Тіл дамыту Үй жануарлары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Технологиялық карта





Білім беру аймағы: Әлеуметтік

Өткізілетін аймағы: Экология

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: 1.Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.

2. Балалардың сөздік қорларын дамыту.

3. Үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ауыл,үй жануарлары суреттері,жүннен жасалған киім түрлері, карточкалар.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ.

Әдіс — тәсілдері: Жұмбақ шешу, өлең оқу, әңгіме, дид-қ ойын, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Балалардың

іс-әрекеті

Қызығушылықты

 арттыру кезеңі

 

 

 

 

1.Сәлемдесу:Арайлап таң атты, Жайнай түсті

даламызҚайырлы таң балалар, Қайырлы таң апайлар!2. Сөзжұмбақ шешу (тақырыпты шешу)- Қандай үй жануарларын білесіңдер?- Неліктен үй жануарлары дейді?- Олардың қандай пайдасы бар?-Қайдан кездестіруге болады?

Орындарынан тұрып, амандасады.Шешуі: Үй жануарлары.Түйе, жылқы, сиы, қой.Адамдардың көмегімен өседі.Сүті, еті, жүні пайдалы.Ауылда

Ұйымдастырушылық, Ізденушілік

Ауылға саяхатқа бару. Жолда көңілді болу үшін ән «Қошақаным» айту 1. Үйге кіру үшін Дананың жұмбақтарын шешейік.  

  1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

«Қошақаным» әнін айтады.Жұмбақ шешеді.Қой. Түйе.

Олар туралы тақпақтарын айтады.

2.Атаның тапсырмасы «Төлдерін тап» ойыны; Балалар өз беттерімен орындап, бір бірін тексереді.3.Сергіту сәті: Атқа жақсы қараймын, Жал құйрығын тараймын.Мініп алып сол атқа,Барып жүрмін қонаққа.4. Ұлжан ана тапсырмасы: «Дастарқан жаю»Ғажайып қаптың ішінен тағам және жүннен тоқылған киім түрлерін алып, олардың қай жануардың өнімінен жасалатынын айту, дастарқанға қою.Барлығының алғысына бөленіп, сыйлығын алып, тобымызға оралайық.Д/О: «Аудармашы» Үй жануарларының орысша, қазақша атау;Д/О: «Кім қалай дыбыстайды?» Лақтар, марғаулар, күшіктер, бұзаулар, қозылар тобы болып бөлінеді. Қай төлдің аты аталады сол топ дауысын келтіреді.Сонымен балалар, олардың дауыстауын былай дейді екен.Жылқы – кісінейді, сиыр – мөңірейді,Қой, ешкі – маңырайды, түйе — боздайды.

Мысық – мияулайды, ит — үреді

Карточкада орындап, тақтадағы жауаптар бойынша бір-бірін тексереді.Тағам, жүннен тоқылған киімдерді атап, олардың қай жануардың өнімі екенін, қымыз, шұбат жайлы айтады, дастарқан жаяды.сиыр – короваТүйе – верблюдЖылқы – лошадьҚой – баран,коза –ешкіБұзаулар — Мө — мө Қозылар — Мә — мә Марғаулар – М-и-я-уе Лақтар  — Мәә – мәә

Күшіктер – аф, аф —         деп дауыстайды.

Қорытындылау



 

—  Қандай үй жануарларын ? Төлдерін білеміз бе ? - Сабақ сендерге қызықты болды ма? Ендеше алдарыңдағы бауырсақтарға көңіл-күй сыйлап, көтеріп көрсетіңдер.

Қой. Түйе. Ешкі. Сұраққа жауап береді Сиыр, Қозы, бота, лақ.