«Крылов ОМ» КММ
«Қазақ тілін білемін» тақпақтар сайысы
Сыныптан тыс сабақ
Білім облысы:қатынас
Бөлімі: қазақ тілі
Сынып: МАД
Тәрбиеші: Искиндирова Меңдігүл Әлібекқызы
2015-2016 оқу жылы
«Қазақ тілін білемін» тақпақтар сайысы
Мақсаты: Қазақ тілінен білімдерін жетілдіру, өткен тақырыптар бойынша сөздік қорларын бақылап, қарапайым сөйлемдер құрастыру, диалог түрінде әңгімелесу. Сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Халық педагогикасын насихаттай отырып, қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: карточкалар, суреттер.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап
Тәрбиеші: Балалар, алдымен сәлемдесіп алайық.
Армысың, Күн ата!
Армысың, Жер ана!
Армысың, достарым!
Сендерді көріп қуанам!
Тәрбиеші:Балалар, бүгінгі ойын - сауығымыздың тақырыбы «Қазақ тілін білемін».
1 тәрбиеленуші:
Асем
1.Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі.
2 тәрбиеленуші:
Никита
2. Көкөністер бәрі де
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліндер,
Оларды жақсы көріңдер!
3 тәрбиеленуші:
Гаухар
3. Құстар қайтып барады
Өлең айтып барады
Қанаттары тонған соң
Қыстан тайқып барады
- Өте жақсы, жарайсыңдар.
1 - тапсырма. Математикалық әлем.
1. 1 - 10 - ға дейін санау және кері санау.
2. «Көршісін тап» ойыны.
4 тәрбиеленуші:
Даша
4. Алтын сары қызыл көк
Алуан,алуан жапырақ
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
5 тәрбиеленуші:
Даниил С.
5. Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Бақтың іші алаша
Ал аунайық жатып ап
6 тәрбиеленуші:
Ульяна
6. Астық дала сәулеті
Астық Отан дәулеті
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
2 - тапсырма. Отбасы.
«Кім жоқ?» дидактикалық ойын барысында балалар «Мынау кім?» деген сұраққа ( ата, әже, т. б.) жауап береді. Балалар көрсеткен суреттер тақтаға ілінеді. Балалар көзін жұмған кезде бір суретті алып «Кім жоқ?» деген сұраққа балалардан жауап алынады.
Сергіту сәті:
Буратино созылды,
Оңға бұрылды.
Солға бұрылды,
Ақырын-ақырын отырды.
7 тәрбиеленуші:
Даниил
7. Мен алмамын, алмамын
Таңдайда қалар бал дәмім
Мен өрікпін, өрікпін,
Айналаға көрікпін
8 тәрбиеленуші:
Владислав
8. Бөрте лақ
Шөре- шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секеңдеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
9 тәрбиеленуші:
9. Құлыншағым-құндызым Аркаша
Құлыншағым-құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым.
Құстай қанат қағады.
3 - тапсырма. «Бұл не?» деген сұраққа жауап алынады.
10 тәрбиеленуші:
Соня
10. Туған айға қарашы:
Жүзі өткір орақтай.
Жауған қарға қарашы:
Тап-таза парақтай.
11 тәрбиеленуші:
Ольга
11.Ботақаным-бөбегім.
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп
Қарасам, көз тоймайды.
12 тәрбиеленуші:
Лера
12. Әукешім
Әукім-әукім,әукешім!
Қасиыншы әукесін
Енең әне келеді
Ақ мамасын береді.
4 - тапсырма. «Полиглот»
Суреттегі сөздерді орысша - қазақша айту.
Пышақ - нож
Қасық - ложка
Кесе - пиала
Қуыршақ – кукла
Доп – мяч
Аю – медведь
Қоян - заяц
13 тәрбиеленуші:
Денис
13. Қалам
Бар әдемі қаламым
Соны қолға аламын
Жазуды да жазамын
Сурет те саламын.
14 тәрбиеленуші:
Сава
14. Сызғыш
Үшбұрыш та сызады
Төртбұрыш та сызады
Шеңберінді дөңгелек
Төрт бөледі бұзады.
15 тәрбиеленуші:
Руслан
15. Өшіргіш
Қате көрсем өшігіп,
Тастайын деп өшіріп
Өшіргішті алам да
Қараймын кеп тесіліп
16 тәрбиеленуші:
Тарас
16. Өшіргіш
Қателерді өшірем
Дұрыс сөзді көшірем
Тап-таза етіп жазамын
Бітті жұмыс осымен.
Қорытынды
Мұғалім: Міне, балалар осымен біздің ойын - сауығымыз аяқталды. Тапсырмаларды бәрің де дұрыс орындадыңдар. Сендерге түрлі - түсті шарларды сыйлыққа тарту етемін.