«Күзгі орманға саяхат» ойын-сауығы ортаңғы тобы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Жасыл шырша жанында» ертеңгілігі

ІІ- сәбилер тобы


Музыка залы жаңа-жыл мерекесіне әсем безендiрiлген. Ортада шырша орналасқан. 

Жүргізуші: Сәлем, бар адамдарға, 
Аяулы аналарға, 
Ардақты қонақтарға, 
Бүлдіршін балаларға! 
Міне тағы келіп тұр 
Жаңа бір жыл, қонақтар. 
Жадыратып жер үстін, 
Төрімізге ол шықсын. 
Олай болса, ортаға 
Бөбектерімізді шақырайық. 
Балалардың өнеріне шаттанайық, қуанайық! 
Залға көңілді музыканың ырғағымен билеп, балалар кіреді. Екі жартылай шеңберге тұрады.

Жүр: Балалар, Жаңа жылдың сәні не? Қараңдаршы, қандай әсем, көрікті шырша. Әдемі моншақтарын тағып, сіздерді күтуде.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Қане көрікті шыршамызға арналған әнімізге кезек берейік.

«Жаңа жыл» әні орындалады

Жүр: Балалар, бізге біреу келе жатыр ғой деймін. Бізді тез тауып алу үшін, алақандарымызды шапалақтайық.

Әдемі әуен ойналады, залға билеп Ақшақар кіреді.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылмен достарым! Сендер мені таныдыңдар ма? Мен көңілді Ақшақар қызбын! Ән айтып, би билеп, ойнап көңілімді көтергенді жақсы көремін, сондықтан Аяз атамнан да бұрын келіп қалдым.

- Шыршаларың қандай әдемі! Сендерге ұнадыма?

Жүр: Шыршамыз бізге өте ұнады,бірақ шамдары жанса одан да әдемі болатын еді.

Ақшақар: Мен оны істей аламын, балалар сендер маған көмектесесіңдер ме? Қазір шыршамен кішкене сыбырласайын

Шырша, шырша,

Қуаныш жалпыға.

Сүйікті шырша,

Жарқыра, жарқыра!

Жүр: Балалар, енді біздің көмегіміз керек, қолымызді шапалақтап, «Сүйікті шырша, жарқыра, жарқыра!» дейік

(шыршаның шамдары жанады)

«Шырша» әні орындалады

Енді орындықтарға отырып шыршамызды тамашалайық

Ақшақар: Мерекеміз жалғасады,

Ертегі басталады.

Аққала: (шыршаның артына тығылып) мен мындамын!

Ақшақар: Қайда мындасың? (шыршаның артына кетеді)

Аққала: (шыршаның алдына келіп) Мен мындамын!

Ақшақар: Қайдасың? Өзің кімсің? Балалар, бұл кім менен тығылып жүрген?

Аққала: Мен мындамын!

Ақшақар: Жарайды, шықпасаң шықпа, бірақ мен Аққалаға арнап мұрнына жаңа сәбіз әкелгем. Сәбізді қоянға бере саламын

Аққала: (жүгіріп шығады) Тоқта! Тоқта! Мен мындамын. Атым менің Аққала.

Би билеп, ән айтып, ойнағанды жақсы көремін. Айналаның бәрін аппақ, қар жапған, мен қар кесегін жасап әкелдім, атқылап маған тигізіп көріңдер.

«Аққалаға тигіз» ойыны ұйымдастырылады

Жүр: Бір, екі, үш, төрт, бес.

Ойын аяқталды

Аққала: Балалар, мен ыстықтап, еріп барам. Сендер маған көмектесіңдер үрлеп мені суытыңдар.(балалар Аққалаға үрлейді)

Жүр: Аққала саған не болды, ауырып қалдың ба?

Аққала: Еріп барам. Еріп барам. Көмектесіңдер. Қолдарымен бұлғандар.

Жүр: Ақшақар, Аққалаға су әкеліп беру керек.

(Ақшақар ұсақ жылтырлақтар бар бақыр әкеліп, Аққалаға береді)

Аққала: (ішіп) Шөлімді бастым ғой, тағы бір ішіп балалардың үстіне төгіп тастаймын.(Бақырдағы жылтырақтарды балалардың үстіне шашады)

Жүр: Тағы бізді шошытың гой!

Аққала: Мен қалжындадым ғой

Ақшақар: Қалжындадың? Қандай айлакерсің! Ал енді қаш біз сені ұстаймыз.

Аққала: Келістік!

«Аққаланы қуып жет» ойыны ұйымдастырылады

Ақшақар: 1,2,3 Аққала, қаш!

