай бүлдіршіндердің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік құрметіне Отан туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1 оқушы.
Қазақстан – күндей күлген шығыстан ,
Асыл елім, жан жүректен ұғысқан .
Қолың жеткен тәуелсіздік төрінде,
Гүл жайнай бер , Қазақстан . Заңғар.
2 оқушы:
Сүйемін мен Отанымды ,
Гүл жайнаған жерімді .
Сүйемін мен ата- анамды ,
Мені өсірген елімді. Сафина.
3. оқушы.
Отан деген –атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан –ана , Отан –пана.
Қазақстан – туған ел. Мақпал
4. оқушы:
Отанды біз атамен ,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз. Сұнқар.
5 оқушы.
Отанды жас – кәріміз де ,
Тұған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып ,өмір сүреміз. Данель
6 оқушы.
Құтты шаңырақ жерімде ,
Білім алған әкем де .
Осы тілді сөйлеген , Бабам менен атам да. Аян
7 оқушы:
Бауырласып бір туысқан
Ұлттары көп жүзден астам.
Тілі түлеп , діні оралған
Тәуелсіз ел- Қазақстан. Айзере
8 оқушы :
Отан дейміз от жаққан жерімізді ,
Отан дейміз өсірген елімізді .
Отан дейміз тұған жер , атамекен
Биік тау ,орман, тоғай көлімізді. Нұрасыл.
9 оқушы:
Қазақстан – көк байрақты ел едің ,
Сен дегенде лупілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым. Лана.
10 оқушы:
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау , жаңа жол ,жас қаланы .
Отанның шеті де жоқ , шегі де жоқ .
Ол бірақ өз үйіңнен басталады. Мағжан
11. оқушы:
Қойнауы мол кенге тұнған
Кең жайлауы малға толған,
Жер ұйықтай жері дархан
Жаны жомарт елі дархан . Шұғыла
12 оқушы:
Қыран құсым көк аспанда самғасын ,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр !
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын. Амина.
13 оқушы :
Отаным – мәңгі қорғаным ,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан ,
Өзенін, көлін, орманын. Алина
Бәрі : Ол Біздің – Қазақстан !
3. Үнді биі . Жанатбекқызы Лананы қабылалыңыздар.
4. Слайд.
Ту, Елтаңба, Әнұран.
Тудың түсі қандай ?
Тудың ортасында нелер бейнеленген ?
Елтаңбаның ортасында нелер бейнеленген ?
Балалар ,1992 ж 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдыңа Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Біз Егеменді Қазақстанбыз.
Олай болса мен сіздерге Қазақстан Республикасының рәміздері туралы қысқаша мәлімет беріп кетейін.
Бұл Қазақстан Республикасының Туы. Көгілдір түс бейбітшілік белгісі. Тудың ортасында жарқырап шыққан күн бейнеленген. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс. Дала құсы –дарқандылық пен биікке самғау белгісі. Ою- өрнек қазақ халқының салт-дәстүрін ,мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді. Күн ,қыран құс және ұлттық ою-өрнек алтын түспен бейнеленген . Алтын түс молшылықтын белгісі. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
Ал мынау балалар, Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Елтаңба дөңгелек, түсі көк. Ортада шаңырақ ,уықтар бейнеленген . Екі шетін қанатты қос пырақтар көмкерген .Төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Астында «Қазақстан » деген жазуы бар. Елтаңбаның авторлары: Ж. Мәлібеков. Шота Уәлиханов.
Әнұран – жар салу деген мағынаны білдіреді. Әнұран адамға зор рухани әсер ететін күш береді. Әнұранды жас баладан қартқа дейін қосылып айтады.
Әнұранның авторлары, сөзін жазғандар : Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
Әнін жазған: Ш. Қалдаяков.
Ал, ендеше балалар Ту, Елтаңба, Әнұран туралы қандай тақпақтар білесіңдер ?
Кане кім айтады ?
14 оқушы:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт әдемі!
Тұнығындай көңілдің ,
Ортада – аспан әлемі.
Құт, береке – шаңырақ .
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген .
Тәуелсіздік жолында ,
Талай-талай тер тамған
Билігім өз қолыңда . Ақсезім.
15 оқушы.
Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім,сөйле тілім.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным. Сұлтан
5. Үнді биі . Алғазинова Шырынды қабылалыңыздар.
6. Слайд. Мақал- мәтелдің жалғасын табыңдар.
Тәрбиеші: Тұған жерін сүймейтін адам жоқ .
Олай болса ,тұған жер туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер.
Тұған жер – алтын бесік.
Тұған жердің топырағы да ыстық.
Отан –оттан да ыстық.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
7. Қара жорға биі .
Тәрбиеші: Балалар қазір бізге алыстан жолаушы апай келеді екен !
Жолаушы: Тук ,тук. О , мен сіз туралы жаңа ғана балаларға айтып жатыр едім.
Тәрбиеші: Қош келдіңіз. Төрлетіңіз.
Жолаушы: Сәлеметсіңдер ме балалар ! Мен ел- жер аралап жүрген адаммын. Міне , мен де сендердің де ауылдарына да келіп қалдым. Қарап тұрсам , 0 а даярлық тобында « Менің Отаным Қазақстан » атты тәрбие сағаты өтіп жатыр екен. Олай болса , мен сіздерден осы тақырыпқа байланысты . Тақпақтар, өлеңдер, сұрағым келіп тұр.
Ой рахмет !
Өте жақсы жауап бердіңдер.
Сіздер енді өз туған жерлерінді, елінді сүйетінін көрініп тұр. Келгенім жақсы болды . Қазақстан Республикасы туралы мен де көп нәрсе біліп қалдым. Сау болыңыздар. Рахмет сіздерге.
Жолаушы апай сізге рахмет. Біздің камажай биін тамашалаңыз.
8. Камажай биі .
9. Атамекен әні. Байжомартов Мағжанның орындауында.
Жүргізуші:
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деген тілекпен «Менің Отаным – Қазақстан » атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.