Аққала: Мені қуып жеттіндер, енді сендер қашыңдар. 1,2,3 Аққаладан қашыңдар, ұстатпаңдар

«Аққала бізді қуып жет» ойыны ұйымдастырылады

Ақшақар:Аққала, сен қандай көңілдісің! Бізбен ойнадың. Сол үшін саған сәбіз, ала ғой.

Жүр: Балалар, тыныш, тыңдайықшы, біреу жылаған сияқты.

(шыршаның артынан көңілсіз қоян шығады)

Ақшақар: Қоянжан, саған не болды? Неге жылайсың?

Қоян: Жаңа жыл мерекесі келе жатыр ғой, мен Аяз атаға сыйлық алуға бара жатырмын. Бірақ мен түлкі мен қасқырдан қорқып, қарға тығылып қалдым. Аяз ата маған ешкімнен қорықпау үшін, батылдық сыйласа.

Аққала: Қоян, сен бізден қорықпа, біз саған тимейміз. Бізбен бірге ойнап-күліп көңіліңді көтер. Аяз-ата келеді сыйлық саған да береді.

«Қояндар» биі

Жүргізуші: Аққала, сенде сәбіз бар ғой, қоянмен балалармен ойнайық.

«Кім бірінші сәбізді алады» ойыны ұйымдастырылады

Аққала: Өлең де айттық, би де биледік, көңілді ойнадық та. Ал Аяз ата қайда жүр, неге келмей жатыр?

Ақшақар: Балалар, бәріміз қосылып, Аяз атаны шақырайық. Ата-аналар бізге көмектеседі.

«Бір» дегенде қолдарымызды шапалақтаймыз,

«екі» дегенде аяғымызды топылдатамыз

«Үш» дегенде көңілді шақырамыз

«Аяз ата!» «Аяз ата!» «Аяз ата!»

Аяз ата: Естідім! Естідім! Келе жатырмын! Келе Жатырмын! (Аяз ата кіріп келеді)

Амансыңдар ма, балаларым?

Амансыңба, ұлдарым,

Есесің бе, қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Шаршап келдім алыстан,

Өздеріңе оралдым.

Бар сыйлыгым жоралғым,

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Жүр: Әрине, Аяз ата. Балалар ән де айтады, би де билейді. Қанеки, балалар, «Аяз ата» әнін орындайық

«Сәлеметсің бе, Аяз ата» әні

Аққала: Ал, Аяз ата ұсталдың. Енді бізбен биле.

«Аяқпенен топ-топ» биі

Жүргізуші: Әсем ән де, би де бар,

Отыр ата сәл демал.

Аяз ата біздің арамызда жасыл, қызыл, көк көбелектер бар, олар саған би билегілері келеді.

«Көбелектер» биі

Аққала: Аяз ата сен балалармен ойнаған жоқсың ғой

«Қатырмақ» ойыны ұйымдастырылады

Балалар шеңберге дөңгелене тұрады, жайлы, көңілді әуен ойналады. Балалар қолдарын алға қарай созып, Аяз атаның сиқырлы таяғын күтіп тұрады. Аяз ата таяғын балалардың қолына тигізуге тырысыды. Қолын таяққа тигізіп алған бала тақпақ айтып береді.

Балаларды орындықтарына отырғызып, бәріне кәмпит таратады.

Жүр: Балалар, Аяз ата сендермен ойнады ма? (иә)

Өлең айттыма?

Биледі ме?

Ал нені беруге ұмыттып барады?

Аяз ата: Сыйлықтарды ұмытқам жоқ, орманда жасырып қойғам Қоянжан әкелші. (коян шыршаның артынан қапты сүйретіп әкеледі)

Аяз ата: Жарайсың батыл Қоянжан, ешкімнен қорықанжоқсың ба?

Аяз ата Ақшақар мен қапшықты ашып, балаларға сыйлықтарды көрсетеді. 
Жүргізуші: Рахмет сізге, Аяз ата.

Ақшақар: Ата, біздің жолға шығатын мезгіліміз келді.  

Аяз-ата: Дұрыс айтасың, Ақшақар. Бізді басқа балалар да күтіп қалды. Сау-сәлемет болыңыздар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Кездескенше, балалар! (Аяз ата, Ақшақар, Аққала, Қоян бірге айтады

Жүргізуші: Тiлеймiз біз бар әлемге, 
Дос көп болсын жанашыр! 
Тiлеймiз біз бар адамға, 
Жаңа бақыт, жаңа жыр! 
-Осымен Жаңа жылға арналған ертеңгiлiгiмiз аяқталды. Жаңа жылдарың құтты болсын! Келесi кездескенше, сау болыңыздар